Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 80-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2006 жылғы наурыз-сәуір, N 3-4, 207-құжат, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3714 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 6 маусымдағы N 132 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының
2007 жылғы»5 наурыздағы
N 93 бұйрығымен
бекітілген
Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды,
пайдалануды және олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру мен орман өсіруге арналған орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру тәртібін реттейді.
2. Орман тұқымдарын дайындау тұрақты орман тұқымы базасы объектілерінде (ТОТБ) жүзеге асырылады, ал олар жетіспеген жағдайда қалыпты екпелерде тұқым дайындауға жол беріледі.
Орман тұқымдарын кемістігі бар екпелерден және кемістігі бар ағаштардан дайындауға тыйым салынады.
3. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу және сақтау олардың селекциялық санаттары: сортты, жақсартылған, қалыпты санаттар бойынша бөлек жүргізіледі.
4. Орман тұқымдарының, ал кейіннен көшет материалының және өсірілген жасанды орман екпелерінің тегі мен генетикалық сапасының жойылуына жол бермеу мақсатында орман тұқымдарын дайындау, өңдеу және сақтау біртекті партиялармен жүзеге асырылады.
2. Орман тұқымдарын дайындауды ұйымдастыру тәртібі
5. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман тұқымдарын дайындауды ұйымдастыруды сүрек дайындау үшін мемлекеттік орман қорының учаскелері ұзақ мерзімді орман пайдалануға бекітіп берілген орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар жүзеге асырады.
6. Орман тұқымдарының қажетті мөлшері мен олардың түр құрамын орман иеленуші:
1) орман орналастыру айқындайтын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру, орман өсіру жөніндегі іс-шаралардың көлемін;
2) басқа заңды және жеке тұлғалардың тұқымдар жөніндегі қажеттілігін, оның ішінде экспортқа тұқым шығаруды қанағаттандыруды;
3) жеміс беру кезеңділігі ұзақ жекелеген ағаш түрлері тұқымдарының резервтік қорын жасау қажеттігін басшылыққа ала отырып белгілейді.
7. Орман тұқымдарын дайындауды ұйымдастыру кезінде:
1) орман тұқымдарының аудандастырылуын сақтау және орман тұқымдарын орман өсіру жағдайларына сәйкес пайдалануға кепілдік беретін түрлер бойынша орман тұқымдарының бөлек жиналуын қамтамасыз ету;
2) орман тұқымдарының жоғары сапалы болуы тән ТОТБ-ының жеміс беретін объектілерінде орман тұқымдарының барынша көп жиналуын қамтамасыз ету;
3) орман тұқымдарын дайындауды бір текке жататын алуан түрлер бірге өскен жағдайда түрлері бойынша бөлек, ал фенологиялық нысандары анық байқалатын ағаш түрлерінің тұқымы үшін - осы нысандар бойынша бөлек жүргізу қажет.
8. Орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар орман тұқымдары жаппай пісіп-жетілмей тұрып олардың шығымдылығын анықтау мақсатында орман тұқымдарын жинауға арналған барлық жеміс беретін объектілерге алдын ала тексеру жүргізеді.
9. Орман тұқымдарының күтілетін өніміне болжам жасау алдын ала бөлінген көлемі кемінде 0,25 га сынақ алаңында осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес алты баллдық шәкіл бойынша көзбен байқап көру әдісімен жүргізіледі.
10. Орман тұқымдарын бақылау мақсатында жинау үшін учаскеде тозаңдану және жарықтану жағдайлары әртүрлі 3-10 қалыпты ағаш бөледі. Орман тұқымдарын ұшарбасының әр қабатынан осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес орташа үлгінің мөлшерлі салмағы көлемінде жинайды.
Орман тұқымдары сапасының бастапқы бағасын кесу немесе өсіру әдісімен анықтайды.
11. Орман тұқымдарын жинау осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген мерзімде олар толық піскеннен кейін жүзеге асырылады.
12. Орман тұқымдары өсіп тұрған, кесілген ағаштар мен бұталардан, сондай-ақ жер бетінен (шашылып қалған тұқымдар) дайындалуы мүмкін.
13. Өсіп тұрған ағаштар мен бұталардан бүрлер мен жемістер қолмен немесе кескіш, тістегіш құралдарды, әртүрлі сатыларды, көтергіш құрылғылар мен машиналарды пайдаланып жиналады.
Бұл ретте өсіп тұрған ағаштардың бұталарын шабуға және кесуге, сондай-ақ сексеуілдің бұталарын сындыруға болмайды.
14. Тұқым жиналатын жердің беті алдын ала тазартылып, жер бетінен негізінен ірі жемістер: емен жаңғағы, жабайы жемістер, грек жаңғағы, сондай-ақ сүйір жапырақты үйеңкі, шегіршін және басқа да ағаштардың тұқымдары жиналады.
15. Уақытша орман тұқымы учаскелерінде (бұдан әрі - УОТУ) және кеспеағаштарда (қалыпты екпелерде) кесілген ағаштардан бүрлер мен жемістер дайындау үшін ағаш дайындау мерзімі орман тұқымдарын жинау мерзімімен ұштастырылады. Шабылған бұтақтардан бүрлер мен жемістер жинау ағаштар құлатылған жерден әрі кеткенде 50 м қашықтықта жүргізіледі.
3. Орман тұқымдарын өңдеу тәртібі
16. Жиналған бүрлер мен құрғақ жемістерді сақтау кезінде өздігінен қызып кетпеуі үшін кептіріп алады.
17. Тез бұзылатын шырынды жемістерді (тұт, қарақат, сары өрік және басқалары) орман тұқымдарын ажыратып алу үшін бірден өңдеуге жібереді.
18. Орман тұқымдарын өңдеу ағаш тұқымдарына, жемістің түрлеріне, тұқым шикізатының жай-күйіне байланысты осы Ережеге сәйкес жүргізіледі.
Параграф 1. Қылқан жапырақты ағаштардың орман
тұқымдарын өңдеу
19. Қылқан жапырақты ағаштардың орман тұқымдарын бүрлерден және бүржидектерден ажыратып алу механикалық тәсілмен немесе бүрлердің ашылуы үшін оларды кептіру жолымен жүзеге асырылады.
20. Қарағайдың кейбір түрлерінің (самырсын, корей), сібір майқарағайының және аршалардың тұқымдарын ажыратып алу үшін механикалық өңдеу тәсілі қолданылады.
Бұл орайда бүрлер арнайы машиналарда немесе қолмен ағаш балғалармен немесе ағаш үккіштермен ұнтақтау арқылы үгітіледі.
Сібір майқарағайының, шығыс биотасының және батыс боз аршасының бүрлері олар толық піскенге дейін жиналады, пісуі үшін кептіреді және арнайы машиналарда үгітеді. Бүрлерді арнайы машиналарда немесе қолмен ұнтақтайды.
21. Кәдімгі қарағайдың, шыршаның, сібір балқарағайының, сібір майқарағайының бүрлерін тұқым ажырату үшін бүркептіргіштерде немесе табиғи жағдайда - ауада және күн көзінде кептіреді.
Бүрлерден ажыратып алынған тұқымдарды тұқым тазартқыш машиналарда, қанатсыздандырғыштарда, желпігіштерде немесе торларда қанатсыздандырады және желпиді.
22. Кәдімгі қарағай мен шыршалардың тұқымын сумен қанатсыздандыруға болады. Бұл орайда қанатсыздандырылмаған тұқымдарды жылы бөлмеге (ауа температурасы 25 o С) жайманың үстіне 10 см-ге дейін қалыңдықпен шашып, 1 кг тұқымға 100 г су есебімен бүріккішпен біркелкі дымқылдайды. Күні бойы орман тұқымдарын бірнеше рет аударыстырады, содан соң желпиді.
