РҚАО-ның ескертуі!
2011.01.01 бастап бұйрықтың күші жойылады - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.30 № 442 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында халықаралық авиациялық стандарттарды енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалуын ұйымдастыру туралы Ережені бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қарашада мемлекеттік тіркеудегі нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде тіркелген) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 2 қарашадағы N 207 бұйрығына төмендегідей толықтырулар мен өзгертулер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалуын ұйымдастыру туралы Ережесінде:
3-1-тармағы келесі мазмұнда толықтырылсын:
"3-1. Еуропа және Америка Құрама Штаттары елдерінің авиациялық өкіметімен сертификатталған түрлері азаматтық авиация әуе кемелерін пайдаланушылардың және экипаж мүшелерінің қатысында Ереженің 6 тарауының жағдайына қолданылады . Ереженің басқа жағдайлары көрсетілген пайдаланушылардың және экипаж мүшелерінің қатысы бойынша Ереженің 6 тарауында реттелмеген бөлігінде.";
4-тармақта:
3) тармақшада "немесе өзге әуежай, экипаж мүшесінің келісімі бойынша анықталған, және экипаж мүшесі тұру үшін тұрғын үймен қамтамасыз етілмейді" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша ", және ол демалыс кезеңімен үзілмейді" деген сөздермен толықтырылсын;
24) тармақшада:
"ұшу маманы" деген сөздер "біреу немесе бірнеше ұшу мамандары" деген сөздермен толықтырылсын;
"ол қосылды" деген сөздер "олар қосылды" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақта "салық бақылауы" деген сөз төмендегі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"пайдаланушының өкімі бойынша экипаж мүшелерін тасымалдау, өту уақытын қоса алмағанда (өту уақыты уақыт секілді анықталады, экипаж мүшесінің тұрғылықты мекен-жайынан (уақытша келуі, демалыс), келіп жету орнына (қызметтік міндеттерді орындау орны) дейін орын алмастыруға жұмсаған";
6 тарау төмендегі мазмұнда толықтырылсын:
"6. Еуропа немесе Америка Құрама Штаттары елдерінің авиациялық өкіметімен сертификатталған түрлері азаматтық авиациясының әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалу уақыты
64. Еуропа немесе Америка Құрама Штаттары елдерінің авиациялық өкіметімен сертификатталған түрлері азаматтық авиациясының әуе кемелерін пайдаланушы Ережеге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалу уақытын ұйымдастыру жөніндегі жеке ережесі бекітеді.
65. Пайдаланушы көрсетілген әуе кемесінде:
1) ұшу алдындағы дайындықты жүзеге асыру үшін қажетті уақыт есебімен ұшуды жоспарлау, жерде әуе кемелерінің ұшырылу арасында тұрған уақыты мен ұшыруын орындау;
2) экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалуын ұйымдастыру саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Ережеге сәйкес ұшырылымдарды жоспарлау және жүзеге асыру;
3) базалық әуежайдағы әр экипаж мүшесі үшін экипаж мүшесінің келісімі бойынша анықтауды;
4) ұшырылу жиілілігін анықтау кезінде және экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалу уақыты жұмыс уақытының ұзақтығына арналған барынша қажетті демалу әсер ету есебін;
5) экипаж мүшелерінің ұшудағы жұмыс уақытын жоспарлауды, экипаж мүшелерінің өте қалжырауын тудырмау, ол ұшу қауіпсіздігі қауіп-қатерінің алдын алуды;
6) экипаж мүшелері үшін ұшу кестесін жариялау және күні бұрын хабарлауды даярлау;
7) экипаж мүшелері үшін демалыс күндерін жоспарлау, ол оларды күні бұрын хабарлауды;
8) Ережеге сәйкес экипаж мүшелеріне демалыс ұсынуды қамтамасыз етеді.
66. Экипаж мүшесі:
1) экипаж мүшесі өзін қажыдым деп санаса немесе солай ойласа, ол ұшу алдындағы барысында қажығандықты сезсе бұндай қажығандық кезінде қауіп төндіру әуе кемесінде ұшуды орындамау мүмкіндігін;
2) оған берілген шарттарды оңтайлы орындау және өзінің қызметтік міндеттерін ең жақсы орындау үшін демалу уақытын қамтамасыз етеді.
67. Әр экипаж мүшесі үшін жұмыс экипажының мүшесі ретінде ұшу уақыты артық болуы мүмкін емес.
1) күнтізбелік жыл ішінде ұшу уақыты сегіз жүз сағат;
2) жиырма сегіз ретті күндердің ішінде ұшу уақыты жүз сағат.
Ұшуды орындау мақсатында бастапқы қозғалысының уақыты кезеңіндегі ұшу уақыттары болып әуе кемесінің қозғалған кезінен бастап әуе кемесінің тоқтаған кезеңіне дейін және қозғалтқыштарының толық тоқтағанына дейін.
67. ҰЖУ барынша тәуліктік ұзақтығы отыз сағатты құрайды.
