Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын кию және айырым белгілерін тағу Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы N 9 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 12 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4542 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабының  1-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын кию және айырым белгілерін тағу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті департаменттерінің, бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары әскери қызметшілердің Ережелерді сақтауын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылының бастығы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасының бастығымен бірлесе отырып, Ережелерді 3277 дана тиражымен жеке кітап етіп шығаруды қамтамасыз етсін және Ережелерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. Қарулы Күштерде осы бұйрықтың орындалуын бақылау Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда - бірінші басшылардың шешімі бойынша жүктелсін.

      6. Бұйрық Қарулы Күштерде жекелеген ротаға дейін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда - бірінші басшылардың шешімі бойынша жеткізілсін.

       Армия генералы

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры
      2006 жылғы 22 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      2006 жылғы 7 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      2006 жылғы 12 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі
      2006 жылғы 1 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Республикалық ұланының қолбасшысы
      2006 жылғы 28 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Президенті
      Күзет қызметінің бастығы
      2006 жылғы 8 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Қорғаныс министрінің   
2007 жылғы 10 қаңтарда  
N 9 бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да
әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің
әскери киім нысанын кию және айырым белгілерін тағу Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын киіп жүрудің және айырым белгілерін тағудың жалпы тәртібін айқындайды.

      2. Әскери киім нысанын киіп жүру құқығына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында нақты әскери қызметте болатын әскери қызметшілер, Кадет корпусының,»"Жас ұлан"»республикалық мектебінің тәрбиеленушілері және әскери құрылысшылар (бұдан әрі - Қарулы Күштер), сондай-ақ запаста немесе отставкада болатын келісімшарт бойынша және шақыру бойынша әскери қызмет өткерген жоғары офицерлер құрамы, аға және кіші офицерлер құрамы, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар), жиындарға шақырылған әскери міндеттілер және запаста болатын немесе отставкада болатын және әскери киім нысанын киіп жүру құқығымен әскери қызметтен босатылған азаматтар ие болады.

      3. Арнайы қызметтік міндеттерді орындау кезінде жекелеген әскери қызметшілер санаттарының азаматтық киімді киіп жүру құқығын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшыларының ведомстволық құқықтық кесімдерімен белгіленеді.

      4. Әскери киім нысаны осы Ережелерге қатаң сәйкестікте киіледі. Әскери киім нысанының және айырым белгілерінің барлық заттары белгіленген түсті болуы, белгіленген сипаттамаларға, техникалық шарттарға және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттарына жауап беруі, мұқият пішілген болуы және мұнтаз жағдайда ұсталуы тиіс.

      5. Әскери киім нысаны былай белгіленеді:
      1) ерекше салтанатты (Республикалық ұлан үшін салтанатты рәсімдерді орындаған кезде);
      2) саптағы және саптан тыс салтанатты;
      3) саптағы және саптан тыс күнделікті;
      4) далалық;
      5) жұмыс;
      6) арнайы.
      Осы нысандардың әр қайсысы жазғыға, қысқыға бөлінеді, ал Әскери-теңіз күштерінде, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінде нөмірлері болады. Одан басқа Әскери-теңіз күштерінде, жағалық қорғаныс бөлімдерінде, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінде әскери қызметшілер жазғы жеңілдетілген киім нысанын киіп жүреді.

      6. Әскери киім нысанын мыналар киіп жүреді:
      келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін жоғары офицерлер құрамы, аға және кіші офицерлер құрамы, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар) және әскери қызметші әйелдер:
      1) салтанатты:
      саптағы - парадқа қатысқан, әскери бөлімдерге, кемелерге және құрамаларға ордендер, ордендік әскери-теңіз жалауларын тапсырған, туларын тапсырған, әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырған және жоғары офицер атағын берген, Әскери ант қабылдаған, құрметті қарауыл құрамына тағайындаған кезде, сондай-ақ әскери бөлімдердің, кемелердің жылдық мерекесі күндері және кемелерді суға жіберген, қатарға қосылатын кемеде Әскери-теңіз туын көтерген кезде;
      саптан тыс - парадтық есептоптан тыс парадқа қатысқан, үкіметтік наградалар алған, лауазымға тағайындалған және әскери атақ берілген кезде тікелей бастықтарға өзін таныстырған кезде, мереке күндері, салтанатты отырыстарда, ресми қабылдауларда және ескерткіштерге және жауынгерлер зираттарға гүлшоқтарын қойған кезде, демалыс күндері және қызметтен тыс уақытта;
      2) күнделікті:
      саптағы:
      Қарулы Күштерде (Әскери-теңіз күштерінен, жағалық қорғаныс бөлімдерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен басқа) - жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарда және тәуліктік нарядтар құрамында қызмет өткерген кезде, жауынгерлік кезекшіліктерде, штабтардағы, басқармалар мен мекемелердегі жұмыстар кезінде, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта;
      Әскери-теңіз күштерінде, жағалық қорғаныс бөлімдерінде, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінде (бұдан әрі - Әскери-теңіз күштері) - кемелердің оқу-жаттығуларға теңізге шыққан кезде, жауынгерлік кезекшіліктерде, кемелік (тәуліктік) нарядтар құрамында қызмет өткергенде және кеме (әскери бөлім) командирінің нұсқауы бойынша сабақтарда;
      саптан тыс - құраманың штабы және одан жоғары штабтардағы, басқармалар мен мекемелердегі жұмыстар кезінде, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта.
      Бөлімдердің (кемелердің) бөлімшелерінде сапта болумен байланысы жоқ қызметтік міндеттерін атқарған кезде, бөлім орналасқан жердегі сыныптық сабақтарда, әскери оқу орындарының дәрісханаларында, зертханалары мен шеберханаларында, қызметтік отырыстар мен жиналыстарда саптан тыс күнделікті киім нысанын киіп жүруге рұқсат етіледі;
      3) далалық - оқу-жаттығуларда, маневр жасауларда, жауынгерлік кезекшіліктерде, тәуліктік нарядтар, шекара қызметі құрамында қызмет атқарған кезде, және оқу-жаттығу орталықтарындағы сабақтарда, сондай-ақ әскери бөлім командирінің нұсқауы бойынша басқа да жағдайларда.
      Далалық киім нысанын күнделікті өмір тіршілігі кезінде құрамаға дейін және оған теңестірілген әскери бөлімдерді қоса алғанда киіп жүруге рұқсат етіледі.
      4) арнайы (жабдықтау нормалары бойынша кімге тиесілі) - оқу-жаттығуларда, маневр жасауларда, арнайы міндеттерді орындаған, жауынгерлік кезекшіліктер (жауынгерлік қызметтер), шекара қызметін атқарған кезде, оқу-жаттығу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техникамен сабақтарда және техника мен қару-жараққа қызмет көрсеткен, гараждардағы, парктердегі, доктардағы, шеберханалардағы, әуеайлақтардағы, зертханалардағы, қоймалардағы, кемелердегі, әскери бөлімдер мен жағалық базалардың аумақтарындағы қызметтерді орындаған кезде. Қалған барлық жағдайларда арнайы киім нысанын киіп жүруге тыйым салынады.

      7. Шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар), орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттары, Кадет корпусының,»"Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілері және әскери құрылысшылар әскери киім нысанын былай киіп жүреді:
      1) салтанатты - парадтарға қатысқан, әскери бөлімдерге, кемелер мен құрамаларға ордендер, ордендік әскери-теңіз жалауларын, туларын тапсырған, үкіметтік наградалар алған, әскери ант қабылдаған, құрметті қарауыл құрамына тағайындаған кезде, әскери бөлімнің, кеменің жылдық мерекелері күндері, кемелерді суға жіберген, қатарға қосылған кемеде Әскери-теңіз жалауын көтерген, Жауынгерлік Туды күзету бойынша сақшы болып түскен кезде, мереке және демалыс күндері, бөлімнің орналасқан жерінен босатылған кезде, демалыста болған уақытта және әскери бөлім (кеме) командирінің нұсқауы бойынша басқа да жағдайларда;
      2) күнделікті - (Әскери-теңіз күштерінің, жағалық қорғаныс бөлімдерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін) - кемелер теңізге оқу-жаттығуға, маневр жасауға, жауынгерлік кезекшілікке шыққан, кемелік (тәуліктік) нарядтар құрамында қызмет өткерген кезде және кеме (әскери бөлім) командирінің нұсқауы бойынша сабақтарда;
      3) далалық - оқу-жаттығуларда, маневр жасауларда, жауынгерлік кезекшіліктерде, тәуліктік нарядтар, шекара қызметі құрамында қызмет өткерген кезде және оқу-жаттығу орталықтарындағы сабақтарда, сондай-ақ әскери бөлім командирінің нұсқауы бойынша басқа да жағдайларда;
      4) жұмыс - шаруашылық және құрылыс жұмыстарын орындаған, гауптвахтада болған кезде, сондай-ақ техника мен қару-жараққа қызмет көрсеткен кезде;
      5) арнайы (жабдықтау нормалары бойынша кімге тиесілі) - оқу-жаттығуларда, маневр жасауларда, арнайы міндеттерді орындаған кезде, жауынгерлік кезекшіліктерде (жауынгерлік қызметтерде), оқу-жаттығу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техникамен сабақтарда және техника мен қару-жараққа қызмет көрсеткенде, гараждардағы, парктердегі, доктардағы, шеберханалардағы, әуеайлақтардағы, зертханалардағы, қоймалардағы, кемелердегі, әскери бөлімдердегі және базалардың аумақтарындағы жұмысты орындағанда. Барлық қалған жағдайларда арнайы киімді киіп жүруге тыйым салынады.

