"Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 123 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4736 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса берілген осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы  "Лицензиялау туралы"  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
      1) Заң департаментімен (М.Б.Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

      5. Агенттіктің халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2007 жылғы 30 сәуірдегі   
N 123 қаулысына      
1-қосымша     

  Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесі

      Осы Ереже  "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң),  "Бағалы қағаздар рыногы туралы"  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң),  "Лицензиялау туралы"  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Лицензиялау туралы Заң) сәйкес әзірленген және жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру тәртібін айқындайды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялаудың талаптары мен тәртібін белгілейді (бұдан әрі - лицензия).

  1-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру тәртібі

      1. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат алу үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға арналған өтінішті;
      2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттарды төрт данада (түпнұсқа және нотариатта куәландырылған үш көшірме);
      3) осы Ереженің 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалған құрылтайшылар (заңды және жеке тұлғалар) туралы мәліметтерді, оған мынадай құжаттарды қоса береді (құрылтайшы заңды тұлғалар үшін):
      соңғы екі қаржы жыл бойынша және соңғы тоқсанның аяғындағы құрылтайшының қаржылық есебін;
      соңғы аяқталған қаржы жылындағы құрылтайшының қаржылық есебін тексеру нәтижелері туралы аудиторлық есепті;
      құрылтайшылардың бағалы қағаз ұстаушыларының тізілім жүйесінен уәкілетті органға рұқсат алуға құжаттарды берген күннің алдындағы күні оның дауыс беретін акцияларының бес және одан астам пайызына ие болған тұлғалар көрсетілген үзіндіні;
      жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшының шешімінің) көшірмесін;
      4) қызметінің стратегиясын, қызметінің бағыты мен масштабын, қаржы перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кірістер мен шығыстар шоты, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары) ашып көрсететін жинақтаушы зейнетақы қордың бизнес-жоспарын;
      5) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңының  40-бабының  және Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы  N 157 қаулысының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген) талаптарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерінің лауазымына ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын.

      2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы сипаттарына келетін тұлға уәкілетті органға осы қордың ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге рұқсат алу үшін осы Ереженің 1-тармағында аталған құжаттармен бірге бір уақытта Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның  36-1-бабында  көзделген құжаттарды ұсынады.

      3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар тапсырылады:
      1) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес Нысан бойынша рұқсат алуға арналған өтініш;
      2) құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің (жалғыз акционер шешімінің) көшірмесі;
      3) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың төрт данасы (түпнұсқа және нотариатта куәландырылған үш көшірме).

      4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының барлық құрылтай құжаттарының, оның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың титул беттерінің оң жақтағы жоғарғы бұрышында мынадай тұжырым: "Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі рұқсат еткен. Төраға (Төрағаның орынбасары) 20___жылғы_______________" болуы тиіс.
      Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі. Құжаттардың бір данасы жинақтаушы зейнетақы қорының заңды ісіне тігіледі. Қалған даналар өтініш берушіге әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге қайтарылады.

      5. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорын, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсат береді.

      6. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін екі апта мерзімде жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттардың, сондай-ақ тіркеген әділет органының мөрімен құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды нотариатта куәландырылған көшірмелерін уәкілетті органға береді.

      7. Жинақтаушы зейнетақы қорын ашуға берілген рұқсаттың уәкілетті орган оны жинақтаушы зейнетақы қорына берген күннен бастап алты ай ішінде заңды күші бар.

      8. Жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру құқығына лицензия бергенде немесе сот жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағанда, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша рұқсатты қайтарып алған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорын ашуға рұқсатты жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға қайтаруға тиіс.

      9. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге берілген рұқсатты мынадай жағдайларда:
      1) рұқсат беруге негіз болған мәліметтер шынайы емес болғанда;
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде тіркелген заңды тұлға зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алғанға дейінгі мерзімде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асырғанда;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге берілген рұқсаттың қолданыс мерзімі өткенде қайтарып алады.

      10. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беруден мынадай жағдайларда:
      1) осы Ереженің 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген толық емес құжаттар пакетін ұсынғанда;
      2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенде;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлері) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңда белгіленген жарғылық капиталын төлеудің талаптары мен тәртібін бұзғанда;
      4) соңғы екі аяқталған қаржы жылы жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшысының (заңды тұлғаның) шығынды қызметінде;
      5) құрылатын жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері лауазымына Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның  40-бабының 3-тармағының талаптарына кандидаттар сәйкес келмегенде;
      6) уәкілетті орган Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның  36-2-бабында  көрсетілген негіздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартқанда;
      7) құрылтайшы - жеке тұлғаларда экономикалық қызмет саласындағы қылмыстары үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекетті қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы басқа қылмыстары үшін заңда белгіленген тәртіпте алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болғанда;
      8) құрылтайшы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымының лицензиясын қайтарып алу, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан астам емес мерзімде бас бухгалтері лауазымында болғанда жазбаша нысанда бас тартады.

      11. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты ұсынған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ өтінішті алған күннен бастап алты айдан асырмай қарайды.

      12. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды осы Ережеде көзделген толық пакет құжаттарын ұсынған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.

  2-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиялаудың
жалпы шарттары

      13. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына осы Ереженің 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді.

      14. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына осы Ереженің 7-қосымшасында белгіленген нысан бойынша зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия береді.

      15. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде қарайды.

      16. Уәкілетті орган лицензияны беруден бас тартуды Лицензиялау туралы Заңның  45-бабымен  көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді. Жинақтаушы зейнетақы қорына лицензияны беруден бас тартқанда, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

      17. Лицензияны қайта ресімдеу Лицензиялау туралы Заңда көзделген негіздемелер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.

      18. Лицензия жинақтаушы зейнетақы қорының басқармасының бірінші басшысына не сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.

  3-тарау. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру тәртібі

      19. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін уәкілетті органға Лицензиялау туралы Заңның  42-бабының  2-тармағының 2), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды:
      1) осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес лицензия беру туралы өтінішті;
      2) акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесін;
      3) "Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталы туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 96   қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2252 тіркелген) белгіленген жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшерін төлегенін растайтын төлем құжаттарының (төлем тапсырмасы, кассалық кіріс ордері) көшірмесін;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережесін екі данада (ереженің бір данасы келісілгендігі туралы белгісі бар лицензияны берген кезде қайтарылады);
      5) активтері инвестициялық басқаруда болатын жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан Республикасының барлық аумағында он бес мыңнан кем емес тиражымен таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланған инвестициялау объектісінің тізбесін, мақсатын, стратегиясын, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің талаптарын және шектеулерін, хеджирлеу және әртараптандырудың талаптарын айқындайтын жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорының есеп саясатын;
      7) есепке алумен және құжат айналымымен қамтамасыз етуге бақылау жасау тәртібін өзіне жатқызатын жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне ішкі бақылау ережесін;
      8) жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдық құрылымын;
      9) үй-жайдың, ұйымдық техниканың, телекоммуникациялық жабдықтың бар екендігін растайтын құжаттарды;
      10) осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпарат жүйесін құруға және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды;
      11) бухгалтерлік баланс, кіріс және шығыс туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, бағалы қағаздардың бастапқы рыногында сатып алынған (аталған талап Қазақстан Республикасы Үкіметі жағынан акционерлерге таралмайды) жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларына төлем жасауға ақша енгізудің алдындағы соңғы айдың аяғына жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға - акционерлерінің капиталындағы қозғалысы туралы есепті ұсынады.

      20. Осы Ереженің 19-тармағында атап көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың артқы жағында өтініш берушінің мөрімен куәландырылған түрде, ішінара жапсырма қағаздың үстінде тігіс түйінінде желімделіп, тігілген парақтар санын көрсете отырып беріледі. Құжаттардың берілген көшірмелерінің дұрыстығы осындай құжаттарға қол қою құқығы бар өтініш иесі лауазымды тұлғаның қойылған қолымен және өтініш иесі мөрінің бедерімен расталады.

      21. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беруге негіз болған Лицензиялау туралы Заңның  42-бабының  2-тармағының 2), 5) тармақшаларында және осы Ереженің 19-тармағының 4)-8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға тіркеуден өткен өзгерістер мен толықтыруларды алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде осы өзгерістер мен толықтыруларды ұсынады.

  4-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорына бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен талаптары

      22. Жинақтаушы зейнетақы қоры Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның  51-бабында  көзделген бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш береді.

      23. Жинақтаушы зейнетақы қорына бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алудың талаптары мыналар болып табылады:
      1) уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қоры үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берген күн алдындағы үш жүйелі күнтізбелік айдан кем емес кезеңде сақтауы;
      2) уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорына бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны алуға өтініш берген күн алдындағы үш жүйелі айдан кем емес кезеңде қолданылған санкцияларының болмауы.

      24. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті органның лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры үшін бағалы қағаздар рыногындағы қызметтің қосымша түрін жүзеге асыру үшін лицензияны алу шарттары болып мыналар табылады:
      1) уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қоры үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш берген күн алдындағы үш жүйелі күнтізбелік айдан кем емес кезеңде сақтауы;
      2) уәкілетті органның бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерді лицензия беру туралы өтініш берген күн алдындағы үш жүйелі күнтізбелік айдан кем емес кезеңде сақтауы және бағалы қағаздар рыногында қосымша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін өтініш берген күн алдындағы үш жүйелі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты санкцияның болмауы.

      25. Жинақтаушы зейнетақы қоры бағалы қағаздар рыногындағы қызметтің екі түрін жүзеге асыруға лицензиялар алған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қоры сонымен қоса Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңның  55-бабының  талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      26. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға Лицензиялау туралы Заңның  42-бабының  2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құжатты, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті;
      2) бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (осындайлар болған жағдайда) тізімін және сондай филиалдар туралы ережелердің нотариатта куәландырылған көшірмелерін;
      3) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2, 3-қосымшаларына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді (қаржылық қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаларға - жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары туралы мәліметтер);
      4) қызметкерлердің фамилиясы, аты және болған жағдайда әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штаттық кестенің көшірмесін;
      5) бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру бойынша міндет жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережені;
      6) ішкі аудит қызметі туралы ережені;
      7) құрамы туралы мәліметтерді (зейнетақы активтерін басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміттенетін жинақтаушы зейнетақы қорына) қоса отырып, инвестициялық комитет туралы ережені;
      8) жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және өзге де құрал-жабдыққа қойылатын талаптарды орындағанын растайтын құжаттарды;
      9) жинақтаушы зейнетақы қорының бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу мақсатын, қызметтің негізгі бағыттарын және өтініш беруші бағдарға алған рыноктың сегментін, қызмет көрсету түрлерін, маркетинг жоспарын, жинақтаушы зейнетақы қорының кәсіби қызметімен байланысты тәуекелдер мен оларды азайту тәсілдерін, қаржылық перспективаларын (есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық (операциялық жылға) кірістер мен шығыстардың есебі), еңбек ресурстарын тарту жоспарын ашатын бизнес-жоспарды.

      27. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы Ереженің 23-26-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды қарамастан қайтарады.

  5-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру не тоқтату

      28. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру не тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      29. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не тоқтату туралы уәкілетті органның шешімі орындалу үшін жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.

      30. Лицензиясы тоқта тұрылған жинақтаушы зейнетақы қоры ай сайын әр айдың оныншы күнінен кешіктірмей (лицензияның қолданылуы жаңартылғанша не тоқтата тұру мерзімі аяқталғанша) уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры өткізген шаралар жөнінде хабардар етеді.

      31. Жинақтаушы зейнетақы қорының өтініші негізіндегі зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға және (немесе) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға (оның ішінде лицензиядан операциялардың және (немесе) қызметтің жекелеген түрлерін алып тастауды) жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясын ерікті түрде қайтаруы осы қызмет түрлері бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры барлық міндеттемелерін орындағаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
      Лицензияны ерікті қайтарғаны жөніндегі ақпаратты жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға қайтарған күнге дейінгі алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға лицензияны ерікті қайтарғанда, ұсыныспен бірге осы тармақта көрсетілген шараларды орындағанын растайтын хатты береді.

  6-тарау. Қорытынды ереже

      32. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіп бойынша шешілуге жатады.

                              Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың
                                құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
                                 толықтыруларды әділет органдарында
                                  мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру,
                                   сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
                                   қорларының зейнетақы жарналарын
                                   тарту және зейнетақы төлемдерін
                                       жүзеге асыру мен бағалы
                                    қағаздар рыногындағы қызметті
                                   жүзеге асыру жөніндегі қызметін
                                   лицензиялау ережесіне 1-қосымша

          Жинақтаушы зейнетақы қорын әділет органдарында
              мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру туралы
                              өтініш

____________________________________________________________________
(өтініш берушінің фамилиясы, аты, бар болғанда - әкесінің аты және
құрылтайшылар атынан осы өтінішті беруге өтініш берушінің
өкілеттілігін растайтын нотариатта куәландырылған құжатқа сілтеме)
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің жұмыс орны және оның лауазымы, тұрғылықты жері)
 
жинақтаушы зейнетақы қорын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге
рұқсат беру туралы өтініш беруге құқығы бар уәкілетті тұлға
құрылтай жиналысының________жылғы "__" N____ шешіміне (хаттамасына)
сәйкес
____________________________________________________________________
      (құрылатын жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы және
                      орналасқан жері)
 
әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беруді сұрайды.
      Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың шынайылығына,
сондай-ақ уәкілетті органмен осы өтініштің қаралуына байланысты
сұратылған ақпаратты уақтылы ұсынуға толық жауап береді.
      Қосымша (жіберілетін құжаттар атауының тізбесін, даналардың
санын және әр қайсысының парақтар санын көрсету): ________________
______________________________________
(құрылтайшылар атынан өтініш беруге 
уәкілеттігі бар тұлғаның қолы, күні)

                              Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың
                               құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
                                толықтыруларды әділет органдарында
                                 мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру,
                                   сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
                                   қорларының зейнетақы жарналарын
                                   тарту және зейнетақы төлемдерін
                                  жүзеге асыру мен бағалы қағаздар
                                  рыногындағы қызметті жүзеге асыру
                                    жөніндегі қызметін лицензиялау
                                         ережесіне 2-қосымша

                                                Фото (3x4 сантиметр)

           Құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер

____________________________________200__жылғы "__"_________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
 
1. Құрылтайшы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
             (фамилиясы, аты, (бар болса) әкесінің аты).
2. Туған күні
____________________________________________________________________
3. Туған жері
____________________________________________________________________
4. Азаматтығы
____________________________________________________________________
5. Жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың деректері
____________________________________________________________________
6. Тұрғылықты жері
________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. Жұмыс орны, лауазымы
____________________________________________________________________
8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмысы мен үйінің)
____________________________________________________________________
9. Білімі
________________________________________________________________________________________________________________________________________
              (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
10. Еңбек қызметі туралы қысқаша резюме
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
           (жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)
 
Қолы__________________        күні__________________________

                              Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың
                               құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
                                толықтыруларды әділет органдарында
                                 мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру,
                                  сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
                                  қорларының зейнетақы жарналарын
                                  тарту және зейнетақы төлемдерін
                                 жүзеге асыру мен бағалы қағаздар
                                рыногындағы қызметті жүзеге асыру
                                  жөніндегі қызметін лицензиялау
                                        ережесіне 3-қосымша

           Құрылтайшы - заңды тұлға туралы мәліметтер

__________________________________________200__жылғы "__"___________
           (қордың атауы)
 
1. Құрылтайшы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                       (заңды тұлғаның атауы)
2. Орналасқан жері
________________________________________________________________________________________________________________________________________
         (почталық индексі, қаласы, көшесі, байланыс телефоны)
 
3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі деректер
________________________________________________________________________________________________________________________________________
              (құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берді)
4. Қызметінің түрі
________________________________________________________________________________________________________________________________________
                 (негізгі қызмет түрлері көрсетілсін)
5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының
резиденті емес (керегінің асты сызылсын).
 
6. Құрылтайшы - заңды тұлғаның басшысы
________________________________________________________________________________________________________________________________________      (фамилиясы, аты, (бар болса) әкесінің аты, туған күні)
Білімі__________________________________________________________________________________________________________________________________
                 (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
 
Еңбек қызметі туралы қысқаша резюме_________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
                 (қызмет орны, лауазымы, кезеңі)
 
7. Соңғы үш күнтізбелік жылда заңды тұлғада - құрылтайшыда ірі
қаржы проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация,
санация болды ма:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
                      (олардың туындау себептері)
________________________________________________________________________________________________________________________________________
                 (бұл проблемаларды шешу қорытындылары)
 
8. Қордың құрылтайшысы - заңды тұлға жарғылық капиталындағы қатысу
үлесінің он немесе одан да көп пайызына тура және (немесе) жанама
иеленген немесе ірі акционері болып табылатын ұйымдарды көрсетіңіз:
1) ұйымның атауы және орналасқан жері:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
2) ұйым қызметінің түрі
________________________________________________________________________________________________________________________________________
3) осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұйым
басшысының
қолы________________             күні____________________

Мөр орны

                              Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың
                               құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
                               толықтыруларды әділет органдарында
                                мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру,
                                  сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
                                  қорларының зейнетақы жарналарын
                                  тарту және зейнетақы төлемдерін
                                  жүзеге асыру мен бағалы қағаздар
                                 рыногындағы қызметті жүзеге асыру
                                   жөніндегі қызметін лицензиялау
                                          ережесіне 4-қосымша

    Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерістер
    мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге
                    рұқсат беру туралы өтініш
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің фамилиясы, аты, бар болғанда - әкесінің аты және
   құрылтайшылар атынан осы өтінішті беруге өтініш берушінің
өкілеттілігін растайтын нотариатта куәландырылған құжатқа сілтеме)
____________________________________________________________________
      (өтініш берушінің жұмыс орны және лауазымы, тұратын жері)
 
жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру
туралы өтініш беруге құқығы бар уәкілетті тұлға құрылтай
жиналысының________жылғы "__"_________N______шешіміне (хаттамасына) сәйкес
____________________________________________________________________
   (жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы және орналасқан жері)
 
құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет
органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беруді сұрайды.
      Құрылтайшылар өтінішке қоса берілген құжаттардың шынайылығына,
сондай-ақ уәкілетті органмен осы өтініштің қаралуына байланысты
сұратылған ақпаратты уақтылы ұсынуға толық жауап береді.
      Қосымша (жіберілетін құжаттар атауының тізбесін, даналардың
санын және әр қайсысының парақтар санын көрсету):___________________
___________________________________
(құрылтайшылар атынан өтініш беруге
уәкілеттігі бар тұлғаның қолы, күні)

                              Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың
                               құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
                                толықтыруларды әділет органдарында
                                 мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру,
                                  сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
                                  қорларының зейнетақы жарналарын
                                  тарту және зейнетақы төлемдерін
                                  жүзеге асыру мен бағалы қағаздар
                                 рыногындағы қызметті жүзеге асыру
                                   жөніндегі қызметін лицензиялау
                                          ережесіне 5-қосымша

     (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген
                уәкілетті органның бланкісінде басылады)
                              N_____рұқсат

Осы рұқсат__________________________________________________________
                    (жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)
 
жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорларының
құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік
тіркеуге берілді.
      Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының
құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік
тіркеуге берілген рұқсат әділет органдарына құрылтай құжаттарымен
бірге берілуі тиіс.
      Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының
құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттік
тіркеуге рұқсаттың берілген күнінен бастап алты айдың ішінде заңды
күші бар.
      Уәкілетті органның басшысы (Басшының орынбасары)
 
   ______________                     ______жылғы "__"________
     Мөр орны

                              Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың
                               құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
                                толықтыруларды әділет органдарында
                                 мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру,
                                   сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
                                  қорларының зейнетақы жарналарын
                                  тарту және зейнетақы төлемдерін
                                  жүзеге асыру мен бағалы қағаздар
                                 рыногындағы қызметті жүзеге асыру
                                   жөніндегі қызметін лицензиялау
                                        ережесіне 6-қосымша

                    Қазақстан Республикасының
                             Елтаңбасы

                  Уәкілетті органның толық атауы

 Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға
                               Лицензия
 

Лицензияның нөмірі _____ Берілген күні_____жылғы "__"_______________
____________________________________________________________________
             жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы
 
Осы лицензия зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін
жүзеге асыру құқығын береді
 
Төраға (Төрағаның орынбасары)
 
Алматы қаласы
 
Мөр орны

                              Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың
                               құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
                                толықтыруларды әділет органдарында
                                 мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру,
                                   сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
                                  қорларының зейнетақы жарналарын
                                  тарту және зейнетақы төлемдерін
                                  жүзеге асыру мен бағалы қағаздар
                                 рыногындағы қызметті жүзеге асыру
                                   жөніндегі қызметін лицензиялау
                                          ережесіне 7-қосымша

                     Қазақстан Республикасының
                              Елтаңбасы

                   Уәкілетті органның толық атауы

      Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге
     асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға
                                Лицензия

Лицензияның нөмірі_____Берілген күні_______жылғы "__"_______________
____________________________________________________________________
               жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы
 
      Осы лицензия:
1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру
2. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру құқығын береді.
____________________________________________________________________
      Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
      зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге
асыруға ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
    (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
 
      бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметке:
____________________________________________________________________
    (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

Төраға (Төрағаның орынбасары)
Мөр орны                              Алматы қаласы

                              Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың
                               құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
                                толықтыруларды әділет органдарында
                                 мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру,
                                  сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
                                  қорларының зейнетақы жарналарын
                                  тарту және зейнетақы төлемдерін
                                  жүзеге асыру мен бағалы қағаздар
                                 рыногындағы қызметті жүзеге асыру
                                  жөніндегі қызметін лицензиялау
                                          ережесіне 8-қосымша

____________________________________________________________________
                  (уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________
             (жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)

                               Өтініш

1) зейнетақы жарналарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға
2) бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға
____________________________________________________________________
                    (қызмет түрін көрсету қажет)
лицензия беруіңізді сұраймын
 
Жинақтаушы зейнетақы қоры туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері
________________________________________________________________________________________________________________________________________
        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)
____________________________________________________________________
                        (телефон, факс).
      2. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:
      зейнетақы жарналарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыруға
және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға____________________________
____________________________________________________________________
     (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
 
      бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға
____________________________________________________________________
      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
 
      3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр
қайсысы бойынша парақтар саны:
________________________________________________________________________________________________________________________________________
 
      Қор және қордың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса
берілген құжаттардың (ақпараттың) шынайылығына толық жауапты
болады______________________________________________________________
        (өтініш беруге уәкілетті тұлғаның фамилиясы, аты, бар болса
                       - әкесінің аты, лауазымы)
_____________________________
      (қолы)
___________жылғы "____"______________
Мөр орны

                              Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың
                               құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
                                толықтыруларды әділет органдарында
                                 мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру,
                                   сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
                                  қорларының зейнетақы жарналарын
                                  тарту және зейнетақы төлемдерін
                                  жүзеге асыру мен бағалы қағаздар
                                 рыногындағы қызметті жүзеге асыру
                                 жөніндегі қызметін лицензиялау
                                       ережесіне 9-қосымша

         Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған
          ақпараттық жүйесін құруға және оның қауіпсіздігін
                қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық
жүйесі мынадай міндетті шағын жүйелерден:
      1) жүйені басқару және ішкі аудит;
      2) жинақталған зейнетақы қаражаты;
      3) есептілік;
      4) сыртқы жүйелері бар интерфейстен тұруы керек.

      2. "Жүйені басқару және ішкі аудит" шағын жүйесі жүйені
пайдаланушылардың қол жеткізуін басқаруды қамтамасыз ету үшін арналған.
      "Жүйені басқару" міндеті мынадай функциялардың орындалуын:
      1) ақпараттық жүйенің пайдаланушылардың тобын анықтап, оларды орындайтын функциясы бойынша санатқа бөліп және олардың ақпаратқа
қол жеткізу деңгейін белгілеуді;
      2) пайдаланушылардың аутентификациясы;
      3) операциялық күннің ашылуы/жабылуын;
      4) жұмыс күнін ауыстыруды;
      5) жүйені оқшаулау/оқшауламауды;
      6) деректерді мұрағаттық және резервтік көшірмесін жасауды
қамтамасыз етіп отыруы тиіс.
      "Жүйенің ішкі аудитінің" міндеті мынадай функциялардың
орындалуын:
      мынадай атрибуттардың сақталынуымен оқиғалар жүйесінде болған
тіркеуді және бірегейлендіруді: оқиғаның басталу уақыты және күні,
іс-әрекетті жүргізген пайдаланушы, жазбаның идентификаторы, бизнес-
процестің орындалуының аяқталу уақыты және күні, бизнес процестің
орындалу нәтижесі, қосымша атрибуттар;
      шағын жүйенің бизнес процестерінің анықтамасын қарауды;
      жүйелі оқиғалар анықтамасын қарауды;
      аудиттің жағдайын басқаруды;
      шағын жүйені пайдаланушыларға жүйелі оқиғаның және аудит
жасалатын бизнес-процестерді тағайындауды;
      бизнес процесс аудитінің электронды журналының файлын сақтау
мен қарауды;
      жүйелі оқиғалар аудиті журналын файлға сақтау мен қарауды;
      бизнес - процесс аудитінің жазбасын мұрағатқа тасымалдауды;
      жүйелі оқиғалар аудитінің жазбасын мұрағатқа тасымалдауды
қамтамасыз етіп отыруы тиісті.
      "Ішкі аудит" міндетін пайдаланушылар үшін аудиторлық белгіні
жүргізуді басқару бойынша мүмкіндіктер болуы керек. Пайдаланушы
администраторда "Ішкі аудит" міндетін толығымен өшіру немесе қосу
мүмкіндігі немесе шағын жүйенің әрбір пайдаланушысы үшін жеке тек
қана таңдаулы оқиғаларды бақылауды белгілеу мүмкіндігі болуы тиіс.
Аудиттің жағдайын басқару бойынша оқиғалар жүйелі оқиғалар
аудитінің журналына жүйенің "Ішкі аудит" жүйесінің міндеті
өшірілуіне немесе қосылуына қарамастан үнемі жазылуы тиіс.
      "Жүйені басқару және ішкі аудит" шағын жүйесіндегі "Ішкі
аудит" міндетінің функцияларына қол жеткізу үшін тиісті
функцияларға қол жеткізуге қосымша кіру құқығы қосылу керек.

      3. "Жинақталған зейнетақы қаражаты" шағын жүйесі салымшының
(алушының) міндетті және ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіби
жарналары бойынша қаражатының есебін дербес жүргізуге, салымшылар
(алушылар) арасындағы инвестициялық кірісті бөлуге және зейнетақы
төлемдерін есепке алуға келесі функцияларды орындалуын:
      1) міндетті, ерікті зейнетақы жарналары бойынша және ерікті
кәсіби жарналар бойынша зейнетақымен қамсыздандыру шарттарын дербес
есепке алуды жүргізуді;
      зейнетақымен қамсыздандыру шарты бойынша карточканы ашуды;
      ашылған карточкаға өзгерістер енгізуді;
      зейнетақымен қамсыздандыру шарттарын түрлі өлшемдер бойынша сұрыптауды;
      2) салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарымен
операцияларды аналитикалық және синтетикалық бухгалтерлік есеппен жүргізуді;
      дербес зейнетақы шоттарын ашуды;
      дербес зейнетақы шоттары бойынша операцияларды көрсетуді
(зейнетақы жарналарының, айыппұлдың, өсімпұлдың, инвестициялық
кірісті есептеу, жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу, жинақталған
зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе
сақтандыру ұйымына аудару);
      салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына
біріктіруді;
      дербес зейнетақы шоттары бойынша берілген уақыт интервалына
деректерді жасауды;
      салымшының (алушының) дербес зейнетақы шоттарынан үзінді
көшірме жасауды;
      3) салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына
шартты бірлік санын есептеу және шартты бірлікте зейнетақы
активтерінің құнын күн сайынғы қайта бағалау жолымен салымшылардың
(алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына есептелген инвестициялық
кірісті бөлу, дербес зейнетақы шоттарына есептелген инвестициялық
кірістің дұрыс бөлінуіне бақылау жасауды қамтамасыз етуі керек;
      4) зейнетақы төлемдерін жүзеге асырғанда келесі функциялардың
орындалуын:
      әрбір алушыға жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын есептеуді;
      заңдарға сәйкес зейнетақы төлемдерінен тиісті сомасынан табыс
салығын ұстап қалуды;
      төлем құжаттарын жасауды;
      берілген күнге зейнетақы төлемдеріне болжау жасауды;
      әрбір салымшы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының
сомасының дұрыс есептелуін тексеруді, зейнетақы төлемдерінің
сомасынан табыс салығын ұстап қалуды, төлем құжаттарын жасауды
қамтамасыз етуі керек;
      5) жинақталған зейнетақы қаражатының басқа жинақтаушы
зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуды жүзеге асырғанда
мынадай функциялардың орындалуын:
      зейнетақы заңдарының талаптарын сақтай отырып, аударымдардың
мерзімділігін тексеруді;
      дербес зейнетақы шоттарын жабуды;
      төлем құжаттарын жасауды;
      төлем құжаттарының дұрыс жасалғандығын тексеруді, сақтандыру
ұйымының жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақы
қаражатының алғанын растауды;
      дербес зейнетақы шоттарының тарихын өткізуді және сақтауды
қамтамасыз етуі тиіс;
      6) зейнетақы жарналары түскенде шағын жүйенің МТ-102
форматындағы салымшылардың (алушылардың) тізімін оқу кезінде
жинақтаушы зейнетақы қорының деректер базасымен салыстыру керек
және деректемелерде айырмашылық немесе дербес зейнетақы шоты жоқ
болғанда, қате есептелген зейнетақы жарналарының сомасын қайтарудың
МТ-102 форматында төлем тапсырмасын жасауды;
      7) жинақталған зейнетақы қаражатының есебінен орналастырылған
инвестициялық кірісті есепке алу, (инвестициялық портфель) қаржы
инвестицияларын есепке алуды;
      8) меншікті активтер есебінен қаржы инвестициялары есебінің
орындалуын қамтамасыз етуі керек.

      4. "Есептілік" шағын жүйесі есеп беруді электронды түрде, электронды файлда және қағаз түрінде жеткізушілерде жасау үшін
арналған.
      Шағын жүйе мынадай функциялардың орындалуын:
      уәкілетті органның талаптарына сәйкес есептің электронды
макетін жасауды;
      есеп берудің бірдей көрсеткіштеріне бақылау жасауды
қамтамасыз ету керек.

      5. "Сыртқы жүйелері бар интерфейс" шағын жүйесі электронды
ақпаратты:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдарымен, өкілдіктерімен;
      2) "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық"
Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен, оның бөлімшелерімен;
      3) кастодион банкпен;
      4) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен;
      5) уәкілетті органмен;
      6) басқа заңды және жеке тұлғалармен айырбас жасауды
қамтамасыз ету үшін арналған.

      6. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жүйенің тұтас
алғанда қызметтік сипаттамасын жақсартатын қосымша шағын жүйелер
мен міндеттерді іске асыруға болады.

      7. Жинақтаушы зейнетақы қорының сатып алынатын бағдарламалық
қамтамасыз етуі лизенцияланған болуы керек.

      8. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бағдарламалық-
аппараттық тұғырнамасында тиісті платформасы, мыналарды:
      1) ақпараттың үлкен көлемде сақталуын;
      2) іздеудің тиімді алгоритмдері және соңғы ұрпақтың
бағдарламалау тілі құралдарының деректерін өңдеуді;
      3) деректер базасына қол жеткізу құқығын шектеуді;
      4) деректердің қайшылықсыз және логикалық тұтастығын
қамсыздандыруды қамтамасыз ететін деректер базасын басқару жүйесі
болуы тиіс.

      9. Ақпаратты қорғау.
      Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланылатын ақпаратты
мынадай талаптарға сай қорғауды:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының локальды желісінің жұмысы
кезінде пайдаланушылардың автоматтандырылған ақпарат жүйесінің
деректеріне, функцияларына және ресурстарына кіру құқығын анықтап
айыру қамтамасыз етілуі тиіс;
      2) автоматтандырылған ақпарат жүйесінің әрбір
пайдаланушысының әркімге қарауға мүмкіндік бермейтін сегізден кем
емес символдан тұратын өз жеке паролі болуы тиіс және оны тек
пайдаланушының өзі немесе басқарушы ғана өзгерте алатын болуы
мүмкін;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының және оның филиалдарының,
өкілдіктерінің арасындағы ақпарат алмасуы криптографиялық
қорғаныстың бағдарламалық құралдарын пайдалану арқылы жүзеге
асырылуы тиіс.
      Автоматтандырылған ақпарат жүйесі ақпараттық қауіпсіздіктің
мынадай негізгі механизмдерімен қамтамасыз етілуі тиіс:
      бірегейлендіру және аутентификациялау;
      кіруді басқару;
      хаттама жасау және аудит;
      жинақтаушы зейнетақы қорының және оның филиалдарының,
өкілдіктерінің арасындағы криптографиялық қорғаныс.
      Вирус бағдарламалары іс-әрекетінен қорғауды қамтамасыз ету
рәсімдерін орындау арнайы лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз
ету арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

      10. Ақпараттың сақталуы.
      Автоматтандырылған ақпарат жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін
қамтамасыз ету мақсаты үшін жинақтаушы зейнетақы қоры мыналармен
қамтамасыз етілуі тиіс:
      1) резервтік көшірме жасауды жүргізу және бағдарламалық
қамтамасыз етуді және апатты жағдай пайда болған кезде
автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасын қалпына
келтіру бойынша құжаттамалық ресімделген рәсімдердің болуы;
      2) резервтік көшірмелері бар магнитті тасымалдағыштарды
жинақтаушы зейнетақы қоры тұрған жерден тыс жерде сақтау;
      3) Автоматтандырылған ақпарат жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне,
автоматтандырылған ақпарат жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуіне
кедергі жасайтын дүлей апатты және басқа да жағдайлар пайда болған
кезде қамтамасыз ететін жинақтаушы зейнетақы қорының тұрған жерінен
тыс резерв орталығының болуы.
      Автоматтандырылған ақпарат жүйесі ақпараттың толық сақталуын
мынадай кездерде электронды архивтерде және деректер базасында
қамтамасыз етуі тиіс:
      автоматтандырылған ақпарат жүйесінің кез-келген учаскесінде
электр энергиясы толық немесе ішінара ажыратылған кезде;
      жұмыс станциялары, шет жақтардағы және телекоммуникациялық
жабдықтар бұзылып қалған кезде.
      Сервер бұзылған кезде ақпаратты жоғалтуға жол беріледі, егер
соңғы резервтік көшірме жасалған сәтте ақпаратты автоматтандырылған
ақпарат жүйесінің технологияларын және деректер тұтастығын бұзбай
қалпына келтіру мүмкіндігі бар болса.
      Сервердің үзіліссіз қорек беру көзі сервердің техникалық
сипаттамаларына сәйкес келуі және оның жұмыс қабілетін қорек
ажыратылған сәттен бастап пайдаланушылардың операцияларын дұрыс
аяқтауы үшін қажетті уақыт аралығында оның жұмыс қабілеттілігіне
қолдау көрсете алатын болуы тиіс. Мұндайда үзіліссіз қорек беру
көзіндегі батареяларының заряд беру деңгейінің төмендеуі сервердің
ажыратылу процесін автоматты түрде күшейтуі тиіс.

