"Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 ж. 3 қазандағы N 469 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы N 183 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4629 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ....
      24. "Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы № 469 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 наурыздағы № 183 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4629 болып тіркелді, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 18 мамырдағы № 74, "Ресми газет" газетінде 2007 жылғы 26 мамырдағы № 21 жарияланды).
      .........

      Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 469 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2003 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылы 4 қыркүйекте N 36 (193), Қазақстан Республикасының құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2004 ж., N 33-36, 986-бапта жарияланған "Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 344а бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4122 болып тіркелген, "Юридическая газетада" 2006 жылы 7 сәуірде N 61-62 (1041-1042) жарияланған "Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 15 ақпандағы N 67 бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4495 болып тіркелген, "Юридическая газетада" 2007 жылы 12 қаңтарда N 5 жарияланған "Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы N 469 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 658 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 11 қазанда N 2003 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жыл, N 8, 804-бап, "Казахстанской правда" газетінде 2003 жылы 12 сәуірде N 105-106 (24045-24046) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру Ережелерінде:
      преамбуласы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Халықаралық шарттың ережелері осындай шарт жасасқан мемлекеттің бірінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылмайтын басқа тұлғаның мүдделеріне халықаралық шарттың ережелерін пайдаланатын болса, ол резидентке Халықаралық шарттың ережелері қолданылмайды.";

      1-тармақтың бірінші абзацы "резидент емес заңды тұлғада Салық кодексінің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін резиденттігін растайтын құжат болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:
      "2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 554" деген сөздер "2006 жылғы 13 желтоқсандағы N 637" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "2005 жылғы N 3997" деген сөздер "2006 жылғы N 4498" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24-тармақта "198.01 нысаны бойынша (осы Ережелерге 2-Қосымша)" деген сөздер "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2672 болып тіркелген "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 530 бұйрығына (бұдан әрі - N 530 бұйрық) 19-қосымшаға сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

      32-тармақта:
      "он жұмыс" деген сөздер "тоқсан күнтізбелік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзац алып тасталсын;

      33-тармақта:
      "он жұмыс" деген сөздер "тоқсан күнтізбелік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қояды" деген сөздер "жібереді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "198.04 нысаны бойынша (осы Ережелерге 2-Қосымша)" деген сөздер "N 530 бұйрыққа 23-қосымшада белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37-тармақта "резидент еместiң" деген сөзден кейін "мемлекеттік бюджет алдындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      46-тармақта:
      "тоқсан сайын" деген сөз алып тасталсын;

      "банктер" деген сөзден кейін "есепті тоқсан ішінде ақша қозғалысы болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

      47-тармақта "198.03 нысан бойынша (осы Ережелерге 6-Қосымша)" деген сөздер "N 530 бұйрыққа 21-қосымшада белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48-тармақта:

      "(жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындауды аяқтау бойынша - резидент еместің Қазақстан Республикасында жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындаудан табыс тапқан жағдайда)" алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "резидент еместің Қазақстан Республикасында жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындаудан алынған табысынан мемлекеттік бюджетке салық төленген жағдайда, резидент емес халықаралық шартты қолдануға өтінішті Қазақстан Республикасында жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындау аяқталғаннан кейін салық органына табыс етеді.";

      52-1 тармақта:
      "он жұмыс" деген сөздер "тоқсан күнтізбелік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "осы Ережелердің 32-тармағында айқындалған" деген сөздер алып тасталсын;

      "қажетті құжаттар" деген сөздердің алдынан "Салық кодексінің 203-бабына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      56-тармақта "Резиденттіктi растайтын" деген сөздердің алдынан "203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      60-тармақта "резиденттігін растайтын" деген сөздердің алдынан "203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      60-1 тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "61. Салық кодексінің 200-бабына сәйкес салық агенті резидент емеске кірістерді төлеу сәтіне, егер осындай резидент емес кірістердің түпкілікті алушысы болып табылса және осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы болса, резидент емес ұсынған Салық кодексінің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжат негізінде тиісті халықаралық шартты дербес қолдануға құқылы.
      Резидент емес осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резидент еместігін растайтын құжатты табыс төленетін күннен кешіктірмей табыс еткен жағдайда, резидент еместің табыстарын шегерімге жатқызған кезде салық агентінің халықаралық шартта көзделген салықтың төмендетілген (нөлдік) ставкасын қолдануға да құқығы бар.
      Салық кодексінің көрсетілген бабында белгіленген халықаралық шарттардың ережелерін қолдану тәртібі резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының мынадай түрлеріне:
      дивидендтерге;
      сыйақылар (проценттер);
      роялти;
      сенімгерлік басқарғаны үшін комиссиялар және кастодиальдық қызмет көрсету;
      Салық кодексінің 178-бабының 2) тармағында көрсетілген тек Қазақстан Республикасының шегінен тыс қызмет көрсетуден алынатын табыстарға;
      жөндеу жұмыстарын қоспағанда, егер негізгі құралдарды мақсаты бойынша пайдалану үшін оларды жұмыс істеу күйіне келтірумен (іске қосу-жөндеу, монтаждау жұмыстарын қоса алғанда) тікелей байланысты қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) негізгі құралдарды жеткізіп беруге арналған сыртқы сауда келісім-шартының шеңберінде және тиісті халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде орындалса, осындай көрсетілетін қызметтерден (жұмыстардан) түсетін табыстарға;
      күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге жасалған және осы резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындауға жасасқан өзге де келісім-шарттармен (жобалармен) байланысты емес қысқа мерзімді келісім-шарттар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түсетін табыстарға; осы Кодекстің 178-бабында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға жататын, осы Кодекстің 198 - 201-1-баптарында , сондай-ақ осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көзделмеген өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады";

      62-тармақтың мемлекеттік мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

      64-тармақта "резиденттігін растайтын" деген сөздердің алдынан "203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      75-3 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Резидент емес жеке тұлғада Салық кодексінің 201-1-бабы 2-тармағында көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысанын табыс ету кезінде резиденттігін растайтын құжат болмаған жағдайда, резидент емес жеке тұлғаның осындай табыстары Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.";

      Ереженің 13-тарауының атауында "ережелерiн" деген сөзден кейін "және резиденттікті растайтын құжатты" деген сөздермен толықтырылсын;

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "78. Салық кодексінің 198 және 198-1-баптарын қолданған жағдайда, өтінішті салық органы мынадай талаптар орындалған кезде:
      1) салық төлеуші өтінішпен бірге:
      жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға жасалған келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердің) көшірмелерін;
      резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетіле отырып, құжаттардың (құрылтай құжаттардың не сауда-саттық тізілімінен үзінді жазбаның) көшірмелерін;
      орындалған жұмыстар актісін және (немесе) резидент еместің әртүрлі жұмыстарды орындау фактісі мен мерзімін растайтын өзге құжатты;
      объектіні пайдалануға қабылдау актісін және (немесе) құрылыс жұмыстарын орындау фактісі мен мерзімін растайтын өзге құжатты;
      қызметтер көрсету фактісі мен мерзімін растайтын шотты, төлем құжатын; мүлікті (жабдықты) жалға беру фактісі мен мерзімін растайтын Қазақстан Республикасында мүлікті (жабдықты) қабылдап алу және жалға беру актісін;
      жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) жасалған келісім-шарт (шарт, келісім) бойынша резидент емес өтініш берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында жеке тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасында резидент емес өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның) атынан жұмыстарды орындайтын резидент еместердің тізімін осындай жеке тұлғалардың паспорттық деректерін, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімін көрсете отырып табыс еткен;
      2) салық агенті:
      есептелген және төленген табыстар және ұстап қалған салықтар сомасын растайтын бухгалтерлік құжаттарды:
      резидент еместің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастауы туралы және резидент еместің Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды аяқтауы туралы өтініштерінің көшірмелерін салық органының оларды қабылдағаны туралы белгілерімен қоса табыс еткен;
      3) Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан резидент емес салық төлеушінің резиденттігі мемлекетінің құзыретті немесе уәкілетті органы резидент емес салық төлеушінің резиденттігін (аталған өтініш бланкісінде немесе резиденттікті растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса тіркей отырып) растаған кезде қабылдайды. Бұл ретте осы баптың және Салық кодексінің 195 , 198 - 201-1 және 203-баптарының мақсаттары үшін тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар резидент емес резиденттік еліндегі өзінің тіркелу деректері өзгерген жағдайда, көрсетілген баптарда белгіленген тәртіппен өзгерген деректерді ескере отырып, резиденттігін растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті;
      4) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі заңында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 шілдедегі N 264 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1350 болып тіркелген) бекітілген Консулдық заңдастыру Ережелерiнде белгіленген тәртіппен қойылған қол мен резидент еместің резиденттігін (резиденттігін растайтын құжатты) растаған органның және резиденттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынған жағдайда шетелдік нотариустың мөрін дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруды жүзеге асырған кезде қабылдайды.
      Егер, өтiнiш берушi - шетелдiк тұлға 1961 жылғы 5 қазандағы шетелдiк ресми құжаттарды жариялау талабын жоятын Конвенцияға (бұдан әрi - Конвенция) қосылған ел резидентi болып табылған жағдайда, онда шетелдiк тұлға оның резиденттiгiн куәландырған шетелдiк мемлекеттiң құзыреттi орган қолы мен мөрiн жариялауға қатысты Конвенцияның ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына аталған Конвенцияның күшiне енуiнен кейiн осы Конвенцияның ережелерiн қолдануға құқылы.";

      Мынадай мазмұндағы 78-1-тармақпен толықтырылсын:
      "78-1. Салық кодексінің 195, 199-201-1-баптарын қолдану мақсатында шетелдік тұлғаның резиденттігін растайтын құжатты салық агенті (салық органы) осы баптың Салық кодексінің 203-бабы 2-тармағында белгіленген талаптар орындалған кезде қабылдайды.
      Салық төлеушінің резиденттігін растайтын Салық кодексінің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін резидент емес салық төлеуші (салық агенті) Салық кодексінің 196, 199-201-1-баптарында көзделген салық есептілігінің тиісті нысанымен бір мезгілде салық есептілігінің тиісті нысаны ұсынылатын жердегі салық органына табыс етеді.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "84. Салық органы резидент еместің аталған өтінішін резидент емес Салық кодексінің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, өтінішті салық органына берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды, және өтініште көрсетілген ақпараттың дұрыс болған жағдайда, расталған өтінішті резидент емеске береді және Салық кодексінің 40-бабында көзделген тәртіпте мемлекеттік бюджеттен табыс салығының сомасын қайтару жүргізеді.
      Резидент емес талап етілетін құжаттарды тапсырмаған, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпаратты беру туралы сұрау жіберілген жағдайда резидент еместің өтінішін қарау мерзімі көрсетілген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.";

      89-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Резиденттiлiгiн растайтын, N 3 нысан бойынша құжатты фирмалық бланкіде салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған (мемлекеттік уәкілетті органды қоспағанда) салық органы бередi.";

      89-1-тармақта:
      бірінші абзацта "уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздер "салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған (мемлекеттік уәкілетті органды қоспағанда) салық органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) және 3) тармақшаларында "жеке бас куәлiгi" және "төлқұжат" деген сөздер "жеке бас куәлiгiнің" және "төлқұжатының көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      90-тармақта "осы Ережелердiң 32-тармағымен айқындалған" деген сөздер алып тасталсын;

      көрсетілген Ережеге 2, 3, 6-қосымшалар алып тасталсын;

      көрсетілген Ережеге 8-қосымшада:

      мемлекеттік тілдегі мәтінінде өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген Ережеге 10-қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Халықаралық салық салу басқармасы (Мұқанова М.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Юсупов Р.Ю.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің
      Төрағасы

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің
      Төрағасы
 
       2007 жыл 30 наурыз