Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын өңдеу және тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 30 наурыздағы N 136 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 26 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4636 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі  Заңының  8-бабының 6) тармақшасына және  25-бабын  жүзеге асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын өңдеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының    
2007 жылғы 30 наурыздағы N 136
бұйрығымен бекітілген    

  Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу
(қайта тіркеу) ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  25-бабына  сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (бұдан әрі - ЕҚТА) паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін регламенттейді.

      2. ЕҚТА паспорты мемлекеттік тілде және орыс тілінде үш данада жасалады.
      Тіркелген ЕҚТА паспорттың әрбiр данасы түпнұсқа болып табылады.

      3. Табиғат қорғау ұйымы паспортының бір данасы табиғат қорғау ұйымында, екіншісі - өзі қарауына жататын мемлекеттік органда, үшіншісі - ерекше қорғалатын табиғи аумақ саласындағы уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) болады.
      Мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік табиғи қаумалдар, мемлекеттік қорық аймақтары паспортының бір данасы ЕҚТА-тың көрсетілген түрлерін қорғау бекітілген ұйымда, екіншісі - қарауына осы ұйым жататын мемлекеттік органда, үшіншісі - уәкілетті органда болады.

  2. ЕҚТА паспортты әзірлеу

      4. ЕҚТА паспортын әзірлеу Үкімет немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары ЕҚТА құру немесе кеңейту туралы шешімдер қабылдағаннан кейін және ЕҚТА құрудың немесе кеңейтудің техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес алты ай ішінде жүргізіледі.

      5. ЕҚТА паспорты осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда ресімделеді.

      6. Қарауында ЕҚТА бар мемлекеттік органдар әрбір осындай аумақ бойынша белгіленген үлгідегі паспорт жасайды және оны уәкілетті органда тіркеуден өткізеді.
      Табиғат қорғау ұйымының паспортын ресімдеуді табиғат қорғау ұйымының өзі жүзеге асырады, мемлекеттік табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорық аймақтарының паспорттарын ресімдеуді оларды қорғау бекітілген ұйымдар жүзеге асырады.
      ЕҚТА бойынша есептік көрсеткіштер (өсімдіктер мен жануарлардың индикаторлық түрлерінің, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің, туристік маршруттар мен соқпақтардың және басқалардың саны) паспортта ол жасалған сәтте келтіріледі.

      7. Уәкілетті органның қарауындағы ЕҚТА паспортын қарауды, бекітуді және тіркеуді уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
      Ұсынылған паспорт осы Ереженің 5-тармағына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган оны ескертпелерді жойып, оны уәкілетті органға қайта енгізу үшін тиісті органға пысықтауға жібереді.

      8. Орталық немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары өздерінің қарауындағы ЕҚТА паспорттарын бекітеді және оларды тіркеуге уәкілетті органға береді. 
      Ұсынылған паспорт осы Ереженің 5-тармағына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган оны ескертпелерді жойып, оны пысықтауға тиісті атқарушы органға жібереді.
      ЕҚТА паспорты осы Ереженің 5-тармағына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган ЕҚТА паспортын тіркейді.

      9. Қарауында ЕҚТА бар мемлекеттік органдар көрсетілген ақпараттың сапасын және оның шынайылығын, паспорттың уәкілетті органға келісуге және тіркеуге уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.

  3. ЕҚТА паспортты тіркеу (қайта тіркеу)

      10. ЕҚТА паспортын тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының ЕҚТА құру және кеңейту туралы шешімдері қабылданғаннан кейін он екі айдан кешіктірмей жүргізіледі.

      11. ЕҚТА паспортын тіркеу уәкілетті органның бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.
      ЕҚТА паспортын тіркеу осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын тіркеу журналында атап өтіліп, оларға мынадай тіркеу нөмірлері беріледі:
      1) мемлекеттік табиғи қорықтар - МТҚ-00;
      2) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер - МҰТП-00;
      3) мемлекеттік өңірлік табиғи парктер - МӨТП-00;
      4) мемлекеттік табиғи резерваттар - МТР-00;
      5) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік
зоологиялық парктер - тиісінше МЗП-р-00 және МЗП-ж-00 тиісінше;
      6) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік ботаникалық бақтар - МББ-р-00 және МББ-ж-00;
      7) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік дендрологиялық парктер - МДП-р-00 және МДП-ж-00;
      8) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері - МТЕ-р-00 және МТЕ-ж-00;
      9) республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтары - МҚА-00;
      10) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар - МҚ-р-00 және МҚ-ж-00;

      12. ЕҚТА паспортын қайта тіркеу осы Ережеге сәйкес он жылда әрі кеткенде бір рет жүргізіледі, ЕҚТА-ның нысаналы мақсаты өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған немесе кеңейтілген жағдайлар бұған қосылмайды, ондай жағдайларда паспортты тіркеу үш айлық мерзімде жүргізіледі.

