Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 7 мамырдағы N 281 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 21 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4679 болып енгізілді.

Қолданыстағы

         БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1)»"Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына ұсыну туралы хабарлама мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшаны алу туралы акті нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы  N 289  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 19 шілдедегі N 3738 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылғы 5 тамыздағы N 143 (877); 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 174 (908) жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына ұсыну туралы хабарламада:
      "шоттары болмаған" деген сөздерден кейін»"немесе банк шоттарындағы (шотындағы) ақша жеткіліксіз болған" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшаны алу туралы актіде:
      "банк шотының болмауына" деген сөздерден кейін»"немесе банк шоттарындағы (шотындағы) ақшаның жеткіліксіз болуына" деген сөздермен толықтырылсын;
      2)»"Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшаны алып қою туралы акті нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының м.а. 2005 жылғы 27 шілдедегі  N 344  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 25 тамыздағы N 3814 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2005 жылғы N 19, 160-құжатында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшаны алып қою туралы актіде:
      "агентте банк шотының жоқтығына" деген сөздерден кейін "немесе банк шоттарындағы (шотындағы) ақшаның жеткіліксіз болуына" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салықтық әкімшілендіру басқармасы (Қыпшақов А.М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Юсупов Р.Ю.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына шаралар қолдансын.

      4. Осы бұйрық алғаш жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға