Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.06 N 660 бұйрығымен.
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес, "Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 1115 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушы адамдарды тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2004 жылғы 17 наурызда N 2743 тіркелген, "Официальная газетаның" 2004 жылғы 10 сәуірдегі N 15 санында жарияланған "Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушыларды тестілеудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 246 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (Е. М. Мусин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж. М. Мұхамеджанов) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ. Т. Омаровқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2007 жылғы»1 маусымдағы
N 336 бұйрығымен
бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушы адамдарды
тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Тестілеуді өткізудің мақсаты - жергілікті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары, олардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының және республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшылары орынбасарларының, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының (бұдан әрі аттестатталушы адамдар) кәсіби құзыреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білу деңгейін объективті бағалау.
2. Тестілеуді медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрі - жергілікті органдар) өткізеді.
3. Тестілеу компьютерде өткізіледі.
4. Тестілеу 3-кезеңнен тұрады:
1) тестілеуге дайындалу;
2) аттестатталушы адамдардың тестіден өтуі;
3) аттестатталушы адамдарға тестілеудің қорытындыларын беру.
2. Тестілеуге дайындалу
5. Тестілеу кезінде мемлекеттік орган аттестатталушы адамдарды нұсқаулықпен таныстыруы тиіс.
6. Тестілеу кезінде аттестатталушы адамдардың әңгімелесуіне және тестілеу өткізілетін үй-жайдан шығуына болмайды.
7. Тестілеу сәтінде өзін-өзі нашар сезінген аттестатталушы адам ол туралы тестілеу басталмай тұрып мемлекеттік органның маманын хабардар етуі тиіс.
3. Аттестатталушы адамдардың тестілеуден өтуі
8. Тест тапсырмаларын орындауға берілген жалпы уақыт - 90 минут (100 сұрақ).
9. Тесті орындауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін бағдарлама автоматты түрде жабылады.
4. Аттестатталушы адамдарға тестілеу қорытындыларын беру
10. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын санау орнатылған компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеудің қорытындылары екі данада принтерде басып шығарылады, оның біреуі аттестатталушы адамға дереу беріледі.
11. Дұрыс жауаптар аттестатталушы адамдарға арналған сұрақтардың жалпы санының 70%-нен кем болғанда тестілеудің қорытындысы теріс деп есептеледі.
12. Тестілеуден өту кезінде тестілеудің теріс қорытындысын алған аттестатталушы адам аттестатталмаған деп есептеледі және аттестаттаудың екінші кезеңіне (әңгімелесуге) жіберілмейді.
13. Тестілеудің қорытындылары аттестаттауды өткізген органда сақталады және аттестатталушы адамның жеке ісінде 3 жыл бойы сақталады.
14. Тестілеу кезінде туындаған дауларды мемлекеттік орган құрған апелляциялық комиссиялар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.