68. ҰЖУ барынша тәуліктік ұзақтығы әр ұшып-қонғанға отыз минутқа азаяды, бірақ үшіншіден бастап, егер ол экипаж мүшесі мен жұмыс берушінің арасындағы жеке еңбек шартында көзделмеген болса екі сағаттан артық емес.
69. ҰЖУ басталған жағдайда, Биологиялық цикардолық ырғағы дене мүшесінің психофизиологиялық қызметінің (бұдан әрі - ДПФҚБЦЫ) төменгі деңгейі кезеңінде, Ереженің 68, 69 тармақтарында көрсетілген ҰЖУ-дың барынша ұзақтығы экипаж мүшелерінің ДПФҚБЦЫ-ға келген уақытына дейінгі санына азайтылады, бірақ егер ол экипаж мүшесі мен жұмыс берушінің арасындағы жеке еңбек шартында көзделмеген болса екі сағаттан артық емес.
70. ДПФҚБЦЫ екі сағат және бес сағат елу тоғыз минут арасындағы уақытты түсінеміз. ДПФҚБЦЫ үш сағаттық белдеу шегінде жергілікті уақыт бойынша базалық әуежаймен анықталады. Үш сағаттан артық белдеуді бөлген жағдайда ДПФҚБЦЫ базалық әуежайдың жергілікті уақыты бойынша базалық әуежайдың сағаттық белдеуінен алғашқы сегіз сағат ішіндегі мерзімінде ДПФҚБЦЫ жергілікті уақыт бойынша анықталады.
71. ҰЖУ ДПФҚБЦЫ-да аяқталатын жағдайда ҰЖУ-дың барынша ұзақтығы Ереженің 68, 69-тармақтарында көрсетілген ҰЖУ-дың барынша ұзақтығы экипаж мүшелерінің келген уақытының жартысына ДПФҚБЦЫ азайтылады.
72. ҰЖУ-дың барынша тәуліктік ұзақтығы пайдаланудың келесі жағдайларында ұзартылуы мүмкін:
1) Күтпеген жағдайлардың туындауы кезінде ұшу қауіпсіздігіне қауіп туындауы мүмкін;
2) Ережеде көрсетілген өзге жағдайларда.
73. Пайдаланушы күнтізбелік күннің онынан кешіктірмей ҰЖУ-дың тәуліктік барынша ұзақтығын пайдалану шешімі бойынша жүргізілгені туралы осындай шешімнің қабылданған себептерін көрсете отырып, уәкілетті органға хабарлайды.
74. Пайдаланушымен ҰЖУ-ды ұзарту алты немесе одан да көп ұшыру-қондыру ұшырылымдары жағдайында жіберілмейді.
75. Егер экипаж мүшелерінің ДПФҚБЦЫ келген уақыты екі сағатқа дейін болса, ҰЖУ ұзарту төрт ұшыру-қондыру ұшырылымдарынан аспайтын жағдайында жіберіледі.
Егер экипаж мүшелерінің ДПФҚБЦЫ келген уақыты жағдайында екі ұшыру-қондыру ұшырылымдарынан аспайтын, ұшыру серияларына қатысты ҰЖУ ұзарту жіберіледі.
76. Пайдаланушының шешімі бойынша ҰЖУ аптасына екі рет жіберіледі.
77. Пайдаланушының шешімі бойынша ҰЖУ ұзарту ұшу алдындағы немесе ұшудан кейінгі демалысы екі сағатқа немесе төрт сағатқа ұзартылады, ал бортсеріктерге қатысты ұшу уақыты кезіндегі тиісті бейінде арттырылуы мүмкін.
ҰЖУ екі іргелес кезеңдерін ұзарту кезінде, экипаж мүшелерінің ұшу алдындағы немесе ұшудан кейінгі демалысының барынша уақыты ҰЖУ екі кезеңі арасында ұсынылатын болады.
78. Ұшу немесе ұшу серияларын орындауға жоспарланған бортсеріктер үшін, арасындағы уақытының айырмашылығына ұзартылатын болады.
79. Егер ҰЖУ жиырма сағат арасында төрт сағат елу тоғыз минутқа дейін қысқарса, онда ҰЖУ он бір сағат қырық бес минөтке дейін қысқарады.
80. Ұшырылымдардың кестесі мынадай жағдайда құрылуы керек, ол жоспарланатын ұшу уақыты ҰЖУ барынша тиісті болуы керек. Пайдаланушы міндетті түрде жоспарланған кестені өзгерту бойынша немесе экипаждарды өзгертуді жоспарлау мақсатында шаралар қолданады.
81. Базалық әуежайда ұшу алдындағы демалыс уақыты алдыңғы жұмыс уақытының ұзақтығы бойынша немесе аса ұзақ болып көрінетін он екі сағатқа тең келуі мүмкін.
82. Базалық әуежайдан басқа ұшу алдындағы демалыс алдыңғы жұмыс уақытының ұзақтығы бойынша немесе аса ұзақ болып көрінетін он сағатқа тең келуі мүмкін.
83. Базалық әуежайдан басқа ұшу алдындағы демалыс уақыты кезінде пайдаланушы экипаж мүшелеріне демалыс уақытының есебінсіз сегіз сағаттық ұйқысымен демалу орнына жеткізіп салуға және өзге де физиологиялық қажеттіліктерді қамтамасыз етеді.
