БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 168
(Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 69 бұйрығымен - Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3662 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 1 бұйрығымен - Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4039 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы N 118 бұйрығымен - Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4353 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 77 бұйрығымен - Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4684 болып тіркелген) бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3310 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
110 "Жалақы" сыныпшада:
114 "Әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы органдары және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары" ерекшелігінің "Атауы" деген бағанындағы "Әскери" деген сөз "Соттардың, әскери" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Анықтама" деген бағанда:
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Жинақтауыш зейнетақы қорына судьяның ай сайынғы кірісінің 10 % мөлшерінде қосымша зейнетақы жарналары.".