      8. Саптық байқау, сапқа тұру және қызметтік отырыстар үшін киім нысанын осы іс-шараларды өткізетін адамдар жариялайды.
      Патрульдік қызметті, бақылау-өткізу пункттеріндегі кезекшіліктерді атқару үшін, сондай-ақ құрамалар мен бөлімдер штабтарының ғимараттарындағы, мекемелер мен әскери жоғары оқу орындарындағы бақылау-өткізу қызметін жүзеге асыратын әскери қызметшілер үшін киім нысанын әскери бөлімдердің командирлері және мекемелердің бастықтары жариялайды.
      Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде әр түрлі қызмет түрлерін атқарған кезде киім нысанын Күзет қызметінің басшысы немесе объектілерді күзету құрылымдық бөлімшелердің бастығы белгілейді.

      9. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери бөлімдерінің және кемелерінің командирлері, мекемелерінің, әскери оқу орындарының, кәсіпорындары мен ұйымдарының бастықтары мыналарға міндетті:
      1) әскери қызметшілердің Әскери киім нысанын кию, айырым белгілерін тағу ережелерін сақтауына және сыртқы пішініне ұдайы бақылауды белгілеуге және оны жүзеге асыруға, сондай-ақ орындалатын міндеттер мен өткізілетін сабақтар сипатын ескере отырып, киім нысанын күнделікті жариялауға;
      2) шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар), орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттары, Кадет корпусының және»"Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілері үшін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер құрамының, сержанттары (старшиналары) мен сарбаздарының (матростарының) белгіленген киім нысанын, айырым белгілерін сақтауда және үлгілі сыртқы пішінін ұстауда үлгі-өнеге болуына қол жеткізуге;
      3) әскери қызметшілерге әскери киім нысанының заттарын киюге берген кезде олардың мұқият пішілуін ұйымдастыруға. Шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарға (матростарға), орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттарына, Кадет корпусының және»"Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілеріне бекітіліп берілген мүлік міндетті түрде таңбаланған болуы керек;
      4) барлық бөлімшелерде тұрмыстық қызмет көрсету, киім-кешек пен аяқ киімді кептіруге арналған кептіру бөлмелерін, бөлімше мүлкін және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздардың (матростардың), орта және жоғары әскери оқу орындары курсанттарының, Кадет корпусының және»"Жас ұлан" республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің жеке заттарын сақтауға арналған қоймаларды жабдықтау жөнінде шаралар қабылдауға. Киім заттарын уақтылы химиялық тазалауды, жууды және жөндеуді қамтамасыз етуге;
      5) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер құрамына, сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарға (матростарға), шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарға (матростарға), орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттарына, Кадет корпусының және»"Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілеріне күнделікті, далалық және арнайы киімдерді бөлімшелердің шкафтарында, кеңселер мен қызметтік кабинеттердегі киім шкафтарында сақтауға.
      Кезең-кезеңімен, бірақ тоқсанына бір реттен жиі емес саптық байқау өткізілсін. Таңертеңгілік тексеру, саптық байқау өткізу кезінде, сондай-ақ - жазғы (қысқы) киім нысанына көшкен кезде, барлық сапқа тұрғызуда және сабақтар басталар алдында белгіленген киім нысаны, әскери қызметшілердің реттелгені және сыртқы пішіні, киім-кешек пен аяқ киім заттарының жай-күйі тексерілсін, анықталған кемшіліктерді жоюға қол жеткізілсін.
      Қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсетумен байланысты сабақтар мен жұмыстар, сондай-ақ шаруашылық және құрылыс жұмыстары тек арнайы және жұмыс киім нысанымен жүргізілсін.

      10. Жазғы немесе қысқы киім нысанына көшу, маусымдық күртешелер мен маусымдық плащтарды көктем уақытында киюді және күзгі уақытта кимеуді гарнизондар бастықтарының (аға теңіз бастықтарының) бұйрықтарымен белгіленеді.

      11. Әскери-теңіз күштерінде киім нысаны белгіленген нөмірлер бойынша әр тәулікке мыналармен жарияланады:
      1) Әскери-теңіз күштерінің штабымен;
      2) аға теңіз бастықтарымен (гарнизондар бастықтарымен);
      3) рейдтердегі үлкендермен;
      4) жеке жүзуде (жорықтарда) болатын кемелер бастықтарымен.
      Сыртқы ауа температурасына байланысты флоттық киім нысаны белгіленген нормалар бойынша киіледі:
      1 - +25 0 С және одан жоғары;
      2 - +20-дан +25 0 С-ға дейін;
      3 - +15-тен +20 0 С-ға дейін;
      4 - 0-дан +15 0 С-ға дейін;
      5 - 0-дан -10 0 С-ға дейін;
      6 - -10 0 С және одан төмен.

      12. Әскери қызметші басқа әскер түрлері мен тектерінде, Әскери-теңіз күштерінде, өңірлік қолбасшылықтарда немесе гарнизондарда уақытша болған кезде осы әскер түрлері мен тектерінде, Әскери-теңіз күштерінде, өңірлік қолбасшылықтарда немесе гарнизондарда белгіленген маусым бойынша киім нысанын басшылыққа алу керек.

      13. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері әскерлер (қызмет) түрлері және әскери атағы бойынша киім нысанын киіп жүреді және айырым белгілерін тағады.

      14. Әскери бөлім (әскери оқу орнының) құрамына кіретін Қарулы Күштердің әскери тектері (қызметтері) бөлімшелерінің келісімшарт бойынша және шақыру бойынша әскери қызметті өткеретін әскери қызметшілері осы әскери бөлім (әскери оқу орны) үшін белгіленген киім нысанын, бірақ мундирдің және кительдің жағасында (алмалы-салмалы погондарында) өз әскер тегінің (қызметінің) эмблемасымен киіп жүреді.

      15. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілері авиация әскери қызметшілерінің киім нысанын киіп жүреді.

      16. Әскери бөлімдерде (құрамаларда, әскери оқу орындарында) қызмет өткеретін Қарулы Күштердің медицина қызметі мен әділеттің келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілері киім нысанын бөлімнің (құраманың, әскери оқу орнының) әскер тегі бойынша, бірақ мундирдің және кительдің жағасында (алмалы-салмалы погондарында) өз әскер тегінің (қызметінің) эмблемасымен киіп жүреді.

      17. Әскери атташеде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде, әскери өкілдіктерде әскери қызмет өткеретін, шетелде әскери оқу орындарда оқитын, сондай-ақ шетелде қызметтік іссапарларда болатын және шетел әскери делегацияларын қарсы алуды және ілесіп жүруді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларға қатысатын әскери қызметшілер киім нысанын әскер тегі бойынша, бірақ мундирдің және кительдің жағасында (алмалы-салмалы погондарында) "KZ" деген эмблемамен киіп жүреді.

      18. Қызмет өткеру үшін Қорғаныс министрлігінің, Штабтар бастықтары комитетінің орталық аппаратына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскер түрі мен тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, өңірлік басқармалардың штабтары мен басқармаларына, сондай-ақ әскери оқу орындарына, мекемелерге, азаматтық жоғары оқу орындарының әскери факультеттеріне (бөлімшелеріне, кафедраларына) және офицерлер құрамының жетілдіру орталық курстарына ауыстырылған Қарулы Күштердің келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлері, олар ауыстырылған күні киіп жүрген сол әскер тегінің (қызметінің) киім нысанын киіп жүреді.

      19. Қызмет өткеру үшін авиацияның, Аэроұтқыр әскерлерінің, 26322 әскери бөлімінің штабтарына және басқармаларына ауыстырылған келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлері авиация және Аэроұтқыр әскерлері үшін белгіленген киім нысанын киіп жүреді.

      20. Қызмет өткеру үшін Әскери-теңіз күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті теңіз бөлімдерінің басқармаларына, штабтарына және мекемелеріне ауыстырылған Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлері Әскери-теңіз күштері әскери қызметшілерінің киім нысанын киіп жүреді.

      21. Қызмет өткеру үшін Қорғаныс министрлігінің, Штабтар бастықтары комитетінің орталық аппаратына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскер түрі мен тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, өңірлік басқармалардың штабтары мен басқармаларына, сондай-ақ әскери оқу орындарына, мекемелерге, азаматтық жоғары оқу орындарының әскери факультеттеріне (бөлімшелеріне, кафедраларына) ауыстырылған Әскери-теңіз күштері кеме құрамының келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерінің осы жағдайларда Әскери-теңіз күштері әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын киіп жүру құқығы сақталады және оны киіп жүреді.
      Қорғаныс министрлігінің, Штабтар бастықтары комитетінің орталық аппаратына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскер түрі мен тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, өңірлік басқармалардың штабтары мен басқармаларына, сондай-ақ әскери бөлімдерге, әскери оқу орындарына, мекемелерге, азаматтық жоғары оқу орындарының әскери факультеттеріне (бөлімшелеріне, кафедраларына) ауыстырылған Әскери-теңіз күштерінің (кеме құрамынан басқа), келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызметшілері, әскери полиция, Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің киім нысанын киіп жүреді.

      22. Әскери оқу орындарында тұрақты офицерлер құрамы бұл әскери оқу орны қарайтын осы әскер тектерінің, әскери құралымның (қызметтің) киім нысанын киіп жүреді.