      11. Ақпараттың шынайылығы.
      Ақпаратқа кіру және оны түзету екі рет кіру әдісімен орындалуы тиіс, не орындалған іс-қимылдар туралы фискальды
ақпаратты енгізу міндетті болатын бұрыштама алу әдісімен орындалуы
тиіс. Ақпаратқа кіру және оны түзету ақпараттың хронологиялық
үзіліссіздігін және тұтастығын қандай жағдайда да бұзбауы тиіс.
      Қаржы операцияларының есебі екі рет жазу әдісімен орындалуы
тиіс. Енгізілген операциялардың қайсысы болмасын жоғалтылуы мүмкін
емес. Қате енгізілген қаржылық құжаттар жойылмауы, тек сортталуы
тиіс.

      12. Ақпаратты және бағдарламалық қамтамасыз етуді көшірме
жасау және қалпына келтіру. Резервтік көшірмелерді сақтау.
      Ақпаратты және бағдарламалық қамтамасыз етуді көшірме жасау
тәртібі бойынша көшірме жасау сәтінде жүйені толық қалпына келтіру
мүмкіндігі қамтамасыз етілуі, сонымен қатар қалпына келтіру
деректердің жалпы тұтастығы бұзылмауы тиіс.
      Деректер базасын және бағдарламалық қамтамасыз етуді
резервтік көшірме жасау күнделікті жүзеге асырылады, ал мұрағаттық
көшірме жасау - айына бір реттен кем емес.

      13. Жүйенің ақпараттық және коммуникациялық құралдарына
қойылатын талаптар автоматтандырылған ақпарат жүйесінің техникалық
тапсырма сатысында жасалады.

      14. Жинақтаушы зейнетақы қоры құрылымында автоматтандырылған
ақпарат жүйесінің құрылуына, кіруіне және қызметіне жауапты болатын
тиісті бөлімше қарастырылуы тиіс.

                              Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың
                               құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
                                толықтыруларды әділет органдарында
                                 мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру,
                                  сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы
                                  қорларының зейнетақы жарналарын
                                  тарту және зейнетақы төлемдерін
                                  жүзеге асыру мен бағалы қағаздар
                                 рыногындағы қызметті жүзеге асыру
                                  жөніндегі қызметін лицензиялау
                                        ережесіне 10-қосымша

____________________________________________________________________
                 (уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________
                  (өтініш берушінің толық атауы)
 
                              Өтініш
____________________________________________________________________
      (бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрін көрсету қажет)
 
__________________жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын
 
      Өтініш беруші туралы мәліметтер:
      1. Атауы, орналасқан жері
________________________________________________________________________________________________________________________________________
          (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)
____________________________________________________________________
                            (телефон, факс)

      2. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы
куәлігінің нөмірі және күні
____________________________________________________________________
      3. Өтініш берушінің салық органында есепке тұруы жөніндегі
куәлігінің нөмірі мен күні
________________________________________________________________________________________
      4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу
жөніндегі куәліктің нөмірі мен күні (акционерлік қоғам ұйымдастыру
құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар үшін)___________________________
      5. Өтініш берушінің шоты ашылған банктің атауы және
орналасқан жері, банктік бірегейлендіру коды
____________________________________________________________________
      6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр
қайсысы бойынша парақтар саны:
_______________________________________________________________________________________________________
Өтініш беруші және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке
қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) шынайылығына толық жауап береді.
_________________________________________________
(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның фамилиясы, аты,
         (бар болса) әкесінің аты)
(күні және қолы)
Мөр орны

                                      Қазақстан Республикасы Қаржы
                                      нарығын және қаржы ұйымдарын
                                      реттеу мен қадағалау агенттігі
                                         Басқармасының 2007 жылғы
                                            30 сәуірдегі N 123
                                             қаулысына 2-қосымша

Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде" 2003 жылғы 29 мамырдағы  N 176 қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2386 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы  N 242 қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3132 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы  N 410 қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4005 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 176 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы  N 10 қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4072 тіркелген).
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 410 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы  N 305 қаулысы  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4531 тіркелген).