84. Пайдаланушы экипаж мүшелеріне сағат белдеулерінің әсерін өтеу мақсатында экипаж мүшелеріне қосымша демалу уақытын қамтамасыз етеді.
85. Экипаж мүшелеріне аптасына бір күн демалыс беріледі, жергілікті уақыт бойынша екі түн және отыз алты сағаттан аспайтын, іргелес демалыс уақыты кіреді. Демалыс күн бірінші демалыстың аяқталуымен және келесі демалыстың жүз алпыс сегіз сағатынан аспайтын уақыт кезеңде ұсынылады.
Ұшу алды немесе ұшудан кейінгі демалыс кезеңінде демалыс күнінің бөлігі болуы мүмкін.
86. Бекітілген Ереженің нормаларына сәйкес ұшырымды орындау уақытында, ҰЖУ және күтілмеген жағдайлар туғанда, ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін барлық экипаж мүшелерінің келісімімен әуе кемесі командирінің шешімімен (бұдан әрі - ӘКК шешімі) өзгертілуі мүмкін.
87. ӘК командирінің шешімімен Ережедегі 68-тармақпен көрсетілген, ҰЖУ барынша ұзақтылығы:
1) Күшейтілген ұшу экипажын пайдалану жағдайында екі сағаттан аспайтын, бірақ үш сағатқа артық арттырылуы мүмкін.
2) тағайындау әуежайында немесе запастағы аэродромда, егер күтпеген жағдайлар ұшу кезінде туындаса, ең соңғы ұшу телімінде ҰЖУ шеңберінде ұшырылым аяқталғанға дейінгі кезеңде арттырылуы мүмкін.
88. ӘК командирінің шешімімен экипаж мүшелерінің демалыс кезеңі келесі ҰЖУ кезеңінде Ереженің 82-тармағында көзделгенмен, деңгейіне дейін қысқартылуы мүмкін.
89. Егер экипаж мүшелері қажығандығын сезінсе, ұшу қауіпсіздігінің қаупіне әкеліп соғуы мүмкін, барлық экипаж мүшелерінің келісімімен әуе кемесі командирінің шешімімен ҰЖУ қысқартылуы және (немесе) экипаж мүшелерінің демалу уақыты қысқартылуы мүмкін.
90. Әуе кемесінің командирі пайдаланушыға ҰЖУ арттыру фактісі туралы немесе экипаж мүшелерінің демалу уақытының қысқартылуы туралы есепті ұсынады.
91. Егер ҰЖУ арттырылса немесе экипаж мүшелерінің демалу уақыты бір сағатқа қысқарса, пайдаланушы әуе кемесі командирі есебінің көшірмелерімен және қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, көрсетілген оқиғалардың түскен күнінен бастап күнтізбелік күнінің он күнінен кешіктірмей уәкілетті органға хабарлау керек.
92. Кезекшілік уақыты резервте экипаж мүшелерінің келу сәтінен, резерв секілді анықталған, кезеңнің соңына дейін саналады.
93. Пайдаланушы экипаж мүшелерін кезекшілік резервінің басталу және аяқталу уақытын алдын ала хабарлауды, экипаж мүшесінің өзге орында болатын барынша уақытын, сонымен қатар алдағы уақыттағы резервтегі қызметтік міндеттерді тағайындаумен байланысты қамтамасыз етеді.
94. Пайдаланушы экипаж мүшелерін резервтегі кезекшілікте, демалу және ұшуды күту үшін арнайы жабдықталған жеке бөлмелермен қамтамасыз етеді.
95. Ұшуды орындау уақытында жұмыс қабілеттілігінің төмендеуінен сақтану үшін ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін экипаж мүшелеріне тамақтану және дәмді ішімдік мүмкіндігі ұсынылуы тиіс.
96. Пайдаланушы экипаждың әр мүшесі бойынша, өзіне қатысты есеп жүргізуді қамтамасыз етеді:
1) ұшырылым уақыты;
2) жұмыс уақытының және ұшу уақытының басталуы, ұзақтығы және аяқталуы;
3) ұшу күнінен бос уақытындағы демалыс уақыты және күндері (ұшу тапсырмасынан бос күндізгі күн қызметтік міндеттерді орындаудан бос күні және алдыңғы мен келесі түндерді енгізетін бос күні болып саналады);
4) резервтегі кезекшілік уақыты.
97. Пайдаланушы және экипаж мүшелері олардың сауалдары бойынша бір-біріне жүргізілген есеп жазбаларының көшірмелерін ұсынады.";
Ереженің 2 қосымшасында "А-310", "Б-747", "ДС-10", "Б-757", "Б-767", "Б-737", "Bае-125", "Falcon", "Gulfstream", "Фоккер-50" сөздер мен сандар алынып тасталсын.
2. Бұл бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігі
Азаматтық авиация комитеті
Төрағасының міндетін атқарушы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2007 жылғы 21 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2007 жылғы 21 наурыз