      23. Әскери оқу орындарында, сондай-ақ орталық жетілдіру курстарында және басқа да қысқа мерзімді курстарда ауыспалы офицерлер құрамы, олар келген осы әскер тектерінің, әскери құралымның (қызметтің) киім нысанын киіп жүреді.

      24. Барлық әскери оқу орындарында оқитын Әскери-теңіз күштерінің келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлері Әскери-теңіз күштері әскери қызметшілерінің киім нысанын киіп жүреді.

      25. Қарулы Күштер әскер тектері әскери оқу орындарының курсанттары осы оқу орны қарайтын әскер тектерінің, ал орта және жоғары әскери оқу орындарында - мотоатқыштар әскерлері үшін белгіленген киім нысанын киіп жүреді.

      26. Офицерлер атақтары жоқ әскери оқу орындарының және азаматтық жоғары оқу орындары әскери факультеттерінің курсанттары (тыңдаушылары) әскер тектері бойынша әскери оқу орындарының курсанттары үшін белгіленген киім нысанын киіп жүреді.

      27. Келісімшарт бойынша сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар) қатарынан әскери оқу орындарының (факультеттерінің курсанттары (тыңдаушылары) осы әскери қызметшілер санаттары үшін белгіленген офицерлер киім-кешегін киіп жүру құқығын сақтайды, бұл ретте келісімшарт бойынша сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар) әскери оқу орны курсанттарының погондарын тағып жүреді.

      28. Қысқа мерзімді курстардың және оқу-жаттығу жиындарының келісімшарт бойынша сержанттары (старшиналары) мен сарбаздары (матростары), олар осы курстарға (мектептерге), жиындарға келген киім нысанын киіп жүреді.

      29. Қарулы Күштер әскер тектері штаттық бөлімдерінің, күзет және қамтамасыз ету бөлімшелері мен әскери оқу орындарының келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызметшілері осы әскери оқу орны қарайтын әскер тектері бойынша киім нысанын, ал қалған әскери оқу орындарында - мотоатқыштар әскерлері үшін белгіленген киім нысанын киіп жүреді.

      30. Әскери оркестрлердің келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер бөлімнің әскер тектері бойынша киім нысанын, бірақ әскери дирижерлар мен музыканттар үшін белгіленген эмблемамен киіп жүреді.

      31. Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің киім нысаны белгіленген Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері мен мекемелерінің әскери қызметшілері оны осы Ережелердің 13-14-тармақтарына сәйкес киіп жүреді.

      32. Қарауыл қызметін атқару кезінде әскери киім нысанын киіп жүру тәртібі Қарулы Күштердің Гарнизон және қарауыл қызметтерінің жарғысымен айқындалады.

      33. Келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге, келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарға (матростарға) және әскери қызметші әйелдерге қызметтен тыс уақытта және қызмет уақытында ерекше нұсқау бойынша азаматтық киім киіп жүруге рұқсат етіледі.

      34. Онда әскери киім нысанын киіп жүру қызметтік қажеттілік тудырмайтын орталық аппараттарда, штабтарда, басқармаларда, госпитальдар мен лазареттерде, сондай-ақ әскери бөлімдерде, әскери оқу орындарында және мекемелерінде үлкен бастықтың (әскери бөлім командирінің) нұсқауы бойынша қызметте азаматтық киім киіп жүруге рұқсат етіледі.

      35. Жылы киімдер (қысқа тондар, пима, теріден тігілген биялай, теріден тігілген кеудешелер) қысқы уақытта төмен температура кезінде сабақтарда, оқу-жаттығуларда және жұмыстарда, ал суық климатты аудандарда - төмен температура және қатты жел соққан кезде әскери бөлім командирінің нұсқауы бойынша үнемі киіліп жүріледі.

      36. Арнайы киімді және ұшу-техникалық киім-кешекті әскери қызметшілер (жабдықтау нормалары бойынша кімге тиесілі) оқу-жаттығуларда, маневрлер жасағанда, арнайы міндеттерді орындаған, жауынгерлік кезекшілік (Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлеріндегі жауынгерлік қызмет, патрульдік-посттық қызмет) кезінде, оқу-жаттығу орталықтарындағы сабақтарда, жауынгерлік техникамен сабақтарда және техника мен қару-жараққа қызмет көрсеткен, гараждардағы, парктердегі, доктардағы, шеберханалардағы, әуеайлақтардағы, зертханалардағы, қоймалардағы, кемелердегі, әскери бөлімдердегі және жағалық базалардың аумақтарындағы жұмыстарды орындаған кезде киіп жүреді. Қалған барлық жағдайларда арнайы киімді киіп жүруге тыйым салынады.
      Арнайы киімді киіп жүру тәртібі мен уақытын әскери бөлімнің (кеменің) командирі, әскери оқу орнының, мекеменің бастығы айқындайды. Арнайы киім ротаның ұйықтайтын үй-жайынан тыс арнайы шкафтарда, қоймаларда, жекелеген сөрелерде немесе ілгіштерде сақталады.
      Әскери қызметшілерге, қызметтік қажеттілік туындаған жағдайларды қоспағанда, елді мекенде және басқа да қоғамдық жерлерде арнайы және жұмыс киімін киіп жүруге тыйым салынады.

      37. Спорттық киім мен аяқ киімді спорттық сабақтар және жарыстар өткізген уақытта киіп жүруге рұқсат етіледі.

      38. Мыналарға тыйым салынады:
      1) өзгертілген немесе белгіленбеген үлгідегі әскери киім нысанын киіп, амунициялар мен әскери айырым белгілерін тағып жүруге;
      2) ақ түстен түсі басқа жаға астарларын тағуға;
      3) осы Ережелермен көзделмеген кеуде белгілерін әскери киім нысанына тағып жүруге;
      4) әскери киім нысаны әр түрінің заттарын, сондай-ақ әскери киім нысанын азаматтықпен араластыруға;
      5) олар демалыста болған жағдайларды қоспағанда, шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздардың (матростардың), орта және жоғары әскери оқу орындары курсанттарының, Кадет корпусының және "Жас ұлан" республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің азаматтық киімді киіп жүруіне;
      6) әскери киім нысанында жүрген кезде, қызметтік қажеттілік туындаған жағдайларды қоспағанда, торлы сөмкелерді, ашық түсті сөмкелер (пакеттер) және нысаны, көлемі немесе түсі бойынша әскери қызметшінің үлгілі сыртқы пішінін бұзатын басқа да заттарды ұстауға.

2-тарау. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысанының жекелеген заттарын киіп жүруі

1. Бас киім

      39. Берет, пилотка мен күнқағарсыз фуражка оң жаққа қарай аздап түсіріліп киіледі, бедерлі түсті берет сол жаққа қарай түсіріліп, ал күнқағары бар теріден тігілген құлақшын, құлақшын, малақай-маска, фуражка, панама, далалық фуражка мен бандана - тура, түсірмей, теріден құлақшынның және фуражканың күнқағарлары қастардың деңгейінде, ал құлақшынның, малақай-масканың, панаманың, бандананың, күнқағарсыз фуражканың, береттің және пилотканың төменгі шеті - қастардың үстіне көлденең қойылған екі саусақтың ені бойында тұратындай етіп киіледі. Кокарданың (жұлдыздың, эмблеманың) ортасы кеңсірік үстінде тұруы тиіс.

      40. Далалық фуражканың және панаманың түсі міндеттерді орындау және қызмет өткеру өңіріне байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшылары айқындайды.
      Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары әскери қатынастары комендатураларының әскери қызметшілеріне қаракөлден тігілген құлақшынды-бас киім, көк түсті фуражка, берет пен пилотка киіп жүруге рұқсат етіледі.
      Жиектері түсірілген күнқағары бар малақай және құлақшындары түсірілген құлақшын киюге ауаның сыртқы температурасы -10 0 С-дан төмен болған кезде рұқсат етіледі. Сапта жиектер мен құлақшындар командирдің нұсқауы бойынша түсіріледі. Құлақшындар түсірілген кезде құлақшын ызбаларының ұштары иек астында байлануы тиіс, құлақшындары көтерілген кезде ызбаның байланған ұштары құлақшын астына орналастырылады. Қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсеткен кезде, шаруашылық жұмыстарда және бөлімше командирінің нұсқауы бойынша басқа да жағдайларда малақай құлақшынының ұштарын артқы жаққа байлауға рұқсат етіледі.

      41. Шешілген бас киім сапта және саптық тәсілдерді орындаған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Саптық жарғысында көрсетілгендей, сол жаққа төмен түсірілген қолында ұсталады. Бұл ретте күнқағары бар малақай, құлақшын, фуражка, күнқағарсыз фуражка, пилотка, панама, далалық фуражка мен берет кокардасы мен эмблемасы (жұлдызы) төмен қаратылып алдыға, пилотканың төменгі шеті төмен, ал фуражка, күнқағарсыз фуражка, күнқағары бар малақай, құлақшын мен берет - оң жаққа қарай ұсталуы тиіс.

      42. Саптағы қысқы салтанатты киім нысаны кезінде үлкен бастықтың нұсқауы бойынша фуражканы киюге рұқсат етіледі.

      43. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің және Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне берет орнына белгіленген түсті фуражка киюге рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздар лакталған қара түсті бау орнына алтын түстес өрілген бау тағады.

2. Сыртқы киім

      44. Жоғары офицерлер құрамына, аға және кіші офицерлер құрамына, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарға (матростарға) (әскери қызметші әйелдерден басқа) арналған теріден тігілген жағасы бар екі жаққа қаусырмалы астары жылы пальто (жоғары офицерлер құрамында, 1-дәрежелі капитандарда, полковниктерде - қаракөлден тігілген жаға) оң жаққа қарай алдындағы барлық үш түймесі салынады.
      Саптағы салтанатты киім нысаны кезінде пальто салтанатты белдікпен және аксельбантпен, ал саптан тыс - салтанатты белдіксіз және аксельбантсыз киіледі.
      Жерден пальтоның етегіне дейінгі арақашықтық - 38 - 40 см.

      45. Шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарға (матростарға), орта және жоғары оқу орындарының курсанттарына, Кадет корпусының және "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілеріне арналған теріден тігілген жағасы бар бір жаққа қаусырмалы астары жылы пальто оң жағына қарай алдындағы барлық төрт түймесі салынады (әскери қызметші әйелдерден басқа).
      Одан басқа Әскери-теңіз күштерінің шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары (старшиналары) мен сарбаздарына (матростарына), орта және жоғары оқу орындарының курсанттарына арналған пальто жағасына ақ түсті жаға астары тігілетін қара түсті жүн галстукпен киіледі.
      Ішкі қалтасының астында шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздардың (матростардың), орта және жоғары оқу орындары курсанттарының, Кадет корпусы және "Жас ұлан" республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің тегі мен аты-жөнінің бас әріптері көрсетіліп жазылады.
      Жерден пальто етегіне дейінгі арақашықтық:
      1) орта және жоғары оқу орындарының курсанттары, келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар) (Кадет корпусының және "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілерінен басқа) үшін - бойына байланысты 29 - 32 см.
      2) Кадет корпусының және "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілері үшін - бойына байланысты 35 - 40 см.
      Алдыңғы жағы сыртқа қаратылып ұқыпты бүктелген астары жылы пальтоны сол жақ қолда ұстап жүруге рұқсат етіледі.

      46. Әскери қызметші әйелдердің теріден тігілген жағасы бар бір жаққа қаусырмалы астары жылы пальто (1-дәрежелі капитандарда, полковниктерде - қаракөлден тігілген жаға) сол жаққа қарай алдыңғы барлық төрт түймесі астарлы ілмектерге салынады.
      Жерден пальто етегіне дейінгі арақашықтық - 38 - 40 см.
      Алдыңғы жағы сыртқа қаратылып ұқыпты бүктелген астары жылы пальтоны сол жақ қолда ұстап жүруге рұқсат етіледі.

      47. Әскери қызметші әйелдердің плащы сол жаққа қарай алдыңғы барлық төрт түймесі астарлы ілмектерге салынады.
      Плащтың белдігі тоғасына салынуы тиіс.
      Жерден плащ етегіне дейінгі арақашықтық - 42 - 45 см.
      Алдыңғы жағы сыртқа қаратылып ұқыпты бүктелген плащты сол жақ қолда ұстап жүруге рұқсат етіледі.

      48. Алмалы-салмалы астары және теріден тігілген жағасы бар маусымдық күртешенің (жоғары офицерлер құрамында, полковниктер мен 1-дәрежелі капитандарда - қаракөлден тігілген жаға) желден қорғайтын қақпағымен "сыдырмалы" ілмектері салынады. Қақпақтың оң жаққа қарай түймелері астарлы ілмекке салынады. Жылы ауа райында және жазғы уақытта маусымдық күртеше жағасыз және астарсыз киіледі. Қолайсыз ауа райы кезінде маусымдық күртешені капюшонымен киюге рұқсат етіледі.
      Алдыңғы жағы сыртқа қаратылып ұқыпты бүктелген маусымдық күртеше сол жақ қолда ұстап жүруге рұқсат етіледі.

      49. Жоғары офицерлер құрамына арналған маусымдық күртеше оң жаққа қарай түймеленеді. Плащтың белдігі тоғасына салынуы тиіс. Қолайсыз ауа райы кезінде плащты капюшонымен киюге рұқсат етіледі.
      Жерден плащ етегіне дейінгі арақашықтық - 40 - 42 см.
      Алдыңғы жағы сыртқа қаратылып ұқыпты бүктелген плащ сол жақ қолда ұстап жүруге рұқсат етіледі.

      50. Плащ-жамылғының барлық түймелері салынады және қолайсыз ауа райы кезінде (капюшонмен және капюшонсыз) жазғы және қысқы сыртқы киім заттарының сыртынан киіледі.
      Плащ-жамылғыны иық бауларында бүктеп және жинап немесе саптан тыс - алдыңғы жағы сыртқа қаратылып ұқыпты бүктелген сол жақ қолда ұстап жүруге рұқсат етіледі.

      51. Бушлаттың ілгектері және барлық түймелері салынады және жағасына ақ түсті жаға астары тігілетін қара түсті жүн (шұға) галстукпен киіледі.
      Келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін аға және кіші офицерлер құрамына, сержанттар (старшиналар) мен сарбаздарға (матростарға) бушлат төменгі төрт түймесі салынып, қаусырма лацкандар түрінде қайырып киюге рұқсат етіледі.

      52. Ашық мундир (тужурка) оң (әскери қызметші әйелдерде - сол) жаққа қарай барлық түймелері салынады. Мундир (тужурка) саптағы салтанатты киім нысаны кезінде салтанатты белдікпен (әскери қызметші әйелдерден басқа) және аксельбантпен, ал саптан тыс - салтанатты белдіксіз және аксельбантсыз киіледі.
      Аэроұтқыр әскерлерінің, жағалық қорғаныс бөлімдерінің және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілеріне саптағы салтанатты киім нысаны кезінде мундирді (тужурканы) тельняшканың орнына галстугы бар жейдемен киюге рұқсат етіледі.

      53. Күнделікті ашық китель оң (әскери қызметші әйелдерде - сол) жаққа қарай барлық түймелері салынады.

      54. Жүн күртеше кокетка деңгейінде "сыдырма" ілгегіне салынады.

      55. Тік пішінді жүн (жартылай жүн) свитер. Мойнының V типті қиығы болады. "Сыдырмалы" ілгегі бар свитерді тек жоғары офицерлер құрамына киюге рұқсат етіледі.

      56. Сыртынан киетін нысанды жейде мен фланельден тігілген нысанды жейденің алдыңғы жағы түсірілмей, екі жаны жиналып шалбарға салынады, тельняшкамен және нысанды жағамен киіледі. Жазғы уақытта тельняшкасыз киюге рұқсат етіледі.

      57. Флоттық жұмыс көйлегінің жейдесі шалбарға салынбайды және тельняшкамен және нысанды жағамен киіледі.

      58. Жазғы бүркеніш түсті (десанттық жазғы) далалық күртешенің алты түймесі салынады және ақ түсті жаға астарымен киіледі (жоғары офицерлер құрамынан басқа), жоғарғы шеті жағадан 1-2 см шығып тұруы тиіс. Күртеше майкамен немесе футболкамен киіледі. Аэроұтқыр әскерлерінде, жағалық қорғаныс бөлімдерінде және арнайы мақсаттағы бөлімшелерде күртешенің алдыңғы жағы түсірілмей, екі жаны жиналып шалбарға салынады және тельняшкамен киіледі.
      Жазғы уақытта күртешенің жоғарғы түймесі салынбай киіледі, бұл ретте күртеше қайырмасының жоғарғы бұрыштары лацкандар түрінде қайырылады және күртеше жеңдері шынтақ буынынан 2-4 см-ге жоғары қайырылады.
      Күртеше амунициямен тек далалық сабақтар, ал сабақтан тыс - онысыз киіледі (шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздардан (матростардан), орта және жоғары оқу орындарының курсанттарынан, Кадет корпусы және "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілерінен және әскери құрылысшылардан басқа).
      Бүркеніш түсті тік пішілген шалбар биік қонышты бәтеңкеге салынады. Шалбарды биік қонышты бәтеңкеге салмай, сыртына түсіріп киюге рұқсат етіледі, бұл ретте шалбардың шеті тартылып жиналған және жерден 15-20 см арақашықтықта болуы тиіс.
      Жоғары офицерлер құрамына арналған жазғы мақта-мата далалық күртешенің кокетка деңгейінде "сыдырма" ілгегі тағылады.
      Жеңі қысқа күртеше киюге рұқсат етіледі.

      59. Бүркеніш түсті астары жылы далалық күртешенің (қысқы десанттық күртешенің) барлық түймелері салынады (жоғары офицерлер құрамынан басқа) және биік қонышты бәтеңкеге салынған бүркеніш түсті астары жылы далалық шалбармен (қысқы десанттық шалбармен) киіледі. Қолайсыз ауа райы кезінде күртеше капюшонмен және жағасы көтеріліп киіледі.
      Шалбарды   биік қонышты бәтеңкеге салмай, сыртына түсіріп киюге рұқсат етіледі, бұл ретте шалбардың шеті тартылып жиналған және жерден 15-20 см арақашықтықта болуы тиіс.
      Күртеше амунициямен тек далалық сабақтар, ал сабақтан тыс - онысыз киіледі (шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздардан (матростардан), орта және жоғары оқу орындарының курсанттарынан, Кадет корпусы және "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілерінен және әскери құрылысшылардан басқа).

      60. Жоғары офицерлер құрамына арналған мақта-мата астары жылы далалық күртешенің желден қорғайтын қақпаларымен "сыдырма" ілгегі салынады. Қақпаның оң жаққа қарай түймесі астарлы ілмекке салынады.
      Жылы ауа райында және жазғы уақытта күртеше жағасыз және астарсыз киіледі.

      61. Жоғары офицерлер құрамына арналған далалық маусымдық күртешенің желден қорғайтын қақпаларымен "сыдырма" ілгегі салынады. Қақпаның оң жаққа қарай түймесі астарлы ілмекке салынады.

      62. Далалық нысанның түсін міндеттерді орындау және қызмет өткеру өңіріне байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшылары айқындайды.

      63. Қорғаныш түсті күртешенің (жұмыс киім нысанының) барлық түймелері салынады және ақ түсті жаға астарымен киіледі, оның жоғарғы шеті жағадан 1-2 см шығып тұруы тиіс.
      Жазғы уақытта күртеше жоғарғы түймесі салынбай және белдік белбеусіз киіледі, бұл ретте күртеше қайырмасының жоғарғы бұрыштары лацкан түрінде қайырылады және күртешенің жеңдері шынтақ буынынан 2-4 см-ге жоғары қайырылады.

      64. Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары әскери қатынастар комендатураларының әскери қызметшілеріне көк түсті пальто, маусымдық күртеше (қаракөл жағалы), мундир, китель, свитер, шалбар киюге рұқсат етіледі.

      65. Астары жылы пальто, маусымдық күртешелер, плащтар, мундирлер, тужуркалар, кительдер, жүн күртешелер, свитерлер, сыртынан киетін нысанды жейде, фланельден тігілген жейде, жұмыс жейдесі мен шалбары белгіленген түсті, таза және үтіктелген болуы тиіс. Шалбардың тік үтіктелген қыры болуы тиіс. Қалған заттарға қыр салуға рұқсат етілмейді.
      Юбка белгіленген түсті, таза, үтіктелген, қырсыз болуы тиіс. Тізенің төменгі жағынан юбканың етегіне дейінгі арақашықтық - 2-4 см.
      Пальто, мундир, тужурка, китель мен күртеше қалталарының қақпалары сыртқа түсірілген болуы тиіс.
      Айырым белгілері дұрыс және ұқыпты тігілген (бекітілген) болуы тиіс.

      66. Даладағы сабақтарда және оқу-жаттығуларда далалық киім нысаны жеке қарумен және жұмыс үшін қажетті керек-жарақтармен (далалық сөмке, дүрбі және т.б.) киіледі.

      67. Жеңіл жүн матадан тігілген қара қоңыр қорғаныш түсті күнделікті кительді немесе тужурка (жүн күртеше) мен шалбарды саптан тыс жазғы күнделікті киім нысаны кезінде киюге рұқсат етіледі.

3. Жейделер, галстуктер, футболкалар, майкалар
(тельняшкалар), кашне мен қолғап

      68. Жейделердің оң (әскери қызметші әйелдер үшін - сол) жаққа қарай барлық түймелері салынады және погондармен және киілген ашық мундир, китель, тужурка, свитер және жүн күртеше кезінде галстукпен киіледі. Жейденің жағасы мундир (китель, тужурка, жүн күртеше) жағасының жоғарғы шетімен бір деңгейде болуы немесе одан кемінде 0,5 см шығып тұруы тиіс.

      69. Мынадай жейделерді киюге рұқсат етіледі:
      1) жазғы салтанатты киім нысаны кезінде погондары бар және мундирсіз қара түсті галстукпен ақ түсті, ал қызметтік үй-жайларда - жылдың кез келген уақытында;
      2) саптан тыс жазғы күнделікті киім нысаны кезінде қызмет уақытынан тыс погондары бар және кительсіз (күртешесіз) қара түсті галстукпен ақ түсті;
      3) жазғы күнделікті киім нысаны кезінде погондары бар және кительсіз (тужуркасыз, күртешесіз немесе свитерсіз) қара түсті галстукпен сарғыш және ақ сары түсті, ал қызметтік үй-жайларда, дәрістердегі (шеберханалардағы) сабақтарда - жылдың кез келген уақытында;
      4) күндізгі ауа температурасы 20 0 С және одан жоғары болғанда жазғы күнделікті киім нысаны кезінде жеңі қысқа, погондары бар, жоғары түймесі салынбаған, галстуксіз, кительсіз (тужуркасыз, күртешесіз немесе свитерсіз) сарғыш және ақ сары түсті (жағасы қайырылған).
      Жейделер белгіленген үлгідегі және түсті, таза, мұқият пішілген және үтіктелген, дұрыс таңдалған погондарымен болуы тиіс. Түсі өнген және үтіктелмеген жейделер, бұзылған және лас погондары бар жейделер киюге, сондай-ақ жейделерге қыр салуға тыйым салынады.

      70. Галстук жейдеге тағылады және оған жоғарғы жағынан үшінші және төртінші түйме арасында белгіленген үлгідегі алтын түстес бекітпемен қыстырылады. Галстук үнемі мұнтаздай және таза болуы тиіс. Түсі өнген және ескірген галстуктер тағуға тыйым салынады.

      71. Футболка, майка (тельняшка) далалық киім нысаны кезінде киіледі. Жазғы уақытта футболканы далалық жазғы күртешесіз киюге рұқсат етіледі.
      Аэроұтқыр әскерлерінің, жағалық қорғаныс бөлімдерінің және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілеріне тельняшка орнына галстугі бар жейде киюге рұқсат етіледі.

      72. Кашне (салтанатты киім нысаны кезінде - ақ түсті, күнделікті және далалық кезінде - қорғаныш немесе қара түсті) астары жылы пальто, маусымдық күртеше, теріден тігілген күртеше, астары жылы далалық күртеше мен қысқы десанттық күртеше жағасының астына ұқыпты салынып тағылады. Кашненің жоғарғы шеті жағадан 1-2 см-ге біркелкі шығып тұруы тиіс. Түсі өнген, белгіленбеген түсті және үлгідегі кашне тағуға тыйым салынады.

      73. Ақ түсті жүн (трикотаж) қолғап салтанатты киім нысаны кезінде парадтарда киіледі. Салтанатты киім нысаны кезінде ақ түсті былғары қолғап киюге рұқсат етіледі. Салтанатты киім нысаны кезінде парадтарда қара түсті қолғап ерекше нұсқау бойынша киіледі.
      Суық ауа райы және қысқы салтанатты, күнделікті, далалық және жұмыс киім нысаны кезінде қара түсті жүн қолғап киіледі. Қысқы салтанатты, күнделікті, далалық және жұмыс киім нысаны кезінде қара түсті былғары қолғап және қоңыр түсті жүн қолғап киюге рұқсат етіледі.
      Әскери сәлемдесу кезінде қолғап шешілмейді.

      74. Астана және Алматы қалаларының әуежайлары халықаралық әскери қатынастар комендатураларының әскери қызметшілеріне көгілдір түсті жейде киюге, кашне мен көк түсті галстук тағуға рұқсат етіледі.

4. Аяқ киім, ұйық, шұлық пен колготки

      75. Әскери киім нысанын киіп жүрген кезде аяқ киім белгіленген үлгідегі қара (Әскери-теңіз күштеріндегі N 1 жазғы киім нысаны кезінде қысқа қонышты құрым бәтеңке - ақ) түсті, дұрыс жағдайда және үнемі тазаланған болуы тиіс, бәтеңке мен қысқа қонышты бәтеңке ұқыпты байланған, етіктің баулары қонышына салынған болуы тиіс. Үстіңгі жағы бүлінген немесе өкшесі желінген аяқ киімді, етіктің қонышын түсіріп немесе қайырып киюге тыйым салынады. Жазғы уақытта кемелерде саптан тыс және кеме нарядтары қызметі жөніндегі міндеттерді атқарудан бос уақытта сандалет немесе спорттық туфли киюге рұқсат етіледі.

      76. Салтанатты және күнделікті киім нысаны кезінде әскери қызметші әйелдерге саптан тыс қара түсті азаматтық аяқ киім киюге рұқсат етіледі.

      77. Ұйық: қара аяқ киім кезінде - қара немесе қорғаныш түсті, ақ аяқ киім кезінде - ақ түсті болуы тиіс. Түсі өнген, белгіленбеген түсті ұйық киюге тыйым салынады.

      78. Әскери қызметшілер үшін шұлық пен колготки ашық қоңыр түсті болуы тиіс. Түсі өнген, белгіленбеген түсті шұлық пен колготки киюге тыйым салынады.

5. Амуниция және қару

      79. Салтанатты белдік Әскери-теңіз күштері жоғары офицерлер құрамының мундирлері мен тужуркаларында, келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін аға және кіші офицерлерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін старшиналары мен матростарының тужуркаларында алдыңғы жағында жоғарыдан үшінші түйме қатарына, Қарулы Күштердің келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін аға және кіші офицерлерінің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарының мундирлерінде - алдыңғы жағында жоғарыдан үшінші түймеге тиіп тұруы тиіс.
      Астары жылы пальтоға салтанатты белдік таққан кезде ол жоғарыдан үшінші түйме қатарында (жоғарыдан үшінші түймеге) тиіп тұратындай болуы тиіс.
      Белдік тоғасы алдыңғы жағында ортасында болуы тиіс.

      80. Далалық белбеу осы Ережелердің 58-59-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әскери полиция жасағына арналған жазғы далалық күртешеге, астары жылы далалық күртешеге, жазғы және қысқы десанттық күртешеге тағылады.
      Далалық белбеудің тоғасы (жабдық) орта жағында болуы, ал иық белбеуі - оның төменгі жағынан 6 см арақашықтықта оң погонның астынан өткізілуі тиіс.

      81. Белдік белбеуді шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар), орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттары, Кадет корпусының және "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілері астары жылы пальтоға, кительге, жазғы және астары жылы далалық күртешеге, жазғы және қысқы десанттық күртешеге, қысқа тонға, жылы кеудешеге, Әскери-теңіз күштерінде сыртынан киетін нысанды жейдеге, фланельден тігілген жейдеге - шалбардың сыртына тағады.
      Шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздардың (матростардың), орта және жоғары әскери оқу орындары курсанттарының, Кадет корпусы және "Жас ұлан" республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің ашық кителіне белдік белбеу үшінші түйменің үстіңгі жағын жауып тұруы, ал астары жылы пальтоға екінші және үшінші түймелер арасында тұратындай етіп үстінде болуы тиіс.

      82. Пистолет оң жақ жанында далалық белдікте (жабдықтау) кобурада алып жүріледі:
      1) Қарулы Күштерде (Әскери-теңіз күштерінен басқа) астары жылы пальто, китель мен далалық күртеше сыртында, маусымдық күртеше, жүн күртеше мен жейде астында (иық белдігінсіз белдік белбеуде);
      2) Әскери-теңіз күштерінде - астары жылы пальто, бушлат, маусымдық күртеше сыртына, сыртынан киетін нысанды жейде, фланельден тігілген нысанды жейде киген кезде тужурка, жүн күртеше мен жейде астында және далалық күртеше сыртында.

      83. Кездік Әскери-теңіз күштерінде мыналар киілген кезде салтанатты белдікпен сол жақ жанында алып жүріледі:
      1) саптағы салтанатты киім нысаны кезінде - тужурка, астары жылы пальто үстінде;
      2) саптан тыс салтанатты киім нысаны кезінде - тужурка астында.

      84. Далалық сөмке саптағы жазғы және қысқы далалық және күнделікті киім нысаны кезінде киім-кешектің сыртынан оң жақ иыққа тартылған белдікте алынып жүріледі.

      85. Аксельбант саптағы салтанатты киім нысаны кезінде тағылады.
      Жоғары офицерлер құрамының, келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін аға және кіші офицерлер құрамының, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздардың (матростардың), әскери қызметші әйелдердің, құрметті қарауыл әскери қызметшілерінің, әскери дирижерлар мен үрмелі оркестр әскери қызметшілерінің аксельбанты - екі ұштығы бар алтын түстес; орта және жоғары әскери оқу орындары курсанттарының, Кадет корпусы және "Жас ұлан" республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің - бір ұштығы бар күміс түстес (Республикалық ұланда - алтын түстес).

3-тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,
басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери
қызметшілерінің айырым белгілері

1. Погондар мен шағын погондар

      86. Жапсыра тігілетін погондар астары жылы пальтоға, плащтарға, мундирлерге, кительдерге, тужуркаларға тағылады.
      Алмалы-салмалы погондар маусымдық плащтарға, жүн күртешелерге, жейделерге, қысқа тондарға тағылады.
      Муфталардағы алмалы-салмалы погондар маусымдық күртешелерге, астары тері күртешелерге, десанттық күртешелер мен свитерлерге тағылады, сондай-ақ маусымдық күртешелерге, жүн күртешелерге, жейделерге, қысқа тондарға тағылуы мүмкін.
      Ішінен тігілетін погондар десанттық күртешелерге, мамандарға арналған арнайы киімге және жұмыс костюмінің күртешелеріне тағылады.
      Жалпы әскери атақтары бар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі теңіз бөлімдері жағалық бөлімдерінің әскери қызметшілері белгіленген түсті негізі және ашық жасыл түсті жиегі бар погондар тағады.
      Штаттық әскери-есеп мамандықтары кемелік болып табылмайтын Әскери-теңіз күштері жағалық бөлімдерінің әскери қызметшілері қызыл түсті жиегі бар погондар тағады.
      Шағын погондар сыртынан киілетін нысанды жейдеге, фланельден тігілген нысанды жейдеге және жұмыс жейдесіне жапсыра тігіліп тағылады.

      87. Погондарға жұлдыздарды (шағын жұлдыздарды) орналастыру 1-қосымшада көрсетілген.

      88. Погондарға жапсырмаларды орналастыру 2-қосымшада көрсетілген.

2. Жеңдегі және кеуде айырым белгілері

      89. Әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жататынын көрсететін шеврондар жеңнің жоғарғы нүктесінен 12 см арақашықтықта киім-кешектің (жейде мен свитерден басқа) сол жақ жеңіне тігіледі. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің әскери қызметшілері шетелде іссапарда болған кезде, сондай-ақ бітімгершілік миссияларымен әскери қызмет өткеретін (іссапарда болатын) әскери қызметшілер ағылшын тілінде жазылған жазулары бар шеврондар мен жапсырмалар тағады.

      90. Киім-кешектің (жейде мен свитерден басқа) оң жақ жеңіне тағылатын шеврондар жеңнің жоғарғы нүктесінен 12 см арақашықтықта тігіледі, диаметрі 82 мм шеңбер нысанын білдіреді (келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін 1, 2, 3-сыныпты сержанттарға және старшиналарға, шебер және штаб сержантына немесе старшинасына арналған шеврондардан басқа).

      91. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін 1, 2, 3-сыныпты сержанттар және старшиналар, шебер және штаб сержанты немесе старшинасы үшін киім-кешектің (жейде мен свитерден басқа) оң жақ жеңіне тағылатын шеврондар жеңнің жоғарғы нүктесінен 12 см арақашықтықта тігіледі, қалқан нысанын білдіреді. Шевронның көлемі: биіктігі бойынша - 90 мм, ені бойынша - 75 мм. Шеврон жиегінің, ондағы жазулар мен суреттің түсі - алтын түстес.

      92. Әскери-теңіз күштері кеме құрамының адмиралдары мен офицерлерінің әскери атақтары бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттардың, старшиналардың, сарбаздар мен матростардың қызмет жылдары бойынша, ұшқыштар (шабуылдаушылар) авиациялық оқу орындары курсанттарының оқу курстары бойынша жеңдегі белгілер әскери-теңіз оқу орындары курсанттарының мундирлеріне (тужуркаларына) - сыртынан киетін нысанды жейдеге, фланельден тігілген жейдеге, пальтоға, бушлаттарға - жеңнің төменгі шетінен 10 см арақашықтықта сол жақ жеңнің сыртқы жағына (Әскери-теңіз күштерінің адмиралдары, офицерлері - екі жақ жеңіне) тағылады.
      Білімі бойынша кемелік емес әскери-есептік мамандығы жоқ Әскери-теңіз күштері жағалық бөлімшелерінің әскери қызметшілері әскери атақтары бойынша жеңдегі айырым белгілерін тақпайды.
      Басқа әскери оқу орындары курсанттарының оқу курстары бойынша жеңдегі белгілері мундирдің және астары жылы пальто сол жеңінің сыртқы жағына жеңдегі айырым белгісінінен 1 см-ге төмен олардың төменгі шетіне қарама-қарсы тігіледі.

      93. Әскери-теңіз күштерінде мамандықтары бойынша жеңдегі айырым белгілерін Әскери-теңіз күштерінде келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін старшиналар, сержанттар, матростар мен сарбаздар пальтоға, бушлаттарға, тужуркаларға (ақтан басқа) және сыртынан киетін нысанды жейжеге, фланельден тігілген нысанды жейдеге шынтақ бүгілісінен 30 см-ге жоғары сол жеңінің сыртқы жағына тағады.

      94. Әскери қызметшінің тегі мен аты-жөнінің бас әріптерін көрсететін кеуде белгілері мыналардың сол жағына тағылады:
      1) мундирдің, тужурканың, сондай-ақ әскери қызметші әйелдер үшін китель мен мундирдің - лацкан бұрышы деңгейінен 70 см-ге төмен;
      2) кительге, күртешеге, свитерге, жейдеге - белгі, оның төменгі шеті жапсырмалы кеуде қалтасының жоғарғы тігісі деңгейінде болатындай етіп орналастырылады;
      3) сыртынан киетін нысанды жейдеге, фланельден тігілген нысанды жейдеге - жаға қиындысының бұрышы деңгейінен 70 см-ге жоғары.
      Орден ленталары мен медаль ленталарының планкаларын таққан кезде - белгі 5 см-ге төмен орналастырылады.
      Белгінің көлемі: ұзындығы - 80 мм, ені - 15 мм. Әріптері "Times Kazah" немесе "Times New Roman" көгілдір негізде ақ түсті болады, әріптің көлемі 20.

3. Бас киімдердегі кокардалар, эмблемалар,
тігістер мен жапсырмалар

      95. Бас киімдердегі кокардалар, эмблемалар, тігістер мен жапсырмалар Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 шілдедегі N 146 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасына және суреттеріне сәйкес тағылады.

      96. Беретке жапсырма сол жағына, кокарда ортасынан 80 мм және береттің шетінен 20 мм арақашықтықта тағылады.
      Пилоткаға жапсырма сол жағына жапсырманың сол шеті алдыңғы шетінен 30 мм және қабырғасынан 5 мм арақашықтықта орналасатындай етіп тағылады.

      97. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің береттері мен пилоткаларына жапсырмалардың сипаттамасы мен көлемін осы ведомстволардың бірінші басшылары белгілейді.

4. Киім-кешекке эмблемалар, тоғалар, шытыралар,
түймелер, өрнектер мен тігістер

      98. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар (Әскери-теңіз күштерінен, жағалық қорғаныс бөлімдерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті теңіз бөлімдерінен, Республикалық ұланнан басқа) әскери қызметшілерінің (жоғары офицерлер құрамынан басқа) мундирлері мен кительдерінің жағаларына эмблемалар алтын түстес әскерлер тектері бойынша тағылады. Жағаның бұрышынан эмблема ортасына дейінгі арақашықтық 30 мм.

