"Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Заңға сәйкес және қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіздігін декларациялауды ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының "Өнеркәсіптік объектінің қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесін және Өнеркәсіптік объектінің қауiпсiздiк декларациясына сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы N 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестрінде N 1593 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Н.Қ. Бижановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2007 жылғы 29 мамырдағы
N 88 бұйрығымен
бекітілген
Өнеркәсіптік қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін әзірленген және кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға және өздерінің құрамында өнеркәсіптік қауіпсіздігі міндетті түрде декларациялауға жататын объектілері бар басқа да заңды тұлғаларға (бұдан әрі - ұйымдар) таратылады.
2. Объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялау техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-шараларының тиімділігін және жеткіліктілігін бағалау, қауіпсіздік шараларын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
3. Осы Ережелерде "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 314 Заңға сәйкес көзделген терминдер мен анықтамалар қолданылады, сондай-ақ:
Объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін декларациялау (бұдан әрi - қауіпсіздік декларациясы) өнеркәсіптік объектідегі қауіптің сипаты мен ауқымы, техногендік төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдар жасау әзірлігі және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әзірленген іс-шаралары бейнеленген құжат болып табылады.
4. Қауiпсiздiк декларациясы жобаланатын, пайдаланудағы және пайдаланудан шығарылатын өнеркәсіптік объектiлері үшін әзiрленедi. Қауiпсiздiк декларациясы өнеркәсіптік өндірісті пайдалануға беру және пайдаланудан шығару кезеңдерінде сипатталады.
2-тарау. Қауiпсiздiк декларацияларын әзірлеу, бекіту, сараптама жасау және тіркеу
5. Қауiпсiздiк декларациясын өздерінің құрамында өндірістік қауіпсіздігі міндетті түрде декларациялауға жататын объектілері бар немесе осындай объектінің жобасына тапсырыс беруші болатын (бұдан әрі - декларант), дербес немесе шарт негізінде тартылған арнайы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге аттестатталған ұйымдар жүзеге асырады.
6. Қауіпсіздік декларациясы екi данада мемлекеттік, ресми тілдерде және электронды түрде рәсімделеді, ұйымның бірінші басшысы, сондай-ақ жобаланған өндірістік объектілер үшін жобаның тапсырыс берушісі бекітеді. Қауіпсіздік декларациясын бекіткен адам декларациядағы мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.
7. Бекітілген қауіпсіздік декларациясы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне сараптамадан өткізуге жіберіледі. Қауіпсіздік декларациясы баспа кітапша және электронды түрде ұсынылады. Сараптама қорытындысы бойынша заңнамамен белгіленген мерзімде декларантқа сараптаманың қорытындысы беріледі, ал ескерту болған жағдайда қауіпсіздік декларациясы қайта әзірлеуге жіберіледі.
Декларант алынған ескертпелермен келіспеген жағдайда көтерілген мәселе бойынша өзінің көзқарасын негізге ала отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе сотқа шағымдалуға құқылы.
8. Сараптамадан өткен қауіпсіздік декларациясы екi тілде және электронды түрде сараптама қорытындысымен бірге уәкілетті органға тіркелуге жіберіледі.
Уәкілетті орган қауіпсіздік декларациясына тіркеу нөмірін береді, олар барлық даналарының титулдық беттеріне қойылады.
Бекітілген қауіпсіздік декларациясының бiрінші данасы декларацияны бекіткен ұйымда, электронды нұсқасы уәкілетті органда, екінші данасы және электронды нұсқасы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде сақталады.
9. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсіптік қауіпсіздігінің міндетті түрде декларациялауға жататын өнеркәсіптік объектілер туралы компьютерлік мәліметтер банкін жүргізеді, декларациялау рәсімінің орындалу барысын талдайды.
3-тарау. Қауіпсіздік декларациясын қайта қарау
10. Қауіпсіздік декларациясы қайта қарауға жатады:
өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар (өнеркәсіптік объектілердің ішкі және одан тысқары) өзгерген жағдайда, аса қауіпті өндірістерді немесе өнеркәсіптік объектілерді қайта жаңғырту немесе өзгерту жағдайын қоса алғанда;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы талаптардың (ережелер мен нормалар) өзгерген жағдайда;
уәкілетті органның шешімі бойынша тәртіпте және мерзімде, осы шешімдермен қабылданған өзгерістер енгізгенде;
кем дегенде бес жылда бір рет.
Қауіпсіздік декларациясы қайта қаралған жағдайда көрсетілген негіз бойынша өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздігін декларациялауға қайтадан сараптама жүргізіледі.