РҚАО-ның ескертуі. Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Банктік бірегейлендіру кодын тағайындау және банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған банктің корреспонденттік шотын жүргізуге байланысты мәселелерді реттеу тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37
қаулысына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 754 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1274 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерге өзгерістерді бекіту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 355, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1744 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 542, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1888 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 13 мамырдағы N 172, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2489 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 253-254 (23553) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2003 жылғы 11 тамыздағы N 293, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3173 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2004 жылғы 6 қарашадағы N 274 (23909) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктердiң, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттiк қатынастар орнату жөнiндегi ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1771 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиринг ұйымдарының-банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2001 жылғы 8 қазандағы N 383 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 136, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3993 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4407 тіркелген, 2006 жылғы 19 қазанда "Заң газеті" газетінің N 185 (991) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 74 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерінде:
5-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) банктік бірегейлендіру коды - ақша аудару не төлеу туралы нұсқауды ұсынған кезде банкті немесе ұйымды бірегейлендіру үшін оларға Ұлттық Банк берген банктің немесе ұйымның сандық белгісі;
3) нұсқау - шарттың және заңның талабына сәйкес ақша аудару не төлеу туралы жіберушінің алушы банкке ұсынатын бұйрығы. Нұсқаулар тапсырма нысанында не талаптар нысанында жасалады.";
мынадай мазмұндағы 8-3-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-3-1. Ұлттық Банк банктің ұйымдарына және филиалдарына корреспонденттік шот ашпай-ақ банктік бірегейлендіру кодын тағайындауға құқылы. Банктік бірегейлендіру кодын тағайындау Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігінің, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері және статистикалық карточканың көшірмесі қоса берілген жазбаша өтініш негізінде жүргізіледі. Ұйым осы тармақта көзделген құжаттардан басқа, банктің ұйымға корреспонденттік шот ашуға және оның банктік бірегейлендіру кодымен төлемдерді және ақша аударымын жүзеге асыруға келісімі туралы хатты Ұлттық Банкке ұсынады.";
37-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37-3. Ақша жіберуші акцептеген төлемдік талап-тапсырмалар, сондай-ақ орындалу мерзімі уақытша тоқтатылған акцептеуді талап етпейтін төлемдік талап-тапсырмалар банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімшеде сақталады және баланстан тыс шотта есептеледі.
Осы төлем құжаттары баланстан тыс шотқа кіріске алынған кезде банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше келесі жұмыс күнінен кешіктірмей нұсқауды жіберушіге (бастамашыға) және уақытша әкімшілікке (уақытша басқарушыға) тиісті хабарлама жібереді.";
37-5-тармақта және одан әрі мәтін бойынша "жүйеден тыс есепте", "жүйеден тыс есептен" деген сөздер "баланстан тыс шотта", "баланстан тыс шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын;
37-8-тармақта "береді" деген сөзден кейін "және баланстан тыс шоттан есептен шығарылады" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-2-тараумен толықтырылсын:
"3-2-тарау. Банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған банктің корреспонденттік шотын жүргізу тәртібі
37-9. Ұлттық Банк уәкілетті органнан банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешімді алған кезде банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға және банкке түскен ақшаны есептеуге байланысты жағдайларды қоспағанда, банктің корреспонденттік шоты бойынша Орталықтың төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылатын шығыс операцияларын тоқтатады. Картотекаға орналастырылған, оның ішінде ішінара орындалған төлем құжаттарының орындалуы тоқтатылады.
37-10. Уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) Ұлттық Банкке уәкілетті органның уақытша басқарма тағайындау туралы шешімінің көшірмесін және оны тағайындаған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде банктің атынан құжаттарға қол қоюға құқығы бар лауазымды тұлғалардың қол қою үлгілері және мөрдің бедері бар құжаттарды тапсырады.
37-11. Банктің корреспонденттік шотына ақша жіберушінің акцептеуін талап ететін төлемдік талап-тапсырмалар ұсынылған кезде банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше төлемдік талап-тапсырманы алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей акцептеу үшін уақытша әкімшілікке (уақытша басқарушыға) береді.
37-12. Акцептелген төлемдік талап-тапсырмалар және банктің бұрын қабылданған міндеттемелері бойынша акцептеуді талап етпейтін төлемдік талап-тапсырмалар банктің ұстауға арналған уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушының) қызметін қамтамасыз етуге байланысты шығыстарына байланысты, төлемдік талап-тапсырмаларды қоспағанда, орындалмайды және баланстан тыс шотта есептеледі.
37-13. Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше корреспонденттік шотқа ұсынған инкассалық өкімдер орындалмайды және баланстан тыс шотта есептеледі.
37-14. Төлем құжаттары баланстан тыс шотта есепке алынған кезде банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше келесі жұмыс күнінен кешіктірмей нұсқауды жіберушіге (бастамашыға) тиісті хабарлама жібереді. Банктердің корреспонденттік шоттарын жүргізетін бөлімше ай сайын уақытша әкімшілікке (уақытша басқарушыға) банктің корреспонденттік шотына ұсынылған, есепке алынған төлем құжаттары туралы мәліметтер ұсынады.
37-15. Уәкілетті орган соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі бойынша тарату комиссиясын тағайындаған кезде картотекадағы және баланстан тыс шоттағы төлем құжаттары қабылдау - өткізу актісі бойынша тарату комиссиясына өткізіледі және бір мезгілде тиісті баланстан тыс шоттардан есептен шығарылады.".
2. Осы қаулы 2007 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін он үшінші абзацтан бастап қоса алғанда жиырма бірінші абзацтарды қоспағанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.