"Азаматтық авиацияның әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және басқару орталықтарын пайдалануға және күтіп-ұстауға және диспетчерлердің еңбек жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 15 мамырдағы N 307 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4760 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына, 17-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Азаматтық авиацияның әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және басқару орталықтарын пайдалануға және күтіп-ұстауға және диспетчерлердің еңбек жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мухамеджанов Ж.М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрі
_______________С. Ахметов
2007 жылғы "__"__________

                                        Қазақстан Республикасы
                                   Денсаулық сақтау министрінің м.а.
                                    2007 жылғы 15 мамырдағы N 307
                                        бұйрығымен бекітілген

"Азаматтық авиацияның әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және басқару орталықтарын пайдалану мен күтіп-ұстауға және диспетчерлердің еңбек жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары 1. Жалпы бөлім

      1. "Азаматтық авиацияның әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және басқару орталықтарын пайдалану мен күтіп-ұстауға және диспетчерлердің еңбек жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережесі мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) азаматтық авиацияның әуе қозғалыстарын басқару және ұйымдастыру орталықтарының (бұдан әрі - орталықтар) үй-жайларын пайдалану мен күтіп-ұстауға және диспетчерлердің еңбек жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді және меншік нысанына қарамастан, қызметі орталықтардың үй-жайларын күтіп-ұстау мен пайдалануға байланысты заңды және жеке тұлғаларға арналған.

2. Орталықтарды күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      2. Орталықтардың ғимараттары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3792 болып тіркелген "Өндірістік объектілерді жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 334 бұйрығының (бұдан әрі - N 334 бұйрық) талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      3. Орталықтарды салуға, қайта жаңартуға және пайдалануға беруге N 334 бұйрыққа және осы санитарлық ереженің талаптарына сәйкес қорытынды болғанда ғана рұқсат етіледі.

      4. Орталықтың үй-жайлары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3073 болып тіркелген "Коммуналды гигиена және жасөспірімдер мен балалар гигиенасы жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамызда N 631 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - N 631 бұйрық) "Дербес компьютерлерді, бейнетерминалдарды пайдалануға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      5. Үй-жайлар жылыту, сыртқа тарату желдеткіш жүйелерімен немесе ауа баптау жүйесімен жабдықталуы тиіс. Үй-жайдың ішін әрлендіру жұмыстары, желдеткіш жүйесінің ауа тартқышы, сондай-ақ сүзгілері үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдар қолданылуы тиіс. Нитробояуларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      6. Орталықтардың үй-жайларындағы зиянды химиялық заттардың мөлшері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3789 болып тіркелген "Өндірістік үй-жайлардағы ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 шілдедегі N 355 бұйрығының талаптарына сәйкес ластайтын заттардың рұқсат етілген деңгейінен артпауы тиіс.

      7. Үй-жайлардағы терезе жақтаулары жұмыс орнына күн сәулесінің тікелей түсуін болдырмау және жарық мөлшерін реттеу үшін реттелетін құрылғылармен (жалюзбен) жабдықталуы тиіс.

      8. Үй-жайлардың ішін әрлендіру үшін дауыс бәсеңдететін материалдар пайдаланылуы тиіс. Үй-жайларда дыбыс оқшаулау қолданыстағы гигиеналық нормативтердің талаптарына жауап береді.

      9. Үй-жайлардағы еденнің беті тегіс, жабыспайтын материалдан жасалып, ылғалды жинау және тазалау үшін ыңғайлы болуы тиіс.

      10. Орталықтарда жұмыс орнынан 75 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан психологиялық демалу бөлмесі болуы тиіс. Бөлмеде киім ауыстыруға арналған кіре-беріс болуы тиіс. Бөлме шулы үй-жайларға жақын орналасқан жағдайда кіре беріс дыбыс өткізбейтін екі есікті тамбур түрінде болуы тиіс. Психологиялық демалу бөлмесінің жалпы ауданы 20 м 2 кем болмауы тиіс.

      11. Психологиялық демалу бөлмесі демалуға арналған шынтақ қоятыны бар жұмсақ кресломен және ауа үрленген кресломен жабдықталуы тиіс. Бөлме эстетикалы безендірілген, терезелер автоматты жылжымалы пердемен жабдықталуы және жиналмалы киноэкран, жарықты бір қалыппен реттейтін құрал, қабырғаға ілетін пассивті ауыспалы слайд, айна, аквариум болуы тиіс.

      12. Психологиялық демалу бөлмесінде 10 лк - 200 лк дейінгі жарықтың өзгерісін реттейтін құрама жарық болуы тиіс.

      13. Психологиялық демалу бөлмесінде шудың фондық деңгейі 60 дБА артпауы тиіс. Ауа температурасы 18-22 0 С шегінде болып, ауа алмасу кондиционердің көмегімен іске асырылады.

