Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз.
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының
32-бабының
11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Агенттік Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы
N 55
қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4139 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55 қаулысына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы
N 159
қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4400 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылғы 24 қазанда N 187 (1167) жарияланған) енгізілген толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
кіріспедегі "26-бап" деген сөз бен цифрдан кейін ", 32-баптың 11-тармағы" деген сөз бен цифрмен толықтырылсын;
1-тармақта:
жетінші абзацтағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасындағы еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құрған (бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін
қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Бөбеев М.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.