      99. Алмалы-салмалы погондардағы эмблемалар погонның жоғарғы шетінен эмблема ортасына дейін 35 мм арақашықтықта осьтік сызығы бойына орналастырылады.

      100. Әскери атташеде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде, әскери өкілдіктерде әскери қызмет өткеретін, шетелде әскери оқу орындарда оқитын, сондай-ақ шетелде қызметтік іссапарларда болатын және шетел әскери делегацияларын қарсы алуды және ілесіп жүруді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларға қатысатын әскери қызметшілердің мундирлері мен кительдерінің жағаларына, алмалы-салмалы погондарына "KZ" деген әріптер тағылады. Жаға бұрышынан әріптің ортасына дейінгі арақашықтық - 30 мм.

      101. Республикалық ұлан әскери қызметшілерінің мундирлері мен кительдерінің жағаларына "РҰ" деген әріптер тағылады. Жаға бұрышынан әріптің ортасына дейінгі арақашықтық - 30 мм.

      102. Далалық киім нысаны киімдерінің жағаларына қорғаныш түсті эмблемаларды тақпауға рұқсат етіледі.

5-тарау. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері,
басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери
қызметшілерінің ордендерді, медальдарды,
планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталарын
және басқа да айырым белгілерін тағып жүруі

      103. Әскери киім нысанында (мундирлерде, тужуркаларда, кительдерде, сыртынан киетін нысанды жейделерде, фланельден тігілген нысанды жейделерде) ордендер мен медальдарды немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталарын және басқа да кеуде белгілерін тағып жүру міндетті болып табылады.

      104. Жоғары дәрежелі айырым белгілері: "Алтын Қыран" (Золотой Орел), "Халық қаһарманы" (Народный герой) Алтын жұлдыз медалі, "Отан" (Отечество) ордені, сондай-ақ құрмет атақтарына кеуде белгілері жазғы салтанатты (жейдеге), жазғы күнделікті (жүн күртешеге, свитерге немесе жейдеге), далалық және жұмыс киім нысанынан басқа, барлық киім нысанына тағылады.

      105. Саптағы салтанатты киім нысаны кезінде мыналар тағылады:
      1) жоғары дәрежелі айырым белгілері - "Алтын Қыран" (Золотой Орел), "Халық қаһарманы" (Народный герой) Алтын жұлдыз медалі, "Отан" (Отечество) ордені;
      2) ордендер мен медальдар;
      3) құрмет атақтарына кеуде белгілері;
      4) депутаттардың кеуде белгілері;
      5) "Қазақстанның Ұшқыш-ғарышкері" кеуде белгісі;
      6) сыныпты мамандар үшін кеуде белгілері (ұшқыш құрамнан басқа);
      7) "Ұшқыш-мерген" кеуде белгісі;
      8) "Шабуылдаушы-мерген" кеуде белгісі;
      9) авиацияның ұшқыш құрамының сыныпты мамандары үшін кеуде белгілері;
      10) "Кеме командирі" кеуде белгісі;
      11) үздіктер мен сыныпты мамандар кеуде белгілері;
      12) сержанттық курсты аяқтағаны туралы кеуде белгісі.

      106. Жазғы салтанатты (жейдеге), жазғы күнделікті (жүн күртешеге, свитерге немесе жейдеге), далалық киім нысанынан басқа, барлық киім нысаны кезінде мыналарды тағуға рұқсат етіледі:
      1) "Ұлан" кеуде белгісін:
      2) әскери оқу орнын аяқтағаны туралы кеуде белгісін;
      3) жоғары азаматтық оқу орнын аяқтағаны туралы кеуде белгісін;
      4) "Нұсқаушы-парашютші" кеуде белгісін;
      5) "Үздік-парашютші" кеуде белгісін;
      6) "Парашютші" кеуде белгісін;
      7) спорттық белгілер мен медальдар;
      8) басқа да Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі бекіткен айыру белгілерін.

      107. Саптан тыс салтанатты киім нысаны кезінде мундирге және саптағы күнделікті киім нысаны кезінде және саптан тыс кительге ордендер мен медальдар орнына планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталары, сондай-ақ айырым белгілері, оның ішінде осы Ережелердің 105-бабында көрсетілген кеуде белгілері тағылады.

      108. Салтанатты (жейдеге), күнделікті (жүн күртешеге, свитерге немесе жейдеге), далалық және жұмыс киім нысаны кезінде ордендер мен медальдар, планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталары және айырым белгілері тағылмайды.

      109. Жаралану санының белгісі жазғы салтанатты (жейдеге), жазғы күнделікті (жүн күртешеге, свитерге немесе жейдеге), далалық және жұмыс киім нысанынан басқа, барлық киім нысаны кезінде ордендер мен медальдардан 10 мм-ге жоғары кеуденің оң жағына, ал ордендер мен медальдар болмаған кезде - олардың орнына тағылады.

      110. Жоғары дәрежелі айырым белгілері: "Алтын Қыран" (Золотой Орел), "Халық қаһарманы" (Народный герой) Алтын жұлдыз медалі, "Отан" (Отечество) ордені ордендер мен медальдардан немесе планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталарынан жоғары кеуденің сол жағына тағылады.
      Екі немесе одан көп жоғары дәрежелі айырым белгілерін таққан кезде олар киімге мынадай реттілікпен жұлдыздар екі жаны ұштарының аралығы 10 мм арақашықтықпен оңнан солға қарай орналастырылып, бөлек бір қатарға тағылады: "Алтын Қыран" (Золотой Орел), "Халық қаһарманы" (Народный герой) Алтын жұлдыз медалі, "Отан" (Отечество) ордені.
      "Алтын Қыран" (Золотой Орел), "Халық қаһарманы" (Народный герой) Алтын жұлдыз медалі, "Отан" (Отечество) ордені былай орналастырылады:
      1) ашық екі жаққа қаусырмалы мундирге, тужурка мен кительге - медаль тегіршегінің жоғарғы шеті лацкан бұрышы деңгейінде болатындай етіп лацканнан солға қарай;
      2) ашық бір жаққа қаусырмалы мундирге, кительге мен күртешеге - медаль тегіршегінің жоғарғы шеті лацкан қиығы деңгейінде болатындай етіп лацканнан солға қарай;
      3) сыртынан киетін нысанды жейдеге, фланельден тігілген нысанды жейдеге ордендер мен медальдар жұлдыздарының төменгі бұрыштары жаға қиығы бұрышынан 80 мм-ге жоғары тұратындай етіп.

      111. Тегіршектерге тағылатын бұрынғы КСРО және өзге де шетел мемлекеттерінің ордендері кеуденің сол жағына, ал тегіршексіз тағылатын орден - кеуденің оң жағына орналастырылады. Барлық медальдар кеуденің сол жағына тағылады.

      112. Кеуденің сол жағына тағылатын ордендер, медальдар, құрмет атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көп балалы аналарға арналған наградалар мынадай тәртіппен орналастырылады:
      1) ордендер:
      "Отан" (Отечество);
      І, ІІ, ІІ дәрежелі "Барыс" (Барс І, ІІ, ІІ степени);
      І, ІІ дәрежелі "Даңқ" (Слава І, ІІ степени);
      І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Айбын" (Доблесть І, ІІ, ІІ степени);
      "Парасат" (Благородства);
      І, ІІ дәрежелі "Достық" (Дружба).
      І дәрежелі "Барыс" (Барс), І дәрежелі "Даңқ" (Слава), І дәрежелі "Достық" (Дружба) ордендерінің белгілерін, олар оң иық арқылы өтетін иық ленталарына таққан кезде осы ордендердің жұлдыздары ордендерден солға қарай кеуденің сол жағына орналастырылады. ІІІ дәрежелі "Барыс" (Барс) ордені мойын лентасына тағылады;
      2) медальдар:
      "Ерлігі үшін" (За мужество);
      "Жауынгерлік ерлігі үшін" (Воинскую доблесть);
      "Ерен еңбегі үшін" (За трудовое отличие);
      "Шапағат" (Милосердие);
      3) құрмет атақтары:
      "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" (Заслуженный деятель Казахстана);
      "Қазақстанның Ұшқыш-ғарышкері" (Летчик-косманавт Казахстана);
      4) көп балалы аналарға арналған наградалар:
      "Алтын алқа" (Золотая подвеска);
      "Күміс алқа" (Серебряная подвеска).

      113. Кеуденің сол жағына тағылатын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың медальдары мынадай тәртіппен орналастырылады:
      1) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл" (10 лет Вооруженным Силам Республики Казахстан);
      2) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері" (Ветеран Вооруженных Сил Республики Казахстан);
      3) І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (За безупречную службу І, ІІ, ІІІ степени);
      4) "Бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін" (За участие в миротворческих операциях);
      5) "Халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытқаны үшін" (За развитие международного военного сотрудничества).
      Ордендер мен медальдар орнына наградталған адамдар белгіленген түсті награда нышандарын тағып жүре алады.

      114. Кеуденің сол жағына екі және одан да көп орден таққан кезде, сондай-ақ көрсетілген ордендермен бірге медальдар таққан кезде олардың тегершіктері белгіленген тәртіппен солдан оңға қарай бір қатарда біріктіріледі. Бір атаулы ордендер мен медальдар наградтау уақыты тәртібімен қатар орналастырылады. Бір қатарға сыймайтын ордендер мен медальдар (5-тен астам) біріншіден төмен орналастырылатын екінші және келесі қатарларға ауыстырылады және оларда белгіленген кезектілікпен оңнан солға қарай орналастырылады.