3. Диспетчерлердің еңбек жағдайларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      14. Диспетчердің жұмыс орны N 631 бұйрықтың талаптарына сәйкес болуы, отырып жұмыс істеуге ыңғайлы мүмкіндікті қамтамасыз етуі тиіс.

      15. Диспетчердің бір жұмыс орнының ауданы 6 шаршы метрден кем болмауы тиіс.

      16. Жұмыс үстелі бетінің (пульттың) биіктігі 680-800 миллиметрді (бұдан әрі - мм) құрауы және реттелуі тиіс. Үстелдің ені 1200 (1600) мм-ден кем емес, тереңдігі - 800 (1000) мм-ден кем емес болуы тиіс. Жұмыс столында аяқ қоятын кеңістіктің биіктігі 600 мм-ден кем емес, ені - 500 мм-ден кем емес, тізе деңгейіндегі тереңдік - 450 мм-ден кем емес және аяқты созу деңгейінің тереңдігі - 650 мм-ден кем емес болуы тиіс.

      17. Технологиялық жабдықтарды қолмен басқару құрылғысы мотор өрісі аймағына жеңіл қол жететіндей болуы тиіс: биіктігі бойынша - 900-1300 мм, тереңдігі бойынша - 400-500 мм.

      18. Диспетчер креслосын құрастыру және қаптау материалдары мықты, отқа төзімді, уытсыз болуы тиіс.

      19. Орындықтың, арқалықтың, шынтақ қоятын жердің, бас сүйейтін жердің жабыны жұмсақ, су өткізбейтін, электрленбейтін, ауа өткізбейтін материалдан жасалуы тиіс.

      20. Жұмыс креслосы көтерілуі-айналуы және биіктігі, орындық және арқалыққа иілу бұрышы бойынша, сондай-ақ орындықтың алдыңғы жағынан арқалық қашықтыққа реттелуі тиіс. Кресло қалпының әр параметрін реттеу еркін, жеңіл орындалуы және сенімді бекітілген болуы тиіс.

      21. Аяқ қоюға арналған тұғырықтың беті бұдырлы, алдыңғы шетінің қайырылу биіктігі 10 мм, биіктігі бойынша 150 мм шамасында және тіреуіш бетінің иілу бұрышы 20 0 шамасында реттелуі тиіс. Аяқ қоюға арналған тұғырықтың тіреуіш бетінің ені 300 мм-ден кем емес, тереңдігі - 400 мм-ден кем емес болуы тиіс.

      22. Диспетчерлерге арналған жұмыс үй-жайларын табиғи жарықтандыру жарық беретін жақтаулары есебінен жүзеге асырылуы және 1,2-1,5% (бұдан әрі - %) кем емес табиғи жарықтандырудың коэффициентін қамтамасыз етуі тиіс.

      23. Диспетчерлік үй-жайлар жасанды жарықтандыру жалпы біркелкі немесе құрама жарық жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс. Үстел (пульт) бетінің жарығы 300-500 люксті (бұдан әрі - лк) құрауы, бейнемонитор экраны (радиолокатор индикаторы) экраны - 200 лк-тен артық болмауы; клавиатура - 400 лк; негізгі өткізгіш едені - 10 лк болуы тиіс.

      24. Құжаттарға жарық түсіру үшін жергілікті шамдарды орнатуға рұқсат етіледі. Жергілікті шамдар экранның бетіне көмескі түсірмеуі және экранға 300 лк астам жарықты күшейтуі және 40 0 кем емес қорғаныш бұрышы арқылы шағылысатын жарық сәулесін түсірмейтіндей болуы тиіс. Газразрядты шамнан түсетін жарық түсу коэффициентінің мөлшері 5% аспауы тиіс.

      25. Диспетчердің жұмыс орындарындағы жылдың салқын мезгілінде ауа температурасы +22-24 Цельсий (бұдан әрі - 0 С), жылдың жылы мезгілінде 23-25 0 С, салыстырмалы ылғалдылық - 40-60%, ауа қозғалысының жылдамдығы - секундына 0,1 метрден артық болмауы тиіс.

      26. Диспетчерлердің жұмыс орындарындағы дыбыстың деңгейі жұмыс орындарында 50 дециелден (бұдан әрі - дБА) артпауы тиіс.

      27. Экраннан 0,05 м қашықтықтағы кез келген нүктеге рентгеннің әлсіз сәулесінің экспозициялық мөлшерінің қуаттылығы және реттеуші құрылғылардың кез келген қалыптағы бейнемонитор корпусының мықтылығы сағатына 0,1 микро Зиверттен аспауы тиіс.