23. Сукачев балқарағайы мен Шренк шыршасының толық дәнді орман тұқымдарын дәні жоқ тұқымдардан оларды: балқарағайды - 4-5 сағат және шыршаны 15-20 сағат суға батырып қою арқылы бөліп алуға болады. Тұқым мен судың арақатынасы тиісінше 1:5.
Судың бетіне қалқып шыққан орман тұқымдарын жинап алады, суды төгіп тастайды, ал түбінде қалған толық дәнді орман тұқымдарын белгіленген дымқылдылыққа дейін кептіреді.
24. Табиғи жағдайда - ауада және күн көзінде кептіру құрғақ және желдетілетін бөлмелерде немесе күн астында жүргізіледі. Бұл ретте кептіру процесін жеделдету үшін бүрлерді жұқалап жайып қояды және күніне 1-2 рет араластырады.
Ашылған бүрлерді тұқым тазалағыш машиналарда немесе қолмен үгітеді.
Параграф 2. Жапырақты ағаш түрлерінің жемісі
мен орман тұқымдарын өңдеу
25. Жапырақты ағаш түрлерінің орман тұқымдары былай бөлінеді:
1) құрғақ (емен, қайың, үйеңкілер және басқалар);
2) шырынды, оның ішінде:
шырынды жеміссерігімен (қарақат, тұт және басқалар);
етті жеміссерік (сары өрік, қара өрік және басқалар);
еті құрғақ жеміссерік (пісте, жаңғақ және басқалар).
26. Еті құрғақ жеміс серігі бар құрғақ орман тұқымдары мен жемістерді жинап алғаннан кейін шіріп кетпеуі үшін оларды кеуіп құрғап қалғанша кептіреді. Бұл үшін оларды бастырманың астына немесе жақсы желдетілетін бөлмелерде жайманың үстіне немесе сөрелерде 3-4 см (қарағаштар) және 10-15 см (емен жаңғағы, жаңғақтар) қалыңдықта жайып тастайды.
27. Кептіру ұзақтығы ағаш түріне және ауа райы жағдайларына байланысты болады. Құрғақ ауа райында қарағаш тұқымдарын кептіруге 2-3 күн, жаңғақ жемістілері - 3-5 күн, үйеңкілер мен шағандардың қанатты тұқымдары - 5-7 күн, емен жаңғағы үшін - 10 күнге дейін қажет болады.
28. Құрғақ жемістерді кептіру үшін қолда бар бүркептіргіштерді немесе ауылшаруашылық астық кептіргіштерін пайдалануға болады.
29. Кептіріп алған соң құрғақ орман тұқымдарын түрлі бөтен қоспалардан (бұтақтар, жеміс тұғырлары, жапырақтар және тағы басқалар) тазартады, тұқым тазалайтын машиналарда қанатсыздандырып (қарағаштардың, сексеуілдің, шаған мен үйеңкілердің және тағы да басқалардың қанатты тұқымдары), кейіннен желпиді.
30. Бұршақ тұқымды ағаштардың, жұпаргүлдің, теректер мен талдардың жемістерін алдымен жайманың бетіне төгіп көлеңкеде кептіреді, сосын күн астында толық ашылғанша жиі-жиі араластырып, соңынан үгітеді және жеміссеріктері мен басқа да қоспалардан тазартады.
31. Жидектердің шырынды жемістері, жеміс шоғыры, сүйекті шырынды жемістер бұзылып кетпес үшін тұқымын ажыратып алу мақсатында өңдеуге жіберіледі.
32. Аз ғана мөлшерде өңдеу кезінде шырынды жемістерден, оның ішінде жидектерден, жеміс шоғырынан, сүйекті жемістерден, шекілдеуік тұқымды ағаштар жемісінен (алма, алмұрт және басқалары) және сүйекті тұқымды ағаштар жемісінен (сары өрік, қара өрік және басқалары), сондай-ақ қына ағашының, ұшқаттың, шетеннің және итмұрынның жемісінен тұқымды ажырату қолмен кесу, оны езу және кейіннен етін ағын сумен шаю арқылы жүргізіледі.
33. Жеміс етінен ажыратылған және жақсы жуып-шайылған орман тұқымдары құп-құрғақ болғанша кептіріледі.
34. Жемістердің үлкен партиялары жеміс өңдейтін кәсіпорындарда қолданылатын жеміс үгітетін, жеміс сүйегін ажырататын және жуу машиналарында жылу қолданылмай өңделеді.
35. Ормандарды қалпына келтіруге және орман өсіруге арналған дайындалған, сондай-ақ орман иеленуші сатып алған тұқымдарды есепке алу осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жүргізіледі.
4. Орман тұқымдарының партияларын қалыптастыру
және орман тұқымдарының орташа үлгісін құрау
36. Жиналған және өңделген орман тұқымдары партияларға бөлінеді, олардың барынша ауыр массасы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.
37. Жекелеген партияда орман тұқымдарының сапасын бағалау орман тұқымдарының орташа үлгісін талдау негізінде жүзеге асырылады.
38. Үлгілер сұрыптауды және орташа үлгіні құрауды орман иеленушінің (орман пайдаланушының) үлгілер сұрыптау жөніндегі уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады.
Параграф 1. Орман тұқымдарының партияларын қалыптастыру
39. Партия біртекті орман тұқымдарынан:
1) түрі немесе түр алуандығы;
2) өсетін орнының жағдайлары;
3) жас топтары (жас балауса, орта жастағы, пісуге жақын, пісіп жетілген);
4) селекциялық санаттары (сортты, жақсартылған, қалыпты);
5) екпелердің шығу тегі (табиғи, жасанды);
6) тұқымды жинау, өңдеу, сақтау тәсілі;
7) түр-түсі, жылтырлығы, иісі және дымқалдану деңгейі бойынша қалыптастырылады.
40. Белгілі бір түр орман тұқымдарының әртүрлі партияларын, оның ішінде массасы бойынша шағын партияларын араластыруға болмайды.
41. Қалыптастырылған орман тұқымдарының партиясы осы Ереженің 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша паспортпен және заттаңбамен куәландырылады.
Параграф 2. Орман тұқымдарының орташа үлгісін құрау
42. Тұқымның орташа үлгісін орман тұқымдарының қалыптастырылған партиясынан үлгілер сұрыптау және бастапқы үлгіні құрау жолымен алады.
43. Үлгі сұрыптау ағаштың түріне және орман тұқымдары партияларын сақтау жағдайларына байланысты арнайы сүңгілермен (конус, дорба, цилиндр пішінді) немесе қолмен жүргізіледі:
1) үюлі күйінде сақтаулы ұсақ және орташа тұқымдар үшін үлгілер сұрыптау әр қабаттың бес түрлі жерінен (жоғарғы - тереңдігі 10 см, орташа-үйінді биіктігінің жартысы, төменгі - еденнен) жүргізіледі, яғни 15 үлгіден кем болмауы керек;
2) ірі тұқымдар үшін (жаңғақтар, сүйекті жемістер және басқалары) - әр қабаттың он түрлі жерінен 3 үлгіден алады;
3) қаптарда (10 қапқа дейін) сақтаулы сусымалы тұқымдар үшін әр қаптан жоғарғы, орта, төменгі қабаттан бір-бірден кемінде үш үлгі, 10 қаптан көп болған жағдайда - алынған үлгінің тереңдігін алмастыра отырып, әр қаптан бір-бір үлгіден алады;
4) шыны шөлмектерде, темір ыдыстарда, жәшіктерде және басқа да ыдыстарда сақтаулы тұқым партияларынан сүңгілермен немесе қолмен үлгі сұрыптап алу мүмкін болмаған жағдайда тұқымды тегіс жерге төгеді, араластырады, тегістейді және әр ыдыстың тұқымы төгілген жердің әр тұсынан қолмен кемінде бес үлгі сұрыптап алады.
44. Сұрыптап алынған тұқым үлгілерін (жеке-жеке) тегіс жерге төгеді, мұқият қарап шығып, партияның біртектілігін анықтау үшін қоқыстануы, иісі, түр-түсі, жылтырлығы және басқа да белгілері бойынша салыстырады.
45. Жекелеген үлгілердің күрт айырмашылықтары болмаған жағдайда оларды бастапқы үлгі етіп біріктіреді, оның массасы орташа үлгінің кемінде он мәрте массасы мөлшерінде болуы керек.
46. Бастапқы үлгіден тұқым партиясының сапасын анықтау үшін бір орташа үлгіні бөліп алады.
47. Орташа үлгіні бөліп алу үшін бастапқы үлгіні тегіс жерге төгеді, араластырады, ұсақ тұқымдар үшін қалыңдығы 3 см дейін және ірі тұқымдар үшін 10 см астам шаршы түрінде тегістейді, содан соң диагоналдары бойынша 4 ұшбұрышқа бөледі. Екі қарама-қарсы орналасқан ұшбұрыштан тұқым алып тасталынады, ал қалғанын біріктіріп, келесі бөлу үшін қайтадан шаршы түрінде тегістейді. Бөлуді 2-қосымшада көрсетілген белгіленген массаның орташа үлгісін алғанға дейін жүргізеді.
48. Сұрыптап алынған орташа үлгіні алдын ала суға қайнатып дезинфекцияланған тығыз матадан тігілген таза дорбаларға салады, кендір жіппен байлап, тұқым сапасын, оның энтомологиялық зақымдануын және фитопатологиялық залалдануын анықтау үшін паспорттарын, заттаңбаларын және орташа үлгілер сұрыптау актісін қосып, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдарына жөнелтеді.
49. Орман тұқымдарының ылғалдылығын анықтау үшін үлгіні бастапқы үлгі тұқымының қалдығынан дәл осылай құрайды.
Сұрыптап алынған үлгіні таза, құрғақ ыдысқа орналастырып, оны тұқым әбден толтырылғаннан кейін аузын тығынмен нығыздап жабады да, сүргіш, балауыз немесе парафин құяды. Орташа тұқым үлгісін ылғал өткізбейтін пленкадан жасалған сыйымдылығы кемінде 0,5 дм 3 қапқа салуға болады, қаптың шеттері онда барынша аз ауа қалдыра отырып, ыстық әдіспен жабылады немесе мықтап байланады, содан кейін дәл осындай екінші қапқа салынып, ауызы тығыз байлап тасталады. Заттаңбаның бір данасы ыдыстың немесе қаптың ішіне салынады, екіншісін сыртына желімдейді.
50. Қалыптастырылған партиялардан орташа тұқым үлгілерінің сұрыпталу дұрыстығына бақылау жасау мақсатында уәкілетті органның мамандандырылған ұйымы бақылау үлгілерін сұрыптап алады, оларды талдау нәтижелері бойынша тұқым дайындаушыға оң жақтағы жоғарғы бұрышында "Мемлекеттік бақылау" деген белгісі бар тұқым сапасы туралы тиісті құжат беріледі, ал бұдан бұрын берілген тұқым сапасы туралы құжаттар мемлекеттік үлгілердің сұрыпталуымен бір мезгілде алып қойылады.
5. Орман тұқымдарын сақтау және себуге
дайындау тәртібі
51. Себуге арналған орман тұқымдары арнайы қоймаларда (тұқым қоймаларында), ал олар болмаған кезде - 8-қосымшада көрсетілген жағдайларға сәйкес осыған лайықталған құрғақ үй-жайларда сақталуы қажет.
52. Орман тұқымдарын сақтайтын үй-жайлар ауа сору-тарту желдеткіштерімен, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасын тіркеуге арналған приборлармен жабдықталады. Бұл орайда үй-жай ішіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 %-дан аспауға тиіс. Үй-жай тұқым сақтайтын қажетті ыдыспен және үлгілер сұрыптауға арналған құрал-сайманмен: науалармен, дән құйғыштармен, шелектермен және тағы да басқалармен қамтамасыз етіледі.
53. Тұқымды жабық және ашық күйінде сақтайды.
Жабық тәсілмен тұқымды әртүрлі бітеу жабық ыдыстарда (шөлмектерде, канистрлерде, бидондарда, контейнерлерде), ашық тәсілмен (қаптарда, жәшіктерде және үйілген күйінде) сақталады.
54. Тұқым таза, құрғақ, берік және міндетті түрде дезинфекцияланған ыдыста сақталады.
55. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасы көп мөлшерде құбылып тұратын жағдайда тұқым бітеу жабық ыдыста сақталады.
56. Қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы міндетті түрде хлорлы кальций түтікшесі бар тығынмен жабылған және тұқымның ылғалдылығын ауық-ауық қадағалап отыру үшін тікелей шөлмек ішіне кобальт қағазы салынған шыны шөлмектерде сақталады.
57. Орман тұқымдарын цемент, асфальт, тас немесе жер едендерде ашық күйінде сақтауға, сондай-ақ тұқымды қант, тұз және химиялық препараттар салынған ыдыстарда сақтауға болмайды.
58. Қоймаларда тез ылғал тартатын заттарды (тұз, селитра, улы химикаттар және басқалар), тез жанатын сұйық заттарды (бензин, керосин және басқалар), сондай-ақ сапасыз тұқымды, тұқым сақтауға қатысы жоқ мүлікті, материалдарды және құрал-саймандарды сақтауға, қоқыс пен тұқым қалдықтарын қалдыруға болмайды.
6. Орман тұқымдарын пайдалану тәртібі
59. Орман тұқымдары мен көшет материалдарын пайдалану ормандарды жасанды жолмен қалпына келтіру және орман өсіру үшін тұқымдар мен көшет материалын пайдаланудың географиялық және экологиялық таралу аймағы (пайдалану шекарасы) реттелетін орман тұқымдарын аудандастырумен қатаң сәйкестілікте жүзеге асырылады.
60. Қазақстан Республикасының аумағында орман тұқымдары мен көшет материалын пайдалану өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның карантиндік, фитосанитариялық сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.
61. Орман егу және көшет материалын өсіру кезінде тек тексерілген және кондициялы орман тұқымдары ғана пайдаланылады.
62. Себу үшін пайдалануға жататын орман тұқымдары олардың жаппай өсіп-өнуін ынталандыру және топырақтағы өсімталдығын арттыру мақсатында себу алдындағы өңдеуден өтеді.
63. Тұқымдарды себу алдында өңдеудің мынадай тәсілдері қолданылады: тұқымды стратификациялау (тұқымның өніп шығуын жеңілдету) (тұқымды тоңазыту), тұқымның сыртқы қабаттарына механикалық, жылумен және химиялық әсер ету, тұқымдарды микроэлементтермен және өсу стимуляторларымен өңдеу, дыбыспен, ультрадыбыспен және магнитпен әсер ету, тұқымдарды дәрілеу және улау.
Орман тұқымдарын тегіне байланысты себу алдында әзірлеу тәсілдерінің ерекшеліктері осы Ереженің 8-қосымшасында келтірілген.
64. Тұқымдарды себуге стратификациялау арнайы үйлерде, тоңазытқыштарда, жертөлелерде, ұраларда немесе траншеяларда жүргізіледі (жылы стратификация тұқымның түріне байланысты +10-нан + 35 о С-қа дейін, салқын стратификация 0-ден +7 о С-қа (+10 о С сирек) дейін температурада жүргізіледі).
65. Стратификацияның ұзақтығы орман тұқымдарының физиологиялық тыныштығының сипатына, тұқымның өсіп-өнуін тежейтін басқа да факторлардың орын алуына байланысты.
66. Орман тұқымдарын стратификациялауды себуге бір-екі күн қалғанда тоқтатады. Бұл ретте өнген тұқымдарды құрғап қалғанша кептіріп, содан кейін егеді.
