"Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 42 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 7 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4662 болып енгізілді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап бұйрықтың күші жойылады - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.08.04 № 395 Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 489 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы-қаражат" баспасы 1998 жылы жеке ресми баспамен жариялаған, N 81 тіркелген Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 184, Қазынашылық комитеті төрайымының: N 825 тіркелген 1999 жылғы 25 мамырдағы N 238, N 1188 тіркелген 2000 жылғы 12 маусымдағы N 278, N 1431 тіркелген 2001 жылғы 17 наурыздағы N 141, N 1487 тіркелген 2001 жылғы 30 наурыздағы N 159, N 1793 тіркелген 2002 жылғы 18 ақпандағы N 67, N 1952 тіркелген 2002 жылғы 2 тамыздағы N 353, N 2788 тіркелген 2004 жылғы 17 наурыздағы N 17, N 3677 тіркелген 2005 жылғы 20 мамырдағы N 24 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықта:

      бүкіл мәтін бойынша "активтердің бір өлшемі құны 1/10 лимиті" деген сөздер "екі айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1, 2-тармақтарда "демеушілік пен қайырымдылық көмек шоттарына, депозит шоттарына, шетелдік валютадағы шоттарға және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарына," деген сөздер "Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер бойынша, және олар бойынша жүргізілген төлемдер (бұдан әрі - Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ), мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілген төлемдер бойынша (бұдан әрі - қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ), мемлекеттік мекемелер алдын ала айтылған үстемақымен немесе онсыз ол бірінші талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен кейін, толық немесе бөліктермен қайтарылуы тиіс пе, қарамастан, атаулы түрінде оларды қайтару шарттарында жеке немесе заңды тұлға, тікелей жеке немесе заңды тұлға, немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге (бұдан әрі - жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының ҚБШ), шетел валютасындағы операцияларды жүргізу үшін шетел валютасындағы шоттарға (бұдан әрі - шетел валютасындағы шоттар), бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоттарына (бұдан әрі - сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары) беретін ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаның бақылау шоттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Есепке алуды орталықтандырған кезде қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелердің басшыларына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бұйрығымен бекітілетін Орталықтандырылған бухгалтерия туралы ережеде көзделген құқықтар беріледі.";

      7-тармақ алынып тасталсын;

      9-тармақта "қажетті" деген сөз "толық және дұрыс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақта:
      бесінші абзацта "мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның түсімдері мен шығыстарын есепке алу, депозит шотындағы демеушілік және қайырымдылық көмектің ақшалары бойынша операцияларды есепке алу" деген сөздер "түскен ақшаның түсімдері мен шығыстарын ақылы қызметтер бойынша ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ есепке алу," деген сөздермен ауыстырылсын;
      оныншы абзац алынып тасталсын;
      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық тасығыштарда бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу.";

      17-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жазбаларды көрсету үшін негіз болуға операциялар мен оқиғалардың жасалу фактісін тіркейтін тиісінше ресімделген бастапқы құжаттар қызмет етеді.";
      екінші және төртінші абзацтарда "операцияның" және "операцияларының" деген сөздерден кейін "немесе оқиғалардың" деген сөзбен толықтырылсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бастапқы құжаттар мынадай міндетті деректемелерді қамтуы тиіс: құжаттың (нысанның) атауы, жасалу күні; ұйымның атауы немесе атынан құжат жасалғанның тегі және әкесінің аты; операцияның немесе оқиғаның мазмұны; операцияның немесе оқиғаның өлшем бірліктері (сандық және құндық мәнде); операцияны жасауға жауапты тұлғалардың лауазымдарының атауы, тегі, әкесінің аты және қолдары (оқиғаны растау) және оның рәсімделу дұрыстығы; салық төлеушінің тіркеу нөмірі.";
      алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бастапқы құжаттарды және бухгалтерлік есеп тіркелімдерін электрондық тасығыштарда жасау кезінде мемлекеттік мекемелер операциялардың басқа қатысушылары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай талап ету құқығы берілген мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша мұндай құжаттардың қағаз тасығыштардағы көшірмелерін әзірлеуі тиіс.";
      оныншы абзацта "түзету" деген сөзден кейін "енгізу" деген сөзбен толықтырылсын;
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді.";

      20-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-мемориалдық ордер-н. 381 Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттағы және сыртқы қарыздар және гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақшаның есебі жөніндегі жинақтаушы ведомость;";

      26-тармақта:
      бірінші абзацта "бухгалтерлік тізімдемелерде" деген сөздер "бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта "тіркеліміне" деген сөздің алдынан "бухгалтерлік есепке алу" деген сөздермен толықтырылсын;

      28-тармақта:
      бірінші абзацта "есеп тіркелімдерінің, бухгалтерлік" деген сөздер "бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің" деген сөздермен ауыстырылсын, екінші абзацта "есеп тіркелімдері, бухгалтерлік" деген сөздер "бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29-тармақтың бірінші абзацында "есеп тізімдемелерін, бухгалтерлік" деген сөздер "бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31-тармақтың екінші абзацында "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32-тармақта:
      V "Ақшалай қаржылар" бөлімінде:
      "Шоттың атауы" деген бағанда "Арнайы шоттар және шетелдік валютадағы шоттар" деген сөздер "Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және мемлекеттік мекеменің шоттары" деген сөздермен ауыстырылсын";
      "Қосалқы шоттың атауы" деген бағанда:
      "Жолдағы рұқсаттар" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Демеушілік және қайырымдылық жөніндегі шот" деген сөздер "Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ";
      "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шот" деген сөздер "Ақылы қызметтер жөніндегі ҚБШ";
      "Депозит шоты" деген сөздер "Жеке немесе заңды тұлғалардың ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ";
      "с/е нөмірі" деген бағанда "091" деген сан алынып тасталсын;

      VІІ "Есеп айырысу" деген бөлімде:
      "Қосалқы шоттың атауы" деген бағанда:
      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастырылған ақшасы бойынша есеп айырысу";
      отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысу",
      "Қосалқы шоттың атауы" және "с/е нөмірі" деген бағандар отыз бесінші абзацпен және тиісінше мынадай мазмұндағы санмен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті 195"; әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысу"

      VІІІ "Шығыстар" деген бөлімде:
      "Қосалқы шоттың атауы" деген бағандағы он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шетел валютасындағы қаражаттың есебінен шығыстар";

      ІХ "Қаржыландыру" деген бөлімде:
      "Қосалқы шоттың атауы" деген бағандағы төртінші абзац алынып тасталсын;
      "с/е нөмірі" деген бағанда "236" деген сан алынып тасталсын;

      Х "Нысаналы мақсаттардың қорлары мен қаржылары" деген бөлімде "Қосалқы шоттың атауы" деген бағандағы оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шетел валютасындағы қор қаражаты";
      "Бюджеттік және бюджеттен тыс қаржылар бойынша шығыстардың сметаларын орындау жөніндегі операциялар Есебі" деген тарауда "және бюджеттен тыс" деген сөздер ", ҚБШ және мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы ақша бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      52-тармақта:
      үшінші абзацта "Мемлекеттік мекемелер" деген сөздер "Ұйымдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Активтерді бір бағыныстылықтан екіншісіне беру белгіленген тәртіппен жүргізіледі:
      республикалық меншіктегі - аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттерінің рұқсаты бойынша;
      коммуналдық меншіктегі - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның рұқсаты бойынша;

      65-тармақтың бірінші абзацында "есептеу тіркелімдеріне" деген сөздер "бухгалтерлік есеп тіркелімдеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      84-тармақтың екінші абзацында "министрліктер шығарған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетімен келісілген" деген сөздер "орталық және өзге мемлекеттік органдар шығарған және Министрлікпен келісілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "109. "Ақша қаражаты" бөлімінің шоттарында мемлекеттік мекемелер бюджеттік шот жөніндегі, ақылы қызметтер бойынша ҚБШ жөніндегі, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ жөніндегі, жеке немесе заңды тұлғалардың ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ жөніндегі, шетел валютасындағы шот жөніндегі және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары жөніндегі, сондай-ақ кассадағы ақшаны және өзге ақша құжаттарын есепке алу жөніндегі операцияларды ескереді.";

      113-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "09 шоты бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеру үшін мемлекеттік мекеме 4-20 "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" нысаны бойынша тоқсанның соңғы айынан кейінгі айдың бірі күніне аумақтық қазынашылық бөлімшесімен салыстыру жүргізеді.";

      114-тармақта:
      бірінші абзацтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жазбалар 5-15 "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер бойынша күн сайынғы көшірме" нысананың, ақы төлеуге шоттардың және оларға қоса берілген құжаттардың негізінде жүргізіледі.";
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Аумақтық қазынашылық бөлімшесі берген 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы, ал республикалық бюджеттің кірісіне өткен жылдардың дебиторлық берешегін қайтару сомасын аудару бойынша - аумақтық қазынашылық бөлімшесінің төлем тапсырмасы өткен жылдардың төлемдерін қайтару жөніндегі жазба үшін негіз болып табылады.";

      115-тармақта "091" Жолдағы рұқсаттар" деген сөздер алынып тасталсын;

      117-тармақ алынып тасталсын;

      120-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "120-1. 096 "Басқа бюджеттердің есебінен рұқсаттар" қосалқы шотында республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге олар жергілікті бюджеттен рұқсаттар алу кезінде және керісінше жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге белгілі бір мақсаттарға республикалық бюджеттен рұқсаттар беру кезінде берілген рұқсаттардың қозғалысы, оның ішінде жалпы сипаттағы трансферттер, нысаналы ағымдағы трансферттер, нысаналы даму трансферттері болып бөлінетін трансферттердің қозғалысы ескеріледі.
      Басқа бюджеттердің есебінен және трансферттер бойынша рұқсаттар алу кезінде 096 қосалқы шоттың дебеті бойынша және 232 "Басқа бюджеттердің есебінен қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      Аударылған нысаналы трансферттердің сомасына жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері ақы төлеуге шоттың негізінде 194 "Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебетіне және 096 қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      Жалпы сипаттағы алынған трансферттер тиісті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жеткізіледі, бұл ретте 202 "Басқа бюджеттердің есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 096 қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      Жылдың аяғында жүргізілген шығыстарды есептен шығару 232 қосалқы шотының дебеті және 202 қосалқы шотының кредиті бойынша жазбамен жүзеге асырылады.";

      123-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-шот бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеру үшін мемлекеттік мекеме 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысаны бойынша соңғы айдан кейінгі айдың бірі күніне аумақтық қазынашылық бөлімшесімен тексеру жүргізеді.";

      124-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Жазбалар 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" 5-15 "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тізілімі" нысандарының және оларға қоса берілген құжаттардың негізінде жүргізіледі. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 2-38 нысан бойынша төлем тапсырмасы, ал жергілікті бюджеттің кірісіне өткен жылдардың дебиторлық берешегін қайтару сомасын аудару бойынша - аумақтық қазынашылық бөлімшесінің төлем тапсырмасы өткен жылдардың төлемдерін қайтару бойынша жазбаға негіз болып табылады.";

      129-тармақта:
      бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "129. 11 "Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және мемлекеттік мекеменің шоттары" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
      110 "Демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ";
      111 "Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ";
      112 "Жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ;";

      130-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "110 "Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелер үшін қайырымдылық, демеушілік көмектен және олардың есебінен жүргізілетін төлемдерден түсетін түсім ескеріледі.";
      екінші, үшінші, бесінші абзацтарда:
      "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты" деген сөздер "Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын.
      "Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 5-20 "Мемлекеттік мекеменің шотынан көшірме", 5-15 "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тізілімі" нысандарының және оған қоса берілген құжаттардың негізінде N 381 нысан бойынша жинақтау ведомостінде жүргізіледі.

      131-тармақта:
      бірінші абзацта "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есепке алуға арналған шот" деген сөздер "Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацта "Шотқа" деген сөз "Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші, алтыншы абзацта "Шоттан" деген сөз "Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 5-33 "Ақылы қызметтер бойынша шоттардағы қалдықтар туралы есеп", 5-15 "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тізілімі" нысандарының және оларға қоса берілетін құжаттардың негізінде жүргізіледі.";

      132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "132. 112 "Жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ" қосалқы шотында алдын ала айтылған үстемақымен немесе онсыз ол бірінші талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен кейін, толық немесе бөліктермен қайтарылуы тиіс пе, қарамастан, атаулы түрінде оларды қайтару шарттарында жеке немесе заңды тұлға, тікелей жеке немесе заңды тұлға беретін, немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге берілген ақшаның қозғалысы ескеріледі.
      Жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ ақшаның түсуі 112 "Жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ" қосалқы шотының дебеті және 174 "Жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасы бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі, ақшаны жеке немесе заңды тұлғаларға қайтару немесе ақшаны тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге беру кезінде 112 қосалқы шотының кредиті және 174 қосалқы шотының дебеті бойынша жазба жүргізіледі.
      Бұдан басқа, 112 "Жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ" қосалқы шотында түзету мекемелеріндегі сотталғандар орындаған жұмыстар үшін түскен ақша ескеріледі, бұл ретте 112 қосалқы шоты дебеттеледі және 179 "Аванстық төлемдер тәртібіндегі есеп айырысулар" қосалқы шоты кредиттеледі.
      Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 5-20 "Мемлекеттік мекеменің шотынан көшірме", 5-15 "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тізілімі" нысандарының және оған қоса берілген құжаттардың негізінде N 381 нысан бойынша (N 3 мемориалдық ордер) жинақтау ведомостінде жүргізіледі.
      112 "Жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ" қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп N 292-а нысаны бойынша карточкаларда (N 292 нысан бойынша кітапта) жүргізіледі.";

      132-1-тармақта:
      үшінші абзацта "N 5-20 "Мемлекеттік мекеме шотынан көшірме" нысанының" деген сөздер "екінші деңгейдегі банктің шоты бойынша көшірменің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацта "(Бюджеттiк сыныптама анықтамалығының шифрлары)" деген сөздер алынып тасталсын;

      132-3-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;

      135-тармақта:
      "Валюталық қаржылардың қоры" деген сөздер "Шетел валютасындағы қаражат қоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта:
      "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шотқа, демеушiлiк және қайырымдылық көмек шотқа және депозиттiк шотқа түскен сомалар" деген сөздер "Демеушілік, қайырымдылық ҚБШ түскен ақша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Арнайы шоттар және шетелдік валютадағы шоттар" деген сөздер "Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және мемлекеттік мекеменің шоттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      136-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрі - банк) арқылы қолма-қол ақша алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде анықталған тәртіппен жүргізіледі.";
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын.
      "Мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды есепке алу егер мемлекеттік мекемеде бюджеттік шот бойынша, ақылы қызметтер жөніндегі ҚБШ бойынша, қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ бойынша және жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша ақша операциялары болса, кассалық кітапта КО-4 нысанында немесе 440-нысанда жүргізіледі.";
      он бірінші абзацта:
      "депозиттiк сомалар және Алматы қаласы әкiмiнiң бюджеттен тыс қорының қаражаттары" деген сөздер "жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он екінші абзацта "атаулы шегi" деген сөздер "аумақтық қазынашылық бөлімшесінің чегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      137-1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "Бухгалтерлік есепте шетел валютасында ашылған аккредитивтер бойынша оң бағамдық айырманы көрсету 130 "Аккредитивтер" қосалқы шотының дебеті және 230 "Бюджеттен мемлекеттік мекеменің шығыстарына және басқа іс-шараларға қаржыландыру", 140 "Бюджеттен мемлекеттік мекеменің шығыстарына және басқа іс-шараларға қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі, теріс бағамдық айырма сомасына осы қосалқы шоттар бойынша "сторно" деген жазба жасалады.";

      147-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде анықталған тәртіппен тіркеуге жатады.";
      Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасқан мемлекеттік мекемелер оларды Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінде тіркейді.";

      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "157. 159 "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысу" қосалқы шотында "Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік мекемелер жүргізетін әлеуметтік салықты есептеу және бюджетке төлеу жөніндегі операциялар ескеріледі.
      Әлеуметтік салықты есептеу 159 "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының кредиті және шығыстар шоттарының тиісті қосалқы шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі. Әлеуметтік салықты бюджетке төлеген кезде 159 "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысу" қосалқы шоты дебеттеледі және ақша қаражаты шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.
      159 "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысу" қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп 292-а нысанының карточкаларында (кітапта 292-нысан) жүргізіледі.";

      158-тармақта:
      бірінші абзацта "есеп айырысулар" деген сөздерден кейін "және корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, бюджет ақшасының есебінен есеп айырысулар" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Карт-шоттан ақша пайдалану туралы есеп беретін тұлғалар сауда чектерін, слиптер мен корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, жүргізілген төлемдерді растау болып табылатын басқа да құжаттарды қоса бере отырып аванстық есеп береді.";

      159-тармақ мынадай мазмұндағы тиісінше үшінші және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Корпоративтік төлем карточкасын толықтыру сомасына 090 "Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты" қосалқы шоты кредиттеледі және 160 "Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар" қосалқы шоты дебеттеледі.";
      "Корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып бюджет қаражатын нысаналы пайдаланудың талдамалы есебі кітапта 453-нысан бойынша жүргізіледі.";

      160-тармақтың алтыншы абзацында "Депозитті сомалар" деген сөздер "Жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      162-тармақта:
      екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын;
      төртінші абзацта "1999 жылдың сәуірінен бастап" деген сөздер алынып тасталсын;

      163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "163. 172 "Арнайы төлем түрлері бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелерге тиесілі асханалар ұсынатын тамақ үшін мектептер және мектеп-интернаттар оқушыларының тамағы үшін, мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың болғаны үшін есеп айырысулар және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін ақшасы иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің басқа да есеп айырысулары, сондай-ақ нысанды киім үшін есеп айырысулар ескеріледі.
      Есептелген сомасына 172 қосалқы шотының дебетіне және 400 қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізіледі. Түскен төлемнің сомасына 172 қосалқы шоты кредиттеледі және 111, 120 қосалқы шоттары дебеттеледі.
      164, 165, 166, 167, 168-тармақтар алынып тасталсын;

      169-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "169. Жұмысшылармен және қызметшілермен нысанды киім үшін есеп айырысу.
      Нысанды киім үшін есеп айырысуларды есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының тиісті орталық және өзге мемлекеттік органдары белгілейді.";

      171-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы бойынша;";
      оныншы абзац алынып тасталсын;

      172-тармақта:
      бірінші абзацта "Депозитті сомалар" деген сөздер "Жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзац алынып тасталсын;

      173-тармақтың екінші абзацында "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты" деген сөздер "Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      175-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "178 "Бекiтiлген қаржыландыру жоспары шегiнде басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотында бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу, сондай-ақ банктерде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің чектері бойынша қолма-қол ақша алу үшін аударылған сома ескеріледі.";
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банкте қолма-қол ақша алу үшін қаражат аудару кезінде 178 қосалқы шотының дебеті және 090, 100, 110, 111, 112 қосалқы шоттарының кредиті бойынша бухгалтерлік жазба жүргізіледі. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің чектері бойынша қолма-қол алу кезінде 178 қосалқы шоты кредиттеледі және 120 қосалқы шоты дебеттеледі.";
      алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтар алынып тасталсын;

      179-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;

      180-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "180. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде анықталған тәртіппен жүргізіледі.";

      181-тармақтың сегізінші абзацында "120" деген сан "090, 100, 111, 120" деген сандармен ауыстырылсын;

