Банк және сақтандыру қызметін, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздар рыногында басқа да лицензияланатын қызмет түрлерін, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы
N 230
қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3755 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесінде:
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Бубеев М.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.