Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 57 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4780 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       РҚАО-ның ескертуі. Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиялау мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерін "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкаралық клиринг жүргізуге лицензия беру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 16 маусымдағы  N 273 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1212 тіркелген; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2796 тіркелген "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1212 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында клирингті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 16 маусымдағы N 273 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 27 ақпандағы N 27, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3847 тіркелген, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 93 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы";

      1-тармақта "және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкаралық клиринг жүргізуге лицензия беру" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкаралық клиринг жүргізуге лицензия беру ережесінде:

      Ереженің аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру ережесі";

      1-тармақта ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкаралық клиринг жүргізуге лицензия беру тәртібін" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Ережеде "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) банкаралық клирингке қатысушылар - клирингтік ұйымның банкаралық клирингте өңделетін төлем құжаттарын жіберетін және/немесе алатын клирингтік ұйыммен банкаралық клирингке қатысуға шарт жасасқан екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банк) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - ұйым). Клирингтік ұйым сондай-ақ банкаралық клирингтің қатысушысы бола алады;
      2) екіжақты кредиттік шектеу - клиринг қатысушысының пайдасына жіберілген төлем құжаттарының сомасын ескере отырып, осы банкаралық клиринг қатысушысының клиригтің басқа қатысушысынан қабылдап алуға келіскен төлем құжаттарының ең көп сомасын клирингтің қатысушысы клирингтің әрбір қатысушысы үшін белгілеген кездегі тәуекелдерді басқару әдісі;
      3) есеп айырысу ұйымы - банкаралық ақша аудару жүйесінің операторы болып табылатын және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым. Есеп айырысу ұйымы клиринг ұйымының функциясын атқара алады;
      4) клирингтік ұйым - банкаралық клирингті жүзеге асыратын және банкаралық ақша аудару жүйесін пайдаланушы мәртебесі бар банк немесе ұйым;
      5) көпжақты дебеттік шектеу - тәуекелдерді басқару әдісі, мұнда банкаралық клирингке қатысушының әрқайсысы үшін ең көп дебеттік таза позицияға шектеу белгіленеді;
      6) мониторинг - операциялық күн ішінде банкаралық клирингке қатысушылардан банкаралық клирингке түскен төлем құжаттарын банкаралық клирингке қатысушылардың өз міндеттемелерін орындамау мүмкіндігін анықтау мақсатында бақылап отыру;
      7) резерв (сақтандыру) қоры - тәуекелдерді басқару әдісі, мұнда банкаралық клирингке қатысушылар клиринг ұйымы мен банкаралық клиринг қатысушылары арасында жасалған шарттарға сәйкес ақшаны резервке алады;
      8) таза позиция - банкаралық клирингтің барлық қатысушыларының банкаралық клирингтің бір қатысушысына қатысты ақша міндеттемелері бойынша төлем құжаттары сомасының және банкаралық клирингтің осы қатысушысының банкаралық клирингтің басқа да қатысушыларына қатысты ақша міндеттемелері бойынша төлем құжаттары сомасының арасындағы әртүрлілік. Егер айырмашылық - теріс сан болса, онда банкаралық клирингке қатысушының дебеттік таза позициясы болады, егер - оң болса, кредиттік таза позиция болады.
      9) тәуекелдерді басқару әдістері - банкаралық клирингке қатысушылардың клиринг ұйымының және есеп айырысу ұйымының банкаралық клирингті жүзеге асыру және/немесе банкаралық клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымы жөніндегі өз міндеттемелерін орындамау ықтималдығын азайтуға арналған жан-жақты іс-шаралар;
      10) шығындарды бөлу - тәуекелдерді басқару әдісі, мұнда банкаралық клирингке қатысушылар ақша аударымын жүзеге асыру үшін ақша сомасы жетпейтін банкаралық клирингке қатысушыларға олардың дебеттік таза позицияларына сәйкес заем береді.";

      2-тарау алынып тасталсын;

      25-тармақтың бірінші абзацында "Ұлттық Банктің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      40-1 - 40-5-тармақтар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның төлем карточкаларын шығаруға арналған лицензиясын алуға арналған қорытынды беруі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі  N 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3161 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы  N 93 қаулысына қосымшаның 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3847 тіркелген);
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төлем карточкаларын шығаруға лицензия беру, беруден бас тарту, тоқтата тұру және қайтарып алу туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 122 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 2 мамырдағы  N 34 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4246 тіркелген;).

      3. Осы қаулы 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы