Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.""Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 71-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізімінде N 3515 нөмірімен тіркелген,""Ресми газетте" 2005 жылғы 30 сәуірдегі N 18 (227) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесінде:
4 тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) құзыретті орган - салалық министрлік және (немесе) ведомство, ал су шаруашылығы жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін бір облыстың аумағында көрсететін және (немесе) кәріз жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін - жергілікті атқарушы органдар, ал екі немесе одан да көп облыстар аумағында су шаруашылығы жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті орган - табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
7-тармақтағы""мөрімен" деген сөздерден кейін""және қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен" деген сөздермен толықтырылсын;
8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ұсынылған қаржылық құжаттарға Субъектінің бастығы, бас бухгалтері, немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қоюға және субъектінің мөрімен расталуға тиіс.
9. Уәкілетті орган, егер:
1) Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға алып келген жағдайларда;
2) тиісті тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелес рынок жағдайына экономикалық ақталған өтуін ұстап тұруға алып келген жағдайларда;
3) Субъект Ереженің 23, 25, 26, 30-тармақтарында көрсетілген құжаттарды және 27-29-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді бермеген жағдайда өтінішті қабылдамайды.
10. Уәкілетті орган Субъектімен мәмілелер жасаудан, егер:
1) мәміле жасау Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) арттыруға;
2) мәміле жасау технологиялық жүйеге үзіліссіз байланысты бұзуға;
3) мәміле жасау ұсынылатын реттелетін қызметтерді (өндірілетін тауарларды, жұмыстарды) үзуге немесе олардың көлемдерін едәуір төмендетуге;
4) мәміле жасау тұтынушылармен жасалған шарттарды бұзуға;
5) осы Ереженің 6-8-тармақтарында көзделген талаптарды Субъект сақтамаған кезде;
6) акциялары (үлестері) сатып алынатын тұлғаның қызметі Субъекті үшін рұқсат етілгенін растайтын уәкілетті органның құжатында көрсетілген тұлғаның атауы өтініште көрсетілген атауына сәйкес келмеуіне алып келсе, бас тартады.
Өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға өтініш беруші сот тәртібімен шағымдана алады.";
11 және 14 тармақтар алынып тасталсын;
23-тармақта:
6) тармақшадағы""көрсетілген" деген сөзден кейін ", Субъектінің барлық мүлкінің баланстық құнынан, процентте, барлығы" деген сөздермен толықтырылсын;
8) және 9) тармақшалар алынып тасталсын;
25-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т. Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға |