"Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) 2006 жылғы 28 маусымдағы N 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі(Қаржы полициясы) төрағасының 2007 жылғы 1 маусымдағы N 96 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 18 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4747 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) мәселелері" 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 1557 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі -Агенттік) туралы ереженің 17-тармағының 5) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы" Агенттіктің 2006 жылғы 28 маусымдағы  N 108 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4334 болып тіркелген, 2006 жылғы 31 қазанда "Юридическая газета" газетінің N 190 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесінде:

      3-тармақта "аумақтық приципін ескере отырып" деген сөздер алынып тасталсын;

      4-тармақта "органдары" деген сөзден кейін ", сонымен қатар Академия" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-тармақта "төрт" деген сөз алынып тасталсын;

      18-тармақта "50 құрайды, соның ішінде негізгі пән бойынша 7 баллдан кем болмау керек" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелерінде анықталған баллдарға сәйкес болады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      23-тармақта "аумақтық органдарының кадрларына және тілдік бөлімшелеріне қажеттілік есебімен" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға