Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 176 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 9 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4861 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз.

      "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу ережесі бекітілсін. 

      2. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандырудың міндетті түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы  Заңы  қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға Қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының 2007 жылғы 25  
маусымдағы N 176 қаулысымен  
 бекітілді            

Бағалау қызметін жүзеге асыруға
лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны
аккредиттеу ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереженің мақсаты үшін Заңда көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу - уәкілетті органның осы Ереженің талаптарымен белгіленген бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаның көлік құралын пайдалану нәтижесінде жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды жүргізу үшін сәйкестігін растауы;
      2) бағалау әдісі - жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян мөлшерінің құнын белгілеу үшін пайдаланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастыру-техникалық сипаттағы іс-қимыл жиынтығы;
      3) нормасағат - көлік құралын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерге бағаны қалыптастыру үшін пайдаланылатын көрсеткіш;
      4) бағалау тәсілі - бір немесе бірнеше әдістерді пайдалану арқылы жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян мөлшерінің құнын белгілеу әдісі;
      5) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.

      2. Осы Ереже " Көлік құралдары иелерінің  азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі және " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды  мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді және бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу тәртібін айқындайды.

  2-тарау. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      3. Аккредиттеуден өту үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ереженің  1-қосымшасына  (жеке тұлғалар үшін) сәйкес немесе  2-қосымшасына  (заңды тұлғалар үшін) сәйкес өтініш;
      2) бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі;
      3) жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян мөлшерін бағалау әдістері мен тәсілдері басқа мәліметтермен бірге мамандандырылған көліктік қызмет көрсету станцияларында көлік құралын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетуге бір нормасағаттың құнының өзгеруін көздейді:
      Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде шығарылған автомобильдер үшін бағалауды жүзеге асыру күніне тиісінше қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 1 айлық есептік көрсеткіштен бастап 1,5 айлық есептік көрсеткішке дейін;
      шетелдік өндірістен шығарылған автомобильдер үшін бағалауды жүзеге асыру күніне, тиісінше қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 2 айлық есептік көрсеткіштен бастап 4 айлық есептік көрсеткішке дейін;
      4) жеке кәсіпкер үшін - жеке кәсіпкер есебінде өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      5) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері;
      6) өтініш берушінің салық органында есепке қойылғаны туралы куәліктің көшірмесі;
      7) осы Ереженің  3-қосымшасына  сәйкес (заңды тұлғалар үшін) штатта бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар екі қызметкерлерден кем емес болуы туралы мәліметтер.

      4. Аккредиттеуден өткізу тәртібінде мынадай кезеңдер бар:
      1) аккредиттеуден өту үшін ұсынылған құжаттарды қарау;
      2) аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылдау;
      3) аккредиттеу туралы куәлікті немесе себептерді негіздеу арқылы аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді беру.

      6. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы шешімді немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылдау мерзімі өтінішті берген күннен бастап, отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

      7. Уәкілетті органда аккредиттеуден өту үшін бас тартуға негіз мыналар болып табылады:
      1) осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
      2) ұсынылған құжаттардағы шынайы емес немесе толық емес мәліметтердің болуы.

      8. Аккредиттеу туралы куәлік осы Ереженің  4-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша беріледі, қолданылу мерзімі шектеусіз және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

      9. Аккредиттеу туралы куәлік өтініш берушіге не оның уәкілетті өкіліне қол қою арқылы беріледі не өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырыс хатпен жіберіледі.

      10. Аккредиттеу туралы куәлік ажыратылмайтын және басқа тұлғаларға берілмейтін болып табылады.

      11. Аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда, тәуелсіз сарапшы тиісінше өтінішті берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның телнұсқасын алады.

      12. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын уәкілетті орган мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
      1) аккредиттеуге ұсынылған құжаттарда шынайы емес немесе бұрмаланған деректердің табылуы;
      2) бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру;
      3) бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын бұзу.
      Куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұрмалаушылықтар жойылған жағдайда, оның қолданылуы уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның шешімі негізінде қайтадан жаңартылады.

      13. Аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын мынадай жағдайларда тоқтатады:
      1) бағалау қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтаса;
      2) заңды тұлғаны қайта ұйымдастырса немесе таратса, жеке кәсіпкерлік банкрот болса;
      3) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын ерікті тоқтату туралы өтінішті ұсынса;
      4) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын уәкілетті орган тоқтата тұрған себептерді жоймаса.