      13. ЕҚТА паспортын қайта тіркеуді жүзеге асыру кезінде оның тіркеу нөмірінде бөлшек белгісі арқылы кезекті қайта тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      14. ЕҚТА паспорты ол уәкілетті органда тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                              Республикалық және жергілікті маңызы
                                  бар ерекше қорғалатын табиғи    
                                аумақтардың паспорттарын әзірлеу
                                   және тіркеу (қайта тіркеу)      
                                     ережесіне 1-қосымша         

________________________________  ________________________________
(қарауына ЕҚТА жататын             (ЕҚТА саласындағы уәкілетті
мемлекеттік органның атауы)          органның атауы)
 
________________________________  __________________________________
200__ жылғы "___" __________      200__ жылғы "___"  _______________
____ бұйрығымен (шешімімен)       ____ бұйрығымен тіркелген
бекітілген                        ________________________________
                                       (ЕҚТА-ның тіркеу нөмірі)

   __________________________________________________________
             (ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы)

                            ПАСПОРТЫ

                          200__ жыл

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы, оның түрi мен санаты_____________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылған немесе
кеңейтілген мемлекеттік орган актiсiнiң атауы, нөмiрi және
қабылданған күнi___________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     3. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар мемлекеттiк
органның атауы_____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     4. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақты
қорғау жүктелген ұйымның атауы_____________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      5. Туристiк инфрақұрылымы, шекарасының сипаттамасы, геог.
рафиялық координаттары, аумағының көлемi және күзет аймағы көр.
сетiлген карта-схемасы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтың
орналасқан жерi:
      5.1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың орналасқан жерi________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                      (облыс, аудан, елді мекен)
      5.2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақ шекарасының сипаттамасы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
 (заңды тұлға мәртебесі бар ЕҚТА шекарасының сипаттамасы ЕҚТА
бұрылыс нүктелері бойынша және географиялық координаттары көрсетіле
отырып беріледі, заңды тұлға мәртебесі жоқ ЕҚТА шекарасының
сипаттамасы табиғи шектер бойынша беріледі)
      5.3  ЕҚТА-ның жалпы алаңы   _______ га;
(табиғат қорғау ұйымы аумағының алаңы тұрақты жер пайдалану
құқығының мемлекеттік актілеріне сәйкес; мемлекеттік табиғат
ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорық
аймақтарының алаңы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы
органының ЕҚТА құру туралы шешіміне сәйкес беріледі)
      5.4  ЕҚТА қорғау аймағының алаңы - ________га.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ЕҚТА қорғау аймағын белгілеу туралы облыстық (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың) атқарушы органы шешімінің атауы, нөмірі мен
күні көрсетіледі)
      5.5 ЕҚТА инфрақұрылымы көрсетілген ЕҚТА карта-схемасы 

ЕҚТА инфрақұрылымы көрсетілген ЕҚТА карта-схемасы
келтіріледі (масштабы 1:200 000)

(ЕҚТА карта-схемасына ЕҚТА-ның қазіргі және жоспарланып отырған
инфрақұрылымы: ЕҚТА туристік маршруттары мен соқпақтары, шатырлы
лагерьлер, жағажайлар, тамашалау алаңдары, уақытша құрылыстар
(сауда нүктелері, дүңгіршіктер, жазғы дәмханалар, қайық стансалары,
жалдау бекеттері, жылжымалы вагондар мен трейлерлер) енгізіледі.
ЕҚТА туристік маршруттары мен соқпақтарының тізбесі (жол берілетін
рекреациялық жүктеме көрсетіліп) және ЕҚТА аумағында орналастырылған
қазіргі және жоспарланып отырған уақытша құрылыстардың тізбесі
(жол берілетін өткізу қабілеті көрсетіліп) ЕҚТА карта-схемасына
бөлек тіркеледі.
      6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы мемлекеттiк табиғи-
қорық қоры объектiлерiнiң тізбесі олардың сандық және сапалық
сипаттамасымен бiрге  паспорттың 1-қосымшасында келтіріледі.
      6.1.  ______________________өсімдіктер мен жануарлар
               (ЕҚТА атауы)
дүниесінің жай-күйін айқындайтын индикаторлық түрлер.
      6.1.1 Өсімдіктер:_____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
          (өсімдіктердің индикаторлық түрлері санамаланады)
      6.1.2 Жануарлар:______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
          (жануарлардың индикаторлық түрлері санамаланады)
      6.1.3 Жануарлардың индикаторлық түрлерінің саны паспортқа
2-қосымшада келтіріледі .
      6.2. ________________аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра
            (ЕҚТА атауы)
объектілері:________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (тарихи-мәдени мұра объектілері санамаланады)
      6.2.1 Тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізбесі паспортқа
3-қосымшада келтіріледі.
      7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақтары
және олардың күзет режимiнің түрлерi, жер учаскелерiнiң аралас
меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, күзет аймағындағы табиғат
пайдалану жөнiндегi олардың мiндеттемелерi мен ауыртпалықтары
туралы мәлiметтер.
      7.1 Функционалдық аймақтары бойынша ерекше қорғалатын табиғи
аумақтың күзет режимдері:

р/с
N

Функционалдық аймақтың атауы

Алаңы, га

Күзет режимі

1

2

3

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

БАРЛЫҒЫ:

 

 

      7.2 ЕҚТА-да және оның күзет аймағында орналасқан жер
учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, олардың табиғат
пайдалану жөнiндегi мiндеттемелерi мен ауыртпалықтары туралы
мәлiметтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жер санаттары мен жер учаскелерінің алаңдары, сондай-ақ табиғат
пайдалануда белгіленген міндеттемелер мен ауыртпалықтар көрсетіле
отырып, ЕҚТА мен оның күзет аймағының шекараларында орналасқан жер
учаскелерінің барлық меншік иелері мен бөтен жер пайдаланушылардың
тізбесі келтіріледі)
      8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметтiң рұқсат
етiлген және тыйым салынған түрлерi, сондай-ақ жекелеген қызмет
түрлерiне қойылған шектеулер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ЕҚТА түрі мен санатына, аумақтың функционалдық аймақталуына
байланысты қызметтiң тыйым салынған және рұқсат етiлген түрлерiнің
сипаттамасы келтіріледі).
      9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу, оның жұмыс режимі
және рекреациялық жүктемесі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (ЕҚТА түрі мен санатына, аумақтың функционалдық аймақталуына,
рекреациялық және туристік мақсаттағы объектілердің рекреациялық
сиымдылығына байланысты әрбір ЕҚТА-тың өзіндік ерешеліктерін ескере
отырып, ЕҚТА-да болу және рекреациялық ресурстарын пайдалану
ережесі, ЕҚТА-ның жұмыс режимі баяндалады)
      Паспортты әзірлеген:_________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      М.О.

      Паспорттың әзірленген күні:
      "___"»__________ 200 ___ж.

                                       ___________________________
                                       _________________ паспортына
                                       (ерекше қорғалатын табиғи
                                             аумақтың атауы)
                                                1-қосымша

   Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі
     _______________________________________________
      (ерекше қорғалатын табиғи  аумақтың атауы)

р/с
N

Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің атауы

Саны 

1

2

3

 

Өсімдік түрлерінің болуы - барлығы, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жануар түрлерінің болуы - барлығы, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының
геологиялық, геоморфологиялық
және гидрогеологиялық
объектiлерiнiң болуы,
олардың атауы, орналасқан
жері және қысқаша сипаттамасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       ___________________________
                                       _________________ паспортына
                                       (ерекше қорғалатын табиғи
                                             аумақтың атауы)
                                                2-қосымша

       Жануарлардың индикаторлық түрлерінің саны
     _______________________________________________
      (ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы)

Жануардың атауы

Саны 

Оңтайлы

Нақты 

1

2

3

 

 

 

 

 

 

                                       ___________________________
                                       ___________________________
                                       _________________ паспортына
                                       (ерекше қорғалатын табиғи
                                             аумақтың атауы)
                                                3-қосымша

          Тарихи-мәдени мұра объектілерінің
                    тізбесі
 _____________________________________________
    (ерекше қорғалатын табиғи  аумақтың атауы)

р/с N

Атауы

Орналасқан жері және сипаттамасы

1

2

3

 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағында орналасқан тарихи-
мәдени мұра объекті.
лерінің атауы келтіріледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағында
орналасқан тарихи-
мәдени мұра объектілерінің орналасқан жері көрсетіледі, олардың қысқаша сандық және сапалық сипаттамасы келтіріледі

 

 

 

                                  Республикалық және жергілікті
                               маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи
                                аумақтардың паспорттарын әзірлеу
                               және тіркеу (қайта тіркеу) ережесіне
                                             2-қосымша

      Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше
       қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын
       әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) ережесі

Р/с
 

Тіркеу
нөмірі

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортын тіркеу күні

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы нормативтік құқықтық актінің күні мен нөмірі

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ қарауына жататын мемлекеттік органның паспортты бекіту туралы актінің күні мен нөмірі

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ паспортын тіркеу (қайта тіркеу) туралы уәкілетті орган бұйрығының күні мен нөмірі

1

2

3

4

5

6

7