Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы N 1-2/36 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 16 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4577 болып енгізілді. 

Қолданыстағы

      "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы  Заңының  8-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі (1-қосымша);
      2) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысаны (2-қосымша) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.А.Өскенбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті (Е.В.Журина) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Х.Н.Мусинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Қазақстан Республикасы     
Туризм және спорт министрлігінің
2007 жылғы 28 ақпандағы    
N 1-2/36 бұйрығына    
1-қосымша    

Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

      1.   Бір казинода кемінде жиырма ойын столының орнатылуы туралы
актілердің нотариалды түрде расталған көшірмесі.

      2. Ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматының орнатылуы туралы актілердің нотариалды расталған көшірмесі.

      3. Әр ойын автоматының сертификатының және оларды тестілеу туралы қорытындының нотариалды түрде расталған көшірмелері.

      4. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған пайыздық ұтыстар туралы қорытынды.

      5. Кассалар мен казиноның ойын орындарында жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және барлық құмар ойынына қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерін орнату туралы актілердің нотариалды расталған көшірмесі.

      6. Тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын мекемелерінде бәс тігуге қатысушылардың, өздері нәтижесіне ставка жасаған ойынның дамуы мен нәтижесін бақылап отыруына мүмкіндік беретін ойын жабдығының орнатылуы туралы актілердің нотариалды расталған көшірмесі.

      7. Жылжымайтын мүлікке және онымен мәміле жасауға берілген құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі.

      8. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының қорытындысы.

      9. Өртке қарсы қадағалау органдарының қорытындысы.

      10. Меншік құқығын куәландыратын құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмесімен бірге ойын жабдығының тізбесі. 

      11. Күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамамен белгіленген тәртіппен лицензия алған жеке және (немесе) заңды тұлғаның шартының (шарттарының) нотариалды түрде расталған көшірмесі (көшірмелері).

      12. Құмар ойындары және ставкаларды қабылдау өткізілетін ойын мекемесі жұмысы ережесінің нотариалды түрде расталған көшірмесі, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде қолданылатын легитимациялық белгілер мен атаулардың нотариалды түрде расталған көшірмесі.

      13. Қазақстан Республикасы аумағында екінші деңгейдегі банк бірінші талап ету бойынша (талап ету бойынша салым) салымды (депозитті) берген жағдайда салық (депозит) ашу шартының нотариалды түрде расталған көшірмесі немесе банк кепілдігі.

      14. Құмар ойындарын және (немесе) бәс тігулерді өткізу мен менеджментін жүзеге асыратын персоналдың тізімі.

                                           Қазақстан Республикасы   
                                       Туризм және спорт министрінің
                                          2007 жылғы 28 ақпандағы
                                             N 1-2/36 бұйрығына  
                                                 2-қосымша

         Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік
   талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысаны

                Ойын жабдығы тізбесінің нысаны

  Орны: ________________________________________
  Меншік иесі: _________________________________

N

Ойын жабды.
ғының түрі

Дайындаушы
зауыт, 
сериялы N

Сәйкестік
сертифика.
тының 
деректері

Тестілеу
күні

Ұтыс
пайызы

Техникалық
жағдайы

1

2

3

4

5

6

7

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

      М.О.                                         қолы

              Персонал тізімінің нысаны
       _________________________________________
                  өтініш берушінің атауы
_____________________________________________________
ойын бизнесінің саласы, ойын мекемесінің орналасқан жері,
оның атауы көрсетілуі тиіс

N

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Осы мамандық
бойынша стажы

1

2

3

4

  

  

  

  

      М.О.                             қолы

  Уәкілетті органға салымдарда (депозиттерде) ақшаның болуы
     және оның әрекеті туралы кемінде алты айда бір рет
         анықтама беру туралы міндеттеменің нысаны

      "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  14-бабы
6-тармағына сәйкес, ______________________________________ атынан,
                      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
____________________________________________негізінде қызмет ететін
___________________________________________________________________
                       өтініш берушінің атауы

      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
Туризм индустриясы комитетіне салымдарда (депозиттерде) ақшаның
болуы және оның әрекеті туралы кемінде алты айда бер рет анықтама
беру міндеттемесін қабылдайды.

      М.О.                                    __________________
                                                      қолы

                                              "___"________200__ж.