Атқару өндірісінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, атқару өндірісі органдарының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының
4, 4-1-тармақтарын басшылыққа алып,
БҰЙЫРАМЫН
:
1. "Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруді есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69
Бұйрығына
(әрі қарай - Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3999 санымен тіркелген, "Мемлекеттік мекемелердің қызметтерін тексеруін есепке алу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 Бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 20 қарашадағы N 68 Бұйрығы Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4473 санымен тіркелген), келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді есепке алу жөніндегі Нұсқаулықта:
5-тармақтың 4-тармақшасында "қылмыстық ізге түсу органдарында тергеу және анықтау, жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында" деген сөзден кейін "және атқару өндірісінде" деген сөзбен толықтырылсын.