"Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары және мамандары лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 113 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 4 шілдедегі N 134 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2007 жылғы 21 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4822 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарын нақтылау мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары және мамандары лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 113  бұйрығына (Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2948 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 13 қыркүйектегі N 204 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесі:
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Әуежайдың (авиакомпанияның) АҚҚ әкімшілік бөлімшесі:
      1) әкімшілік бөлімшесінің бастығы;
      2) әкімшілік бөлімшесінің бас маманы (маманы);
      3) әкімшілік бөлімшесінің аға инспекторы (инспекторы).".
 

        2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

       Төраға