67. Орман тұқымдарын тасымалдау (тасу) кезінде олардың бүлінуіне жол бермеу үшін орман тұқымдарын белгілі бір ылғалдылыққа дейін жеткізіп, кептіреді де, 5-6 қабат қағаз немесе мата қаптарға, ағаш жәшіктерге және басқа ыдысқа тығыздамай салады. Ыдысқа салынған орман тұқымдарының бір орнының массасы 50 килограмнан аспайды.
68. Қап-жәшіктің әрбір орыны орман тұқымдарының түр атауы, массасы, паспортының нөмірлері мен күні, жөнелтуші мен алушы ұйымдардың атаулары мен мекен-жайлары көрсетілген ішкі және сыртқы заттаңбалармен жабдықталады.
69. Орман тұқымдары орман тұқымбақтарында себу кезінде, сондай-ақ ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін пайдаланады.
7. Орман тұқымдарының сапасын бақылау
70. Себу үшін пайдалануға жататын орман тұқымдарының себу сапасын анықтауды уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары жүзеге асырады.
71. Орман тұқымдарын дайындауға, өңдеуге, сақтауға бақылау жасауды уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
1-қосымша
Орман тұқымдарының күтілетін өнімін
көз мөлшерімен бағалау шәкілі
(В.Г.Каппер бойынша)
Гүлдену және жеміс беру баллы |
Баллдың сипаттамасы |
1 |
2 |
Екпелер үшін |
|
0 |
Гүлденбейді және тұқым бермейді |
1 |
Гүлденуі немесе өнім беруі өте нашар (гүлі, бүршігі немесе жемісі орман шетіндегі ағаштар мен жекелеген ағаштарда болымсыз мөлшерде және екпелерде өте аз) |
2 |
Гүлденуі және өнімі нашар (еркін тұрған ағаштар мен орман шетіндегі ағаштарда - қанағаттанарлық, ал екпелерде өте нашар) |
3 |
Гүлденуі, өнімі (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда - тәуір, ал орта жастағы және піскен алқаағаштарда қанағаттанарлық) |
4 |
Гүлденуі немесе өнімі жақсы (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда - өте жақсы, ал орта жастағы және піскен алқаағаштарда - жақсы) |
5 |
Гүлденуі, өнімі өте жақсы (еркін тұрған ағаштарда және орман шетіндегі ағаштарда, орта жастағы) және піскен алқаағаштарда - өте жақсы |
Бұталар үшін |
|
1 |
Гүлденуі, жеміс беруі нашар (гүлдері немесе жемістері бірен-саран кездеседі) |
2 |
Гүлденуі, жеміс беруі - орташа (гүлімен жемісі жартысында жеткілікті) |
3 |
Гүлденуі мен жеміс беруі жақсы (бұталардың басым көпшілігі немесе бәрі жақсы гүлденіп, жемі береді). |
Ескерту: Жаппай тұқым дайындау үшін пайдаланылатын селекциялық
санаты әртүрлі барлық жеміс беретін екпелерде алдын ала тексеру
бірыңғай шәкіл бойынша жүргізіледі.
Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
2-қосымша
Орташа үлгінің массасы
р/с |
Түр атауы |
Бір үлгі сұрыптап алынатын партияның |
Орташа үлгі массасы, г |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Кәдімгі өрік |
500 |
2500 |
2 |
Тұшақұрай |
100 |
100 |
3 |
Кәдімгі қарақат |
100 |
100 |
4 |
Салпыншақ қайың |
75 |
25 |
5 |
Шығыс биотасы |
100 |
150 |
6 |
Кәдімгі қынаағаш |
100 |
200 |
7 |
Кәдімгі долана |
100 |
300 |
8. |
Далалық шие |
200 |
400 |
9 |
Кәдімгі шие |
400 |
500 |
10 |
Жылтырлы тегіс шегірін |
100 |
50 |
11 |
Қарағаш |
100 |
75 |
12 |
Үш тікенді қарамала |
400 |
500 |
13 |
Кәдімгі алмұрт |
100 |
150 |
14 |
Сәнтал |
200 |
300 |
15 |
Жүзгін |
200 |
500 |
16 |
Черештат емені |
5000 |
2500 |
17 |
Кәдімгі шырша |
50 |
50 |
18 |
Сібір шыршасы |
50 |
50 |
19 |
Шренка шыршасы |
50 |
75 |
20 |
Кәдімгі ұшқат |
50 |
50 |
21 |
Татар ұшқаты |
50 |
50 |
22 |
Кәдімгі шәңгіш |
200 |
150 |
23 |
Сары қараған |
100 |
200 |
24. |
Ақ үйеңкі |
300 |
500 |
25 |
Сүйір жапырақты үйеңкі |
300 |
500 |
26 |
Дала үйеңкісі |
200 |
300 |
27 |
Татар үйеңкісі |
200 |
300 |
28 |
Ат талшыны |
2000 |
3500 |
29 |
Үлкен жапырақты жөке |
300 |
500 |
30 |
Кіші жапырақты жөке |
200 |
300 |
31 |
Сібір балқарағайы |
50 |
75 |
32 |
Жіңішке жапырақты жиде |
200 |
500 |
33 |
Виргин аршасы |
100 |
200 |
34 |
Қара арша |
100 |
150 |
35 |
Шырғанақ |
100 |
150 |
36 |
Греция жаңғағы |
1000 |
5500 |
37 |
Кәдімгі шабдал |
1000 |
2500 |
38 |
Сібір самырсыны |
100 |
100 |
39 |
Ақ инеш |
100 |
150 |
40 |
Итті раушан |
100 |
150 |
41 |
Кәдімгі шетен |
50 |
25 |
42 |
Ақ сексеуіл |
500 |
50 |
43 |
Қара сексеуіл |
500 |
50 |
44 |
Жалқын |
75 |
75 |
45 |
Қараөрік |
400 |
750 |
46 |
Соғды қараөрігі |
500 |
1500 |
47 |
Қарақат |
30 |
30 |
48 |
Шығыс сараңы |
500 |
100 |
49 |
Шеркез, Рихтер сараңы |
500 |
100 |
50 |
Сібір самырсыны |
500 |
1000 |
51 |
Кәдімгі қарағай |
50 |
50 |
52 |
Батыс аршасы |
30 |
25 |
53 |
Ақ тұт |
30 |
30 |
54 |
Қаратұт |
30 |
25 |
55 |
Орман алмасы |
100 |
150 |
56 |
Паллас немесе сібір алмасы |
75 |
50 |
57 |
Жасыл шаған |
200 |
300 |
58 |
Кәдімгі шаған |
200 |
400 |
59 |
Соғды шағаны |
200 |
300 |
Ескерту:
1. Барынша ауыр массаның 1/25 бөлігін құрайтын тұқым партиясы
шағын партия деп есептеледі.
2. Массасы бойынша шағын партиядан орташа үлгі белгіленген
массаның тең жартысын құрайтын тұқым үлгісі сұрыптап алынады.
3. Бір түр тұқымдарының массасы бойынша шағын бірнеше
партиясын араластыруға болмайды және олардан бір орташа үлгі
сұрыптап алуға жол берілмейді.
4. Артықшылығы бар ағаштардан және ерекше бағалы тұқымды
ағаштарынан жиналған тұқымдар үшін орташа үлгілердің белгіленген
массасын сақтамауға болады.
Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
3-қосымша
Қазақстандағы негізгі ағаш және бұта тұқымдыларының
гүлдену, пісіп-жетілу және олардың жемістерін,
бүрлерін және тұқымдарын жинау күнпарағы
р/с |
Түр атаулары |
Уақыты (айлар) |
|||
гүлденуі |
пісуі |
жиналуы |
піскен жеміс пен бүрдің түр- |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қылқан жапырақтылар |
|||||
1 |
Сібір шыршасы |
Ү-VI |
ҮІІІ |
ҮІІІ-ІХ |
құба |
2 |
Шренка шыршасы |
Ү |
ІХ |
ІХ |
қоңыр жылтыр |
3 |
Сібір балқарағайы |
IҮ-V |
ҮІІІ-ІХ |
ҮІІІ-ІХ |
ашық-сары немесе қоңыр-сары |
4 |
Кәдімгі арша |
IV-V |
IX |
IX-X |
қара - көкшіл |
5 |
Зеравшан аршасы |
IV-V |
IX |
X |
қара-қошқыл |
6 |
Түркістан аршасы |
IV-V |
VII |
IX |
жылтыр қара |
7 |
Сібір самырсыны |
Ү-ҮІ |
ҮІІІ-ІХ |
ІХ-Х |
құба, ашық-құба |
8 |
Сібір балқарағайы |
VI |
VІІІ-ІХ |
ІХ |
сұр-қоңыр |
9 |
Кәдімгі қарағай |
V-VІ |
ІХ-Х |
Х-ІІІ |
сұр, сұр-құба, қара-қоңыр, қызғылт қоңыр |
10 |
Батыс бозаршасы |
ІV-V |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
сұр-қоңыр, қара-қоңыр |
Жалпақ жапырақтылар |
|||||
11 |
Кәдімгі өрік |
ІІІ-ІҮ |
ҮІ-ҮІІІ |
ҮІ-ҮІІІ |
қызыл-сары |
12 |
Ақ қараған немесе ақ инеш |
Ү-ҮІ |
ІХ |
IX-XII |
қоңырлау- |
13 |
Сары қараған |
Ү-ҮІ |
ҮІ-ҮІІ |
ҮІ-ҮІІ |
сары-құба |
14 |
Тушақұрай |
ҮІ-ҮІІ |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
қоңырлау |
15 |
Салпыншақ қайың |
IҮ |
ҮІІ-VIII |
ҮІІ-VIII |
сары-жасыл, сары-қоңыр |
16 |
Кәдімгі қынаағаш |
Ү-ҮІ |
ҮІІІ-ІХ |
ІХ-ХІ |
қара, жылтыр |
17 |
Кәдімгі долана |
Ү-ҮІ |
ҮІІІ |
ҮІІІ |
құба-қызыл, сары |
18 |
Кәдімгі аюбадам |
Ү |
ҮІІ-ҮІІІ |
ҮІІІ |
қызыл, қызғылт |
19 |
Дала шиесі |
Ү |
ҮІІ |
ҮІІ |
қызыл |
20 |
Жылтыр шегіршін |
III-ІҮ |
V |
V |
сұр |
21 |
Кішкі жапырақты шегіршін |
III-ІҮ |
ІҮ-Ү |
ІҮ-Ү |
құм түсті |
22 |
Кәдімгі қарала |
Ү-ҮІ |
ІХ-Х |
IX-XII |
қара-қоңыр, жылтыр |
23 |
Алмұрт |
ІҮ-Ү |
ҮІІІ-Х |
ҮІІІ-Х |
көк-жасыл |
24 |
Сәнтал, көріктал |
ҮІ |
ІХ |
ІХ-Х |
қара |
25 |
Емен |
ІҮ-Ү |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
қара-қоңыр, жылтыр |
26 |
Кәдімгі ұшқат |
Ү-ҮІ |
ҮІІІ-ІХ |
ҮІІІ-ІХ |
қою-қызыл |
27 |
Татар ұшқаты |
Ү-ҮІ |
ҮІІ-ҮІІІ |
VІІ-VIII |
ақшыл- |
28 |
Ақ тал |
ІҮ-Ү |
V-VІ |
V-VІ |
сары-қоңырлау |
29 |
Шәңгіш |
Ү-ҮІ |
ІХ |
ІХ |
ашық-қызыл |
30 |
Сәнағаш |
ҮІ-ҮІІ |
ІХ-Х |
ІХ-ХІ |
құба |
31 |
Сүйір жапырақты |
ІҮ-Ү |
ІХ |
ІХ-Х |
құба-қоңыр |
32 |
Дала үйеңкісі |
ІҮ-Ү |
ҮІІІ-ІХ |
ІХ-Х |
жасыл-құба, қоңыр-құба |
33 |
Татар үйеңкісі |
Ү-ҮІ |
ҮІІІ-ІХ |
ІХ-Х |
сары-қызыл, құба-қызыл |
34 |
Ат талшыны |
Ү-ҮІ |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
жасыл, жылтыр қоңыр |
35 |
Үлкен жапырақты жөке |
ҮІ-ҮІІ |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
қара-сұр |
36 |
Кіші жапырақты жөке |
ҮІ-ҮІІ |
ІХ-Х |
IX-XII |
құба-қоңыр |
37 |
Жіңішке жапырақты жөке |
Ү-ҮІ |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
ақшыл |
38 |
Шырғанақ |
ІҮ-Ү |
ҮІІІ-ІХ |
ІХ-Х |
қызыл, қызғылт сары құба |
39 |
Грек жаңғағы |
ІҮ-Ү |
ҮІІІ-Х |
ІХ-Х |
сары құба, ақшыл-қоңыр |
40 |
Жабысқақ қандыағаш |
ІІІ-ІҮ |
Х-ХІ |
Х-ХІ |
қызыл-құба |
41 |
Кәдімгі шабдал |
ІҮ |
ҮІІ-ІХ |
ҮІІ-ІХ |
сары- |
42 |
Итті раушан |
Ү-ҮІ |
ІХ-Х |
Х |
қызғылт- |
43 |
Кәдімгі шетен |
Ү-ҮІ |
ҮІІI-ІХ |
ІХ-Х |
қызғылт- |
44 |
Ақ сексеуіл |
ІІІ-ІҮ |
Х |
Х |
ашық-сары, ашық |
45 |
Қара сексеуіл |
ІІІ-ІҮ |
Х |
Х |
сұр |
46 |
Жалқын |
Ү-ҮІ |
ҮІ-ҮІІ |
ҮІ-ҮІІ |
сұр-қоңыр. |
47 |
Тікенді қараөрік |
ІІІ-ІҮ |
ҮІІ-ІХ |
ҮІІ-ІХ |
қара-көк |
48 |
Соғды қараөрік |
ІІІ-ІҮ |
ҮІІІ-ІХ |
ҮІІІ-ІХ |
күргін, сары-жасыл, қызыл-шие |
50 |
Сары қарақат |
Ү |
ҮІІ |
ҮІІ |
қара-күнгін |
51 |
Қара қарақат |
Ү |
ҮІІ |
ҮІІ |
қара |
52 |
Шығыс сораңы |
ҮІ-ҮІІ |
Х |
Х-ХІ |
сұр |
53 |
Рихтер сораңы |
ҮІ-ҮІІ |
Х |
Х-ХІ |
сұр-күміс |
54 |
Бальзам терегі |
ІҮ-Ү |
ҮІ |
ҮІ |
жасыл-құба |
55 |
Ақ терек |
ІІІ-ІҮ |
Ү-ҮІ |
Ү-ҮІ |
ашық-жасыл |
56 |
Қара терек |
ІҮ |
Ү-ҮІ |
Ү-ҮІ |
жасыл |
57 |
Батыс бозаршасы |
ІҮ-Ү |
ІХ-Х |
ІХ-Х |
ақшыл-сары |
58 |
Ақ тұт |
Ү |
Ү-ҮІІ |
Ү-ҮІІ |
ақ, жасыл. |
59 |
Қаратұт |
Ү |
ҮІ-ҮІІ |
ҮІ-ҮІІ |
қара-қызыл, қара-сия |
60 |
Жасыл шаған |
ІҮ-Ү |
ІХ |
ІХ-Х |
құба |
61 |
Кәдімгі шаған |
ІҮ-Ү |
ҮІІІ-ІХ |
ІХ-ХІ |
жасыл-құба |
62 |
Соғды шағаны |
ІҮ-Ү |
ІХ |
ІХ-Х |
құба |
Ескерту: Күнпарақта жаппай гүлденуінің және жемістердің
(бүрлердің) пісуінің мөлшерлі мерзімдері көрсетілген, олар қолайсыз
жағдайларда кешірек басталуы мүмкін. Тұқым жинау үшін сондай-ақ
болжамды мерзімдер келтірілген. Сары қараған, қайың, терек пен
көкталдың жемістері мен сырғаларын толық піспей тұрып біраз ертелеу
жинайды, өйткені піскеннен кейін тұқымдар тез шашылып қалады.
