Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз.
Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі
N 249
қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2462 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қаңтардағы
N 15
қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3483 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесінде :
7-тармақ ", егер тараптардың келісімдері бойынша шартта осындай индексация көзделген жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін анықтаған кезде сақтандыру ұйымының істі жүргізу шығыстары әрбір сақтандыру төлемінің 3 пайызынан астам еместі қосқанда сақтандыру сыйақысының мөлшерінен 3 пайыздан астам еместі құрайды.";
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.