Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 115 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 23 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4681 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының  45-2-бабының 4-тармағына,  49-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы       ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы  N 153 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2953 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы маусым, N 15, 105-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жеке зейнетақы шотын ашудың негіздемесі болып мыналар табылады:
      1) қор және салымшы (алушы) арасында жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт;
      2) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қордың салымшыларының (алушыларының) зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткізу жөніндегі келісім.".

      2. Агенттік Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы  N 6 қаулысына (Нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4070 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесінде:
      27-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
      "28-1. Белгіленген мерзімде салушы/алушыдан оның жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударым жасау туралы өтінішін алмаған жағдайда, уақытша әкімшілік уәкілетті органмен келісілу бойынша, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бұрынғы және жаңа ұйымдар мен кастодиан-банктер, қабылдайтын қор, уақытша әкімшілік араларында жасалатын зейнетақы активтерін өткізу туралы келісім және қабылдау-өткізу актісі негізінде осы салушылардың/алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударым жасау туралы шешім қабылдайды (уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде).
      Уақытша әкімшілік тағайындалған күнінен бастап үш күннен кешіктірмей жинақтаушы зейнетақы қорларына таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қабылдау туралы ұсыныс жібереді.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қабылдауға тілек білдірген жинақтаушы зейнетақы қорлар таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қабылдайтыны туралы ұсыныс жіберген күннен бастап бес күн ішінде зейнетақы активтерін қабылдайтын ниеті жөніндегі еркін нысанда жасалған өтінішін уақытша әкімшілікке ұсынады.
      Уақытша әкімшілік ұсыныс жіберген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қабылдайтын ниеті жөнінде өтініш берген және мынадай талаптарға сәйкес келетін жинақтаушы зейнетақы қорлардың арасынан жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауды жүзеге асырады:
      жинақтаушы зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы шешім қабылдаған күнге пруденциалдық нормативтерді сақтауы;
      жинақтаушы зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы шешім қабылдаған күнге дейінгі соңғы он екі ай ішінде уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) оның басшы қызметкеріне қолданылған санкцияларының болмауы;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы сипатына сәйкес келетін барлық тұлғаларда ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімі болуы.
      Салымшылардың/алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасайтын жинақтаушы зейнетақы қорын таңдағаны жөніндегі уақытша әкімшіліктің шешімі уәкілетті органға келісілу үшін жіберіледі. Уақытша әкімшіліктің жинақтаушы зейнетақы қорын таңдағаны жөніндегі шешімін келісілуді уәкілетті органның Басқармасы жүзеге асырады.
      Көрсетілген салымшылардың/алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасаған жинақтаушы зейнетақы қоры бір айлық мерзімде салымшылармен/алушылармен шарт жасасу жөнінде шаралар қолданады.".

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      5. Агенттіктің халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

       Төраға