Кәдімгі шағанның, қабыржықтың және итмұрынның жемістерін де
тұқымды себуге неғұрлым ойдағыдай әзірлеу үшін біраз піспеген
күйінде жинаған жақсы.
Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
4-қосымша
ОРМАН ТҰҚЫМДАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ КІТАБЫ
Ағаш тұқымы _____________________ түр атауы
Осы тұқым партия. |
Тұқымның дайындалған жері (алынған) орман тұқым ауданының, кіші ауданының индексі, шаруашылығы, орманшылығы |
Тұқым массасы |
Тұқымның селекциялық санаты (сорты, жақсартылған, жақсы) |
Тұқым сапасы |
||
Тұқым сапасы туралы құжаттың толтырылған күні және N |
Тұқым сапасы туралы құжаттың қолданылу мерзімі |
Сапа сыныбы, өнгіштігі % (сапалығы, өміршеңдігі) |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
Тұқым шығыны, кг |
Жыл басына кондициялы тұқымдардың қалдығы, кг |
||
Тұқымның жұмсалуы немесе есептен шығарылуы туралы құжаттың N және берілген күні |
Жұмсалғаны барлығы оның ішінде өткізілді |
Есептен шығарылды (кондициялы емес) |
|
8 |
9 |
10 |
11 |
Ескерту: Орман тұқымдарын есепке алу кітабы нөмірленуге,
жіппен байлануға және тұқым дайындаушы - орман иеленушінің (орман
пайдаланушының) мөрімен куәландырылуға тиіс.
Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
5-қосымша
Паспорт N _____
200___ж. массасы _______________________ (_____________________) кг
(жазбаша) (цифрлармен)
_________________________________________ тұқым партиясына жасалды.
(тұқымның толық қазақша және латынша түрлік атауы)
1. Осы тұқым партиясын ____________________________________________
(бағыныстылығын көрсетіп, осы партияны
____________________________________________________________________
дайындаған шаруашылықтың атауы)
2. Шаруашылықтың мекен-жайы және пошта индексі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Электронды поштаның адресі ______________________________________
4. Тұқымдар, жемістер, бүрлер жиналған уақыт _________________ 200_ж
(айы, жылы)
5. Тұқым, жеміс немесе бүршік жиналған орын: _______________________
____________________________________________________________________
(орман тұқымы ауданының, кіші ауданының индексі,
____________________________________________________________________
мемлекеттік орман иеленуші, орманшылық)
Орман тұқымы объектісінің санаты ___________________________________
(ОТП, ТОТУ, УОТУ, кеспеағаш және т.б.)
Сортты немесе жаңартылған тұқымдар _________________________________
(плантация немесе учаске N, орам, телім)
6. Алқаағаштардың, плантацияның, учаскенің таксациялық сипаттамасы:
орманның құрамы __________________, бонитеті ________________,
түрі жас тобы ______________________________________________________
(балауса, орта жастағы, пісіп келе жатқан, пісіп жетілген)
Селекциялық топ ____________________________________________________
Тұқымның орман өсіруге құндылылығы _________________________________
(қалыпты, жақсартылған, сортты)
Басқа мәліметтер ___________________________________________________
7. Таулы жағдайлар үшін мыналар көрсетіледі:
1) теңіз деңгейінен биіктігі _______________________________________
2) бөктері (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік) _____________________
8. Тұқымдарды, жемістерді немесе бүршектерді жаппай дайындау алдында
алқаағаштарға кім және қашан алдын ала тексеру жүргізді __________________________________________________________________
9. Бүршіктен тұқым қандай әдіспен және қашан алынды, бүршік
кептіргіштің түрі, температурасы және т.б. _________________________
10. Қылқан жапырақтылар тұқымы қандай әдіспен және қандай механизмді
қолданып қанатсыздандырылды және тазартылды ________________________
____________________________________________________________________
11. Тұқым құрғақ және шырынды жемістерден қандай әдіспен алынды
___________________________________, тұқым қандай әдіспен тазартылды
____________________________________________________________________
12. Тұқым тазарту қашан аяқталды ___________________________________
(күні, айы, жылы)
13. Тұқым қайда сақталуда __________________________________________
____________________________________________________________________
(егжей-тегжейлі көрсетілсін: арнайы тұқым сақтағышта,
____________________________________________________________________
ыңғайландырылған, суық немесе жылы үй-жайда орларда, жертөледе,
____________________________________________________________________
кенеп жабылып және т.б.)
14. Тұқым қандай ыдыста сақталады __________________________________
(бөтелкеде, қапта, жәшікте және т.б.)
15. Тұқым қай жылдың жоспарына дайындалған _________________________
16. Тұқым қандай мақсатпен дайындалды ______________________________
(өз шаруашылығында себу үшін, өткізу
___________________________________________________________________
үшін, тәжірибелік мақсаттар үшін және т.б.)
М.О. Мемлекеттік орман иеленуші
Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді
сақтауды, пайдалануды және олардың
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
6-қосымша
Заттаңба
1. Тұқымның түрлік атауы ___________________________________________
2. Тұқымның селекциялық құндылығы __________________________________
____________________________________________________________________
(қалыпты, жақсартылған, сортты)
3. Орман тұқымы ауданы, орман өсірілетін аймақ, кіші аймақ _________
____________________________________________________________________
4. Орам, телім нөмірі ______________________________________________
5. Орман тұқымы объектісінің санаты және нөмірі ____________________
6. Шаруашылық (ұйым) атауы _________________________________________
7. Дайындау жылы мен айы ___________________________________________
8. Паспорттың нөмірі мен берілген күні _____________________________
9. Партияның бастапқы массасы __________________________________ кг.
10. Ыдыстың орын саны және түрі ____________________________________
11. Ыдыстың реттік нөмірі __________________________________________
12. Осы ыдыстағы тұқым массасы _____________________________________
(тұқымның, пайдаланылуына қарай
____________________________________________________________________ бастапқы және кейінгі)
13. Тұқымның кондициялылығы туралы куәліктің нөмірі және оның
берілген күні, _______________________________ тұқымның сапа сыныбы
__________ , қолданылу мерзімі _____________________________________
(тұқым сапасын қайта тексеру кезінде)
Тұқым сақтауға жауапты тұлғаның
лауазымы және қолы
Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
7-қосымша
Тұқым сапасын анықтау үшін орташа үлгілер іріктеудің
N ____ актісі
__________________________________________________________________
(орман иеленушінің, орман пайдаланушының атауы)
__________________________________________________________________
(аудан, облыс, мекен-жайы) )
тиесілі тұқым сапасын анықтау үшін үлгілер іріктеп алу жөнінде
өкілетті мен _______________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
200__ ж. __________ комиссия мүшелері ____________________________
(айы, күні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(әрқайсысының лауазымы,
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты)
қатысуымен және ____________________________________________________
(орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы
____________________________________________________________________
аумақтық органның өкілі)
қатысып тұруымен __________________________________________________
(сақтау орыны)
сақтаулы мына партиялардан тұқым қарап, орташа үлгілерді іріктеп
алдым.