      183-тармақтың екінші абзацында "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шоттан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек шоттарынан" деген сөздер "Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ, Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      187, 188-тармақтардың екінші абзацында "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шоттан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек шоттарынан" деген сөздер "Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ, Демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "190. Осы шотта жинақтаушы зейнетақы қорлары бойынша міндетті зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша, зейнетақылар төлеу бойынша, жеке тұлғаларға трансферттер бойынша, сондай-ақ нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысулар ескеріледі.";

      191-тармақта:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын.
      "194 "Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысу";
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "195 "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысу";

      191-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "191-4. 194 "Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысу" қосалқы шотында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне бөлген нысаналы ағымдағы трансферттер және нысаналы даму трансферттері бойынша есеп айырысу ескеріледі.
      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері аударған нысаналы трансферттердің сомасына ақы төлеуге шоттың негізінде 194 "Нысаналы трансферттер бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебетіне және 096 қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      Игерілген немесе жоғары тұрған бюджеттің кірісіне қайтарылған нысаналы трансферттердің сомасына 202 "Басқа бюджеттердің есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 194 қосалқы шотының кредиті бойынша N 2 Тиісті жергілікті атқарушы органдар ұсынған қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы есеп немесе осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтаруды растайтын ақы төлеуге шоттың көшірмелері негізінде жазба жүргізіледі.
      194 қосалқы шоты бойынша талдамалы есепке алу 292-а нысананың карточкаларында (292 нысан кітабында) жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 191-5-тармақпен толықтырылсын:
      "191-5. 195 "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысу" қосалқы шотында "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес мемлекеттік мекемелер жүргізетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдарын есептеу және төлеу жөніндегі операциялар ескеріледі.".
      Міндетті әлеуметтік аударымдарды есептеу 195 "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының кредиті бойынша және шығыстар шоттарының бар қосалқы шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдарды аудару кезінде 195 "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысу" қосалқы шоты дебеттеледі және ақша қаражаты шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.
      195 "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша есеп айырысу" қосалқы шоты бойынша талдамалы есепке алу 292-а нысананың карточкаларында (292 нысан кітабында) жүргізіледі.";

      192-1-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;

      199-1-тармақтың алтыншы абзацында "гранттарды игеру барысында жүзеге асырылған" деген сөздер "игерілуі аяқталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      200-тармақтың сегізінші абзацында "Валюталық қаражаттар" деген сөздер "Шетел валютасындағы қаражат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      208-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "208. 202 "Шетел валютасындағы қаражаттың есебінен шығыстар" қосалқы шотында шетел валютасындағы қаражаттың есебінен іс жүзіндегі шығыстардың есебі жүргізіледі.
      Жабдықтар және тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу жөніндегі, шетелдік іссапарлар жөніндегі шығыстар және басқа да іс жүзіндегі шығыстар 220 "Шетел валютасындағы қаражаттың есебінен шығыстар" қосалқы шотында теңгемен ескеріледі.
      220 "Шетел валютасындағы қаражаттың есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебетіне бір жылдың ішінде валюта операцияларына жұмсалған сома жазылады, бұл ретте 250 "Активтердегі қор", 260 "Арзан және тез тозатын заттардағы қор", 160 "Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу" қосалқы шоттары және басқалар кредиттеледі.
      Жылдың аяғында жүргізілген шығыстардың сомасы 220 "Шетел валютасындағы қаражаттың есебінен шығыстар" қосалқы шотының кредитінен 273 "Шетел валютасындағы қаражат қоры" қосалқы шотының дебетіне есептен шығарылады.";

      209-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;

      212-тармақ алынып тасталсын;

      216-1-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;

      220, 222-тармақтарда "Валюталық қаржылар" деген сөздер "Шетел валютасындағы қаражат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      229-тармақтың екінші және төртінші абзацтарында "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шоттарға", "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шотқа" деген сөздер "Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Негізгі бухгалтерлік операциялар бойынша қосалқы шоттардың хабарламасы" деген қосымшада:
      135-жол алынып тасталсын;
      180-жолдың 3-бағанында "236" деген сан алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Төрайым