"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)
546-бабы
3-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН
:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналардың Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі
N 727
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 2 қазанда N 1991 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 4-5 сандарында жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 7 қаңтарда N№2108, 2109, 2110 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының сәйкесінше 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 895, 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N№902, 903, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 3 сәуірде N 2226 болып тіркелген 2003 жылғы 27 наурыздағы N 143, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 6 маусымда N 2353 болып тіркелген 2003 жылғы 21 мамырдағы N 210, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 26 маусымда N 2380 болып тіркелген 2003 жылғы 2 маусымдағы N 221, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 14 қарашада N 2559 болып тіркелген 2003 жылғы 21 қазандағы N 404, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 12 шілдеде 2945 болып тіркелген 2004 жылғы 24 маусымдағы N 312, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 8 қарашада 3199 болып тіркелген 2004 жылғы 21 қазандағы N 532, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 19 қарашада N 3209 болып тіркелген 2004 жылғы 12 қарашадағы N 579, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 6 қаңтарда 3324 болып тіркелген 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 667, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 17 ақпанда 3446 болып тіркелген 2005 жылғы 2 ақпандағы N 38, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 1 тамызда 3763 болып тіркелген 2005 жылғы 29 маусымдағы N 286, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 12 желтоқсанда N 3972 болып тіркелген 2005 жылғы 30 қарашадағы N 535, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 18 қаңтарда N 4023 болып тіркелген 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 9, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 17 ақпанда N 4095 болып тіркелген 2006 жылғы 13 ақпандағы N 59, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 1 қыркүйекте N 4362 болып тіркелген 2006 жылғы 1 тамыздағы N 383, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 наурызда N 4589 болып тіркелген 2007 жылғы 16 наурыздағы N 145, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 16 сәуірде N 4614 болып тіркелген 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 203 бұйрықтармен енгізілген толықтырулармен) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналардың Мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы 101, 102-тармақтармен толықтырылсын:
"101. TranzWare (версия TWO 4.*, TWCMS 4.*)";
"102. XpressSolutions 2.x".