р/с№N |
Тұқымның түрлік атауы |
Тұқымның |
Тұқымды дайындау мақсаты (өз қажеті, өткізу |
Тұқым партиясының нөмірі |
Тұқым партиясының массасы, кг |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Ыдыс түрі және орындар. |
Паспорт нөмірі және көшірме. |
Дайындау орны (тұқым қайдан және қашан алынды) |
Орташа үлгінің массасы, г |
Тұқымға қанша рет анализ жасалады |
Тұқым сапасы туралы соңғы құжаттың нөмірі және берілген күні |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Үлгілер орман тұқымдарының сапасын анықтау үшін
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның мамандандырылған органының атауы, күні)
жіберілді.
Үлгілер іріктеу жөніндегі
уәкілетті тұлға (лауазымы) _____________________________
(Т.А.Ж., қолы)
Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
8-қосымша
Ағаштар мен бұталардың сан алуан түрлерінің
бүрлерін, жемістерін және тұқымдарын жинау,
өңдеу және сақтау ерекшеліктері
р/с |
Бүрлер мен |
Бүрлер мен |
Жалпы масса. |
Тұқым сақтау |
||
Сақтау |
Сақтау |
Тұ. |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Сібір шыршасы, Шренк немесе Тянь-Шань шыршасы |
||||||
1 |
Бүрлерді |
Тұқымдарды |
2-4 |
Бітеу |
3-4 |
6-7,5 |
Сібір балқарағайы |
||||||
2 |
Бүрлерді |
Тұқымдарды бүр. |
4-6 |
Бітеу |
4-5 |
8-9 |
Кәдімгі арша, зеравшан, түркістан және басқа да аршалары |
||||||
3 |
Бүржидек. |
Бүржидектерді |
8-10 |
бұл да |
2-3 |
|
Сібір майқарағайы |
||||||
4 |
Бүрлерді |
Бүрлер жақсы |
20 |
Бітеу |
2 |
11-12 |
Сібір самырсын қарағайы (сібір самырсыны) |
||||||
5 |
Бүрлерді |
Бүрлерді ұсақ. |
Сібір |
Құрғақ, |
1 |
12-16 |
Кәдімгі қарағай |
||||||
6 |
Бүрлерді |
Тұқымды бүр. |
1 |
Бітеу |
5-6 |
6-7,8 |
Батыс бозаршасы |
||||||
7 |
Бүрлерді |
Бүрлерді қүрғақ |
4-10 |
бұл да |
2-3 |
- |
Кәдімгі өрік |
||||||
8 |
Жемістерін |
Тұқымның шағын |
10-17 |
Салқын |
2 |
8-12 |
Бұталы туша қурай |
||||||
9 |
Жеміс бере. |
Жеміс бұтақтарын |
60-70 |
Ұзақ |
3-4 |
11-12 |
Салпыншақ қайың |
||||||
10 |
ТОТБ объек. |
Сырғаларды жақ. |
Қабықты - 90; қабықсыз - 30-40 |
Бітеу |
1-2 |
7-8 |
Үлпек қайың |
||||||
11 |
Сырғаларды өсіп тұрған |
Бұл да салпыншақ |
Даур қа. |
Бұл да |
1-2 |
- |
Кәдімгі қынаағаш |
||||||
12 |
Жемісі піс. |
Жидектерді елек. |
8-18 |
Бітеу |
1-2 |
8-10 |
Кәдімгі долана |
||||||
13 |
Жемістер |
Жемістер жеміс |
15-20 |
Таза |
2 |
10-12 |
Аюбадан: кәдімгі, қызыл, қара |
||||||
14 |
Піскен же. |
Жемістерді ағаш |
Қызыл аю. |
Бітеу |
2 |
8-10 |
Шие: бұталы, далалық, кәдімгі |
||||||
15 |
Піскен жем. |
Сүйектерді жеміс. |
Шие: |
Таза |
2 |
10-12 |
Шегіршін: жылтыр; жапырақты, қарағаш; ұсақ |
||||||
16 |
Жемістерін |
Жемістерді қоспа. |
Жылтыр |
Тұқым |
- 1 |
7-8 |
Кәдімгі қарамала |
||||||
17 |
Піскен же. |
Жемістерді күн |
20-25 |
Қағаз |
4-5 |
11-12 |
Кәдімгі алмұрт |
||||||
18 |
Жемісті |
Шағын тұқым пар. |
0,8-1,0 |
Ұзақ |
2-3 |
10 |
Дерен: ақ, қою қызыл немесе сәнтал |
||||||
19 |
Жемісті то. |
Жемісті електен |
Ақ дерен |
Таза |
1-2 |
10-12 |
Емен: қызыл, жартас |
||||||
20 |
Жаңғағын |
Жиналған жаңғақ. |
90-95 |
Қысқа |
Жинал. |
мүл. |
Ұшқат: Маака; кәдімгі; татар |
||||||
21 |
Жидектерді |
Жемісті електе, |
3-9 |
Ұзақ сақтау |
2 |
Та. |
Ақ күміс тал, тал |
||||||
22 |
Сырғаларды |
Дайындалған сыр. |
2-10, |
Бітеу |
1 жылға |
6-7 |
Кәдімгі шәңгім |
||||||
23 |
Толық піс. |
Жемістерді жеміс |
8-10 |
Бітеу |
2 |
8-10 |
Ағаш тәріздес қараған және сары қараған |
||||||
24 |
Жемістерді |
Бұршақтарды төсе. |
15-20 |
Ұзақ |
3-4 |
11-12 |
Кәдімгі сәнағаш |
||||||
25 |
Жемісін |
Жемістерді аздап |
22-25 |
Жәшік. |
2-3 |
- |
Үйеңкі: ақ; далалық; сүйір жапырақты |
||||||
26 |
Өсіп тұрған |
Жемістерді саға. |
70-90 |
Жәшік. |
1 |
10-12 |
Кәдімгі ат талшын |
||||||
27 |
Жемістерін |
Қорапшаларды құр. |
90-95 |
Аздап |
Жинал |
14 |
Жөке: ірі жапырақты; ұсақ жапырақты |
||||||
28 |
Жемістерін |
Жемістерді саға. |
ірі жапы. |
Бітеу |
2-3 |
10-12 |
Жіңішке жапырақты жиде |
||||||
29 |
Жемістерін |
Сүйегін бөліп алу |
30-45 |
Таза |
3-4 |
12 |
Шырғанақ |
||||||
30 |
Жемісті күзде төселген төсенішке түсіріп |
Мұздатылған жеміс. |
10 |
Әдетте |
2 |
10-14 |
Жабысқақ қандыағаш |
||||||
31 |
Бүрлерді |
Бүрлерден жеміс |
3,5-12 |
Бітеу |
2-3 |
5-7 |
Грек жаңғағы |
||||||
32 |
Жемісін жер |
Жемістерді жеміс |
70-80 |
Салқын |
1 |
11-12 |
Көктерек |
||||||
33 |
Сырғаларды |
Тұқымның пісуі |
10-35 |
Жиналып, б) хлорлы Таза |
- - 1 ж. дейін |
5-6 |
Раушан: тікенді; қоқыр; ит |
||||||
34 |
Жемістерді |
Жемістерді жеміс |
Раушан: |
Таза |
2 |
10-12 |
Кәдімгі метен |
||||||
35 |
Жемісі бар |
Жиналған жеміс. |
3 |
Ыдыстың |
2 |
9-10 |
Сексеуіл: ақ, құмды, қара |
||||||
36 |
Жемісті олар қоңыр түске боя. |
Тұқымды төсеніште |
46 |
Жақсы |
Көк. |
6-7 |
Жалқын |
||||||
37 |
Жемісін пі. |
Сыпырғыштары |
15-45 |
Бітеу |
2 |
10 |
Қара өрік: үй; алша; тікенді; терн |
||||||