      14. Уәкілетті орган тегін, атын, бар болса - әкесінің атын, тұрғылықты орнын (жеке тұлға үшін), атауын, орналасқан орнын, бірінші басшының тегін, атын, бар болса - әкесінің атын (заңды тұлға үшін), бағалау қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияны берген күнін және нөмірін, аккредиттеу туралы куәлікті берген күнін  және нөмірін, қайта ресімдеуін, тоқтатыла тұруын, тоқтатылуын, бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар тәуелсіз сарапшы - заңды тұлғаның қызметкерлері туралы деректерді көрсете отырып, тәуелсіз сарапшылар тізілімін жүргізеді.

      15. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда, заңды тұлға осындай өзгеріс болған күннен бастап, бір ай мерзімде уәкілетті органға жаңа қызметкерлердің тізімін растаушы құжаттардың  қосымшасымен бірге ұсынады.

      16. Аккредиттеу туралы куәлік жеке тұлғаның тегі немесе аты өзгерген немесе әкесінің аты не заңды тұлғаның атауы не оның орналасқан орны өзгерген жағдайда қайта ресімдеуге жатады. Өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін өзгерген күннен бастап он күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың қосымшасымен бірге аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтінішті береді.

      17. Аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы, аккредиттеуден бас тарту туралы, аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру, жаңарту, қайта рәсімдеу, тоқтату туралы шешімді уәкілетті органның бірінші басшысы не оны ауыстыратын тұлға қабылдайды.
      Аккредиттеу туралы куәлік, аккредиттеуден бас тарту немесе аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру, жаңарту, тоқтату туралы шешім өтініш берушіге уәкілетті орган тиісінше шешімді қабылдаған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.

                                   Бағалау қызметін жүзеге асыруға
                                      лицензиясы бар жеке немесе 
                                       заңды тұлғаны аккредиттеу
                                          ережесіне 1-қосымша

            Аккредиттеуден өту үшін өтініш
                    (жеке тұлға үшін)
____________________________________________________________________
             (уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________
             (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)
____________________________________________________________________
                   (тұрғылықты орны)
мені көлік құралын пайдалану нәтижесінде жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу үшін тәуелсіз сарапшы ретінде аккредиттеуді өтінемін.

      Қосымша (жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дананың және парақтың саны көрсетілсін):____________________
____________________________________________________________________

________________
 Күні, қолы.

                                   Бағалау қызметін жүзеге асыруға
                                      лицензиясы бар жеке немесе 
                                       заңды тұлғаны аккредиттеу
                                          ережесіне 2-қосымша

              Аккредиттеуден өту үшін өтініш
                    (заңды тұлға үшін)
____________________________________________________________________
             (уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________
             (заңды тұлғаның толық атауы)

Мені көлік құралын пайдалану нәтижесінде жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу үшін тәуелсіз сарапшы ретінде аккредиттеуді өтінемін.

1. Заңды тұлғаның орналасқан орны және деректемелері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

2 . Банк шотының нөмірі ____________________________________________
____________________________________________________________________

3. Филиалдар, өкілдіктер туралы мәліметтер (орналасқан орны, деректемелер):______________________________________________________

Қосымша (жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дананың және парақтың саны көрсетілсін):____________________________
____________________________________________________________________

Бірінші басшы (лауазымы)____________________________________________
                        (Тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) 
____________  ____________
   (қолы)        (күні)

                                   Бағалау қызметін жүзеге асыруға
                                      лицензиясы бар жеке немесе 
                                       заңды тұлғаны аккредиттеу
                                          ережесіне 3-қосымша

   Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға
          қызметкерлерінің құрамы туралы мәліметтер
        _____________________________________________
                   (заңды тұлғаның атауы)

N

Қызметкердің тегі, аты, бар болса-әкесінің аты

Бағалау қызметін жүзеге асыруға берген лицензияны алу нөмірі және күні

Білімінің болуы

Жұмыс стажы

1.

  

  

  

  

  

  

  

  

  

                                    Бағалау қызметін жүзеге асыруға
                                      лицензиясы бар жеке немесе
                                      заңды тұлғаны аккредиттеу
                                       ережесінің 4-қосымшасы

                    Аккредиттеу туралы N куәлік

Осы куәлік
___________________________________________________________________
    (жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты/заңды тұлғаның
атауы)______________________________________________________________
__________________________________________________________ берілді,
(жеке тұлғаның тұрғылықты орны/заңды тұлғаның орналасқан орны)

және көлік құралын пайдалану нәтижесінде жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян мөлшерін бағалау жүргізуге құқық береді.

Негіздеме: 200_жылғы "____"_____________ N______.

Осы аккредиттеу туралы куәлік мерзімсіз және Қазақстан
Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Төраға _____________________________

Куәлікті беру күні 20___ жылғы "___"____________

Қала _________