      115. Кеуденің сол жағына ордендер мен медальдарды орналастыру бірінші қатардағы жалпы планканың (тегершіктің) жоғарғы шеті былай орналасатындай етіп жүргізіледі:
      1) ашық екі жаққа қаусырмалы мундирде, китель мен тужуркада - лацкан деңгейінен 70 мм-ге төмен;
      2) сыртынан киетін нысанды жейдеде, фланельден тігілген нысанды жейдеде - жаға қиығының бұрышы деңгейінен 70 мм-ге жоғары.
      Екінші қатардағы ордендер мен медальдар тегершігінің жалпы планкасы бірінші қатардағы ордендер мен медальдардың астыңғы жағына кіріп тұруы тиіс, үшінші және келесі қатар ұқсас тәртіппен орналастырылады.

      116. Кеуденің оң жағына екі және одан да көп орден таққан кезде олардың екі жанының шеттері аралығы 5 мм арақашықтықпен солдан оңға қарай бір қатарға көлденең орналастырылады. Дәрежесі бар бір атаулы ордендер наградтау уақыты тәртібімен бір қатарға орналастырылады.
      Бір қатарға сыймайтын ордендер біріншіден төмен орналастырылатын екінші және келесі қатарларға ауыстырылады және оларда көрсетілген кезектілікпен солдан оңға қарай орналастырылады. Олардың арасындағы арақашықтық 10 мм.
      Бірінші қатардағы ордендердің (медальдар тегершіктерінің) жоғарғы шеттері кеуденің сол жағына орналастырылатын ордендер мен медальдар бірінші қатарының жалпы планкасы (тегершігі) үшін белгіленген деңгейге орналастырылады.

      117. Жоғары дәрежелі айырым белгілері, бұрынғы КСРО (ТМД) және шетел мемлекеттерінің ордендері мен медальдары олардың мәртебесіне сәйкес кезектілікпен Қазақстан Республикасының наградаларынан кейін тағылады.

      118. Планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталары кеуденің сол жағына тағылады:
      1) ашық екі жаққа қаусырмалы мундир мен тужуркада - лацкан бұрышы деңгейінен 70 мм-ге төмен;
      2) ашық бір жаққа қаусырмалы мундир мен кительде планка оның төменгі шеті жапсырмалы кеуде қалтасының жоғарғы тігісі деңгейінде тұратындай етіп орналастырылады;
      3) сыртынан киетін нысанды жейдеде, фланельден тігілген нысанды жейдеде - жаға қиығының бұрышы деңгейінен 70 мм-ге жоғары.

      119. Планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталары осы Ережелердің 112-бабында көрсетілген тәртіппен оңнан солға қарай орналастырылады.
      Бір планкаға сыймайтын ленталар (бір қатарда 5-тен көп емес) киімге біріншіден төмен тағылатын, бірақ келесі планканың төменгі шеті жапсырыла тігілетін кеуде қалтасының жоғарғы тігісі деңгейінде тұратындай етіп екінші және келесі планкаға ауыстырылады, лентасы бар дайын планканың биіктігі 10 мм.

      120. Бұрынғы КСРО және шетел мемлекеттерінің ордені мен медалінің ленталары, олардың мәртебесіне сәйкес кезектілікпен Қазақстан Республикасының планкалардағы орден ленталары мен медаль ленталарынан кейін тағылады. Орден мен медаль ленталары бір қатарға 5-тен көп емес тағылады.

      121. Құрмет атақтарына кеуде белгілері кеуденің оң жағына тағылады және ордендер мен медальдардан жоғары орналастырылады:
      1) ашық екі жаққа қаусырмалы және бір жаққа қаусырмалы мундирге, тужуркаға, китель мен күртешеге - белгі тегершігінің жоғарғы шеті лацкан бұрышы деңгейінде болатындай етіп лацканнан оңға қарай;
      2) сыртынан киетін нысанды жейдеде, фланельден тігілген нысанды жейдеде белгінің төменгі шеті жаға қиығының бұрышы деңгейінен 80 мм-ге жоғары болатындай.

      122. Депутаттардың кеуде белгілері кеуденің сол жағына тағылады және былай орналастырылады:
      1) екі жаққа қаусырмалы мундир мен тужуркаға - лацкан ортасына ілгек деңгейіне;
      2) бір жаққа қаусырмалы мундир мен кительге - лацкан ортасына оның бұрышы деңгейіне;
      3) сыртынан киетін нысанды жейдеде, фланельден тігілген нысанды жейдеде - ордендер мен медальдардан немесе ордендер мен медальдар ленталары бар планкалардан 10 мм-ге жоғары.

      123. Кеуде белгілері кеуденің оң жағына жапсыра тігілетін қалта қақпасының бұрышынан 10 мм-ге төмен, ал ордендер мен медальдар таққан кезде олардан 10 мм-ге төмен бір қатарға көлденең солдан оңға қарай орналастырылады.
      Бір қатарға сыймайтын кеуде белгілері біріншіден төмен орналастырылатын екінші және келесі қатарларға ауыстырылады.

      124. Әскери қызметшіде екі және одан да көп жоғары әскери оқу орнын аяқтағаны туралы кеуде белгілері болған кезде тек бір кеуде белгісі тағылады.
      Азаматтық жоғары оқу орнын (университетті, институтты) аяқтағаны туралы кеуде белгісін жоғары әскери оқу орнын аяқтағаны туралы кеуде белгісі болған кезде одан оңға қарай бір деңгейде тағуға рұқсат етіледі.
      Жоғары әскери оқу орнын аяқтағаны туралы белгі болған кезде орта әскери оқу орнын аяқтағаны туралы белгіні тақпайды.
      "Жас ұлан" республикалық мектебін, Кадет корпусын аяқтағаны туралы кеуде белгілері кеуденің оң жағына тағылады және олардан оңға қарай жоғары немесе орта әскери оқу орнын аяқтағаны туралы белгілермен бір деңгейде, ал осы белгілер болмаған кезде олардың орнына орналастырылады.

      125. Бұрынғы КСРО (ТМД) және шетел мемлекеттерінің кеуде белгілері Қазақстан Республикасының кеуде белгілерінен кейін тағылады.

                                    Қазақстан Республикасының Қарулы
                                     Күштері, басқа да әскерлері мен
                                         әскери құрылымдары әскери
                                        қызметшілерінің әскери киім
                                           нысанын кию және айырым
                                          белгілерін тағу Ережесіне
                                                  1-қосымша

      Погондарға жұлдыздарды (жұлдызшаларды) орналастыру

Әскери
атағы

Жұлдыз
(шағын
жұлдыз)
саны

Погонның
төменгі
жиегінен
бірінші
жұлдыз (шағын
жұлдыз)
ортасына
дейінгі
арақашықтық, мм

Погонның
осьтік сызығы
бойы жұлдыздар
(шағын
жұлдыздар)
арасындағы
арақашықтық, мм

армия
генералы

4

30

25

генерал-полковник,
адмирал

3

30

25

генерал-лейтенант,
вице-адмирал

2

30

25

генерал-майор,
контр-адмирал

1

55

-

полковник,
1-дәрежелі
капитан

3

35

25

подполковник,
2-дәрежелі
капитан

2

35

-

майор,
3-дәрежелі
капитан

1

55

-

капитан,
капитан-лейтенант

4

30

20

аға
лейтенант

3

30

25

лейтенант

2

30

-

                                    Қазақстан Республикасының Қарулы
                                     Күштері, басқа да әскерлері мен
                                         әскери құрылымдары әскери
                                        қызметшілерінің әскери киім
                                           нысанын кию және айырым
                                          белгілерін тағу Ережесіне
                                                  2-қосымша

         Погондарға жапсырмаларды орналастыру  

Әскери атағы

Бұрыштама түріндегі
жапсырмалар саны

Жапсырмалар
ені, мм

шебер-сержант 
(шебер-старшина)

бұрыштама түріндегі
екі жалпақ және бір
жіңішке жапсырма

жалпақ жапсырманың
ені 15 мм, жіңішке
жапсырманың ені
7 мм

штаб-сержант
(штаб-старшина)

бұрыштама түріндегі
көлденең екі жалпақ
жапсырма

жалпақ жапсырманың
ені 15 мм

бірінші сыныпты
сержант (бірінші
сыныпты старшина)
 

бұрыштама түріндегі
көлденең бір жалпақ
және үш жіңішке
жапсырма

жалпақ жапсырманың
ен 15 мм, жіңішке
жапсырманың ені
7 мм

екінші сыныпты
сержант (екінші
сыныпты старшина)

бұрыштама түріндегі
көлденең бір жалпақ
және екі жіңішке
жапсырма

жалпақ жапсырманың
ені 15 мм, жіңішке
жапсырманың ені
7 мм

үшінші сыныпты
сержант (үшінші
сыныпты старшина)

бұрыштама түріндегі көлденең бір жалпақ және бір жіңішке жапсырма

жалпақ жапсырманың
ені 15 мм, жіңішке
жапсырманың ені
7 мм

аға сержант (бас
старшина)

бұрыштама түріндегі көлденең бір жалпақ жапсырма

жалпақ жапсырманың
ені 15 мм

сержант (бірінші
сатылы старшина)

бұрыштама түріндегі
көлденең үш жіңішке
жапсырма

жіңішке жапсырманың ені
7 мм