38 |
Жемісті пі. |
Сүйекті жемістен |
үй өрігі - 5-10; |
Салқын |
1-2 |
11 |
Қарақат: қызыл; қара |
||||||
39 |
Жидекті |
Жидектерді ағаш |
Қарақат: |
Негізгі |
2 |
10-14 |
Сорақ: Палецкий; қара-черкез; Рихтер, геок черкез (Рихтер черкез) |
||||||
40 |
Қанатты |
Жемістерді 2-4 |
Құрғақ, |
Жинал. |
6-7 |
|
Терек: ақ немесе күміс; қара |
||||||
41 |
Сырғаларды |
Сырғалар толық пі. |
ақ терек |
Тұқымды |
- |
7-8 |
Жапон хеномелесі немесе жапон айвасы |
||||||
42 |
Жемісін әб. |
Жемісін жеміс қыр. |
0,7 |
Бітеу |
2 |
11 |
Тұт ағашы; ақ, қара тұт, шовтун |
||||||
43 |
Жеміс шоғы. |
Жеміс шоғырын |
2,5 |
Салқын |
3 |
8-10 |
Алма: үй немесе мәдени; орман; паллас; сібір; қытай; жидекті |
||||||
44 |
Жемісін |
Ілеспе өнімді |
Алма: |
Салқын |
2 |
8-10 |
Шаған: үшір, немесе жасыл; кәдімгі пенсильван, соғды |
||||||
45 |
Жемістерін |
Жемістерді сағағы. |
Шаған: |
50 см |
2 |
10-12 |
Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді,
сақтауды, пайдалануды және олардың
сапасын бақылауды ұйымдастыру ережесіне
9-қосымша
Тегіне байланысты тұқымдарды себу алдында
өңдеуді өткізу ерекшеліктері
р/ |
Тегі |
Тұқымды себуге дайындау |
Тұқымдардың өсу қуатын және олардың жердегі өнгіштігін ынталандыруға әзірлеу әдістері |
|
күзгі |
көктемгі |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Кәдімгі өрік |
Тұрақты аяздар- |
3-5 о С |
Тұқымды |
2 |
Биік айлант |
Дайындамайды |
2-3 күн бойы |
|
3 |
Бұталы аморфа |
Дайындамайды |
24 сағат бойы |
|
4 |
Қара жемісті арония |
Дайындамайды |
Марганец қыш. |
|
5 |
Қотыр қайың |
Ерте жазда |
Алдын ала |
Алдын ала |
6 |
Түкті қайың |
Қажет емес |
Алдын ала 2 |
Қарға аунатып |
7 |
Шығыс биотасы |
Тәулік бойы |
Тәулік бойы |
|
8 |
Кәдімгі |
Қыркүйектен |
80-90 күн |
Тұқымды 50 о С |
9 |
Тікенді (кәдім. |
Сеппейді |
12-24 сағат |
|
10 |
Алқызыл долана |
Сеппейді |
Жинап алған. |
|
11 |
Бір аналық |
Жинаған соң 1 |
Сеппейді |
|
12 |
Кәдімгі шие |
Жиналған сәттен |
Жинаған сәттен |
|
13 |
Жылтыр шегіршін |
Жинағаннан |
||
14 |
Үш тікенекті |
Тұқымды жинаған |
Тұқымға тым |
Ыстық су |
15 |
Кәдімгі алмұрт |
Аязға 1,5 ай |
Алдын ала 2 |
Стратифика. |
16 |
Ақ дерен және |
Жинаудан себуге |
Үй-жайларда |
Тұқымды 15 |
17 |
Өте әдемі емен |
Дайындамайды |
Қыста тран. |
|
18 |
Кәдімгі шырша |
Дайындамайды |
9-12 сағат |
Жібітілген |
19 |
Шренк (тянь- |
Сеппейді |
Алдын ала |
Тұқымды |
20 |
Кәдімгі ұшқат |
Дайындауды |
Қысқы тоңазы. |
|
21 |
Татар ұшқаты |
Дайындауды |
Қысқы суық |
Себу алдында |
22 |
Кәдімгі шәңгіш |
Жаңа жиналған |
Жинаған соң |
|
23 |
Ағаш тәріздес |
Дайындауды |
Бөлме темпера. |
45 күн бойы |
24 |
Кәдімгі ат |
Дайындауды |
Қысқы тоңазы. |
Сақтаудан |
25 |
Жалған сүйір |
Ерте күзде |
Алдымен үй - |
Қарда 45-60 |
26 |
Сүйір жапырақ. |
Ерте күзде |
Үй-жайларда |
Қар араласты. |
27 |
Дала үйеңкісі |
Жиналғаннан |
Жинағаннан |
Тұқымды 3 |
28 |
Күміс үйеңкі |
Сеппейді |
Жинаған соң |
Құрғақ ауа |
29 |
Татар үйеңкісі |
Жиналғаннан |
Күзден бастап |
Тұқымды құм |
30 |
Шаған жапырақ. |
Дайындауды қажет етпейді |
Үй-жай ішінде |
|
31 |
Ірі жапырақты |
Тұқымды жинал. |
Алдымен жазғы |
|
32 |
Ұсақ жапырақты |
Тұқымды жина. |
Тұқымды |
Тұқымды |
33 |
Сібір балқара. |
Дайындауды |
9-12 сағат |
Тұқымды 3 |
34 |
Жіңішке |
Ерте күзде |
Алдын ала 4 |
Тұқымға ыстық |
35 |
Кәдімгі бадам |
Дайындауды |
Үй-жайларда |
|
36 |
Виргиния аршасы |
Топырақтың |
Үй-жай ішінде |
Тұқымды |
37 |
Кәдімгі арша |
Топырақтың |
Үй-жай ішінде |
|
38 |
Түркістан |
Жаңа жиналған |
Өткен жылғы |
|
39 |
Жарты шар |
Бұл да |
Бұл да солай |
|
40 |
Шырғанақ |
Топырақ қатпай |
Үй-жайда |
3 тәулік |
41 |
Грек жаңғағы |
Дайындамайды |
Үй-жайда |
Тұқымды |
42 |
Кәдімгі шабдал |
Дайындауды |
Үй-жайда 0-5 0 С |
|
43 |
Сібір самырсыны |
Дайындауды |
Алдын-ала |
Алдын-ала |
44 |
Жалған қараған |
Сеппейді |
Тұқымды |
|
45 |
Тюринген |
Шала піскен |
Шала піскен |
|
46 |
Кәдімгі шетен |
Жинап алғаннан |
Температурасы |
Стратифика. |
47 |
Ақ сексеуіл, |
Қыста сепкенде |
Дайындауды |
|
48 |
Кәдімгі мамыр |
Дайындауды |
Үй-жайда 0-5 0 С |
10-15 сағат |
49 |
Үй қараөрігі |
Жазғы траншея. |
Қысқы тоңазы. |
|
50 |
Тікенді |
Ерте жазда, |
Жинала салы. |
|
51 |
Алхоры өрік |
Жинала салысы. |
Жинала салы. |
|
52 |
Қызыл күрең |
Жазғы траншея. |
Үй-жайда |
Тұқымды бас. |
53 |
Қара қарақат |
Жазғы траншея. |
Үй-жайда |
|
54 |
Сібір самырсын. |
Дайындамайды, |
Тұқымды |
Құммен |
55 |
Қырым қарағайы |
Себілмейді |
Тұқымды 9-12 |
|
56 |
Кәдімгі қарағай |
Дайындауды |
Тұқымды 9-12 |
Тұқымды жібі. |
57 |
Ақ терек |
Дайындауды |
||
58 |
Қара терек |
Дайындауды |
||
59 |
Батыс боз |
Дайындауды |
Жібітілген |
|
60 |
Нағыз пісте |
Себілмейді. |
Тұқымды 12-15 |
Тұқымды 12-15 |
61 |
Кәдімгі мойыл |
Дайындауды |
Үй-жайда |
|
62 |
Жабайы орман |
Суда 2 тәулік |
Стратифика. |
|
63 |
Кәдімгі шаған |
Онша толыспа. |
Үй-жайда |