      28. Жұмыс орындардағы электромагниттік өріс, электростатикалық өріс кернеулігінің шамамен рұқсат етілген деңгейі (бұдан әрі - ШРД) осы санитарлық ережеге 1-қосымшаға сәйкес болуы, радиожиілік диапазонының электромагниттік сәулесінің деңгейі осы санитарлық ережеге 2 және 3-қосымшаларға сәйкес болуы тиіс.

      29. Әуе кемесін басқару бойынша диспетчерлер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3207 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының Азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 қазандағы N 748 бұйрығына , сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3481 болып тіркелген "Ауысым алдында медициналық қаралуды талап ететін кәсіптердің тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы N 48 бұйрығына сәйкес оқуға түсерде және жұмысқа қабылданар алдында міндетті алдын ала қаралудан өтуі тиіс.

                             "Азаматтық авиацияның әуе қозғалыстарын
                              ұйымдастыру және басқару орталықтарын
                              пайдалану мен күтіп-ұстауға және
                              диспетчерлердің еңбек жағдайларына
                              қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
                              талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық
                              ережесі мен нормаларына 1-қосымша

         Электростатистикалық және электромагниттік
           өрістің шамамен рұқсат етілген деңгейі

Параметрлердің атауы

Шектеулі мәндер

ВДТ мониторынан және клавиатурадан
электростатикалық өрістің кернеулігі

метріне 20 килоВольт

ВДТ мониторынан 50 см қашықтықтағы
электростатикалық өрістің кернеулігі:
- 2кГЦ жиілік диапазонынан -
- 2кГЦ-400 кГц жиілік диапазонынан
аспауы тиіс.


  метріне 25 Вольт
метріне 2,5 Вольт

ВДТ мониторынан 50 см қашықтықтағы
магниттік өрістің кернеулігі:
- 5ГЦ - 2кГЦ жиілік диапазонынан -
- 2кГЦ - 400 кГц жиілік диапазонынан
аспауы тиіс


  250 нано Тесель
25 нано Тесель

ВДТ беткі электростатикалық
әлеуеттік (сертификаттық сынау
кезінде)

500 Вольт

Клавиатурадан және ВДТ тінтуіштен
өнеркәсіптік жиіліктің
лектростатикалық өріс кернеулігі
(50Гц)

500 Вольт

                             "Азаматтық авиацияның әуе қозғалыстарын
                              ұйымдастыру және басқару орталықтарын
                              пайдалану мен күтіп-ұстауға және
                              диспетчерлердің еңбек жағдайларына
                              қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
                              талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық
                              ережесі мен нормаларына 2-қосымша

   30 кГц - 300 МГц жиілік диапазонындағы электрлі және магнитті
             кернеуліктің шамамен рұқсат етілген деңгейлері

Әсердің ұзақтығы, сағатпен

Электр өрісінің
кернеулігі Е пду, В/м

Магнитті өрістің
кернеулігі Н.пду, А/м

0,03-3
МГц

3-30
МГц

30-300
МГц

0,03-3
МГц

3-50 МГц

12 және одан артық

29

17

6

3

0,2

11

30

18

6

3

0,2

10

32

19

6

3

0,2

9

33

20

7

3

0,2

8

35

21

7

4

0,2

7

38

22

7

4

0,2

6

41

23

8

4

0,2

5

45

24

9

5

0,3

4

50

25

10

5

0,3

3

58

26

12

6

0,3

2

71

27

14

7

0,4

1

100

28

20

10

0,6

0,5

141

84

28

14

0,8

0,3

183

108

37

18

1,1

0,2

224

132

45

22

1,3

0,08 және одан кем

354

209

71

35

2,1

                             "Азаматтық авиацияның әуе қозғалыстарын
                              ұйымдастыру және басқару орталықтарын
                              пайдалану мен күтіп-ұстауға және
                              диспетчерлердің еңбек жағдайларына
                              қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
                              талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық
                              ережесі мен нормаларына 3-қосымша

     300 МГц ден 300ГГц жиілік диапазондағы жоғары энергия ағыны
              тығыздығының шамамен рұқсат етілген деңгейі

Әсердің
ұзақтығы, сағат

Айналмалы және
сканерлеуші
антенналардың
жағдайлары үшін
электромагнитті
энергия ағыны
тығыздығының
шамамен рұқсат
етілген мәні,
мкВТ/см 2

Айналмалы және сканерлеуші
антенналардың сәулелерін
қоспағанда, әсердің барлық
жағдайлары үшін
электромагнитті энергия
ағысы тығыздығының шамамен
рұқсат етілген мәні,
мкВТ/см 2

12 және одан артық

83

8,3

11

91

10

100

10,0

9

111

11,1

8

125

12,5

7

143

14,3

6

167

16,7

5

200

20,0

4

250

25,0

3

333

33,3

2

500

50,0

1 және одан кем

1000

100,0