"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3772 нөмірлі болып тіркелген, Заң газетінде 2004 жылғы 7 қазанда N 185-156 (919-920) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесінде:
"3. Мемлекет сыйлығын төлеу:
1) шарттық соманы төлеген кезде;
2) салымшы салымды бес жылдан астам жинақтаған кезде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекет сыйлығы тұрғын үй қарызын алуға өтініш берген сәтке дейін есептеледі.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Салым бойынша тиесілі мемлекет сыйлығы сомасының түпкілікті есебіне тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын есепті жылы жүйелі түрде (қаржы жылының ішінде үш және бірнеше рет ретті түрде) бұзған салымшы енгізілмейді.";
17-тармақ 6) тармақшадан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекет сыйлығын қайтару салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын жүйелі түрде бұзу орын алған тек сол қаржы жылы үшін жүзеге асырылады. Салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуына байланысты ағымдағы жылы мемлекет сыйлығының бюджетке қайтарылған салым сомасы келесі жылы мемлекет сыйлығы бар болған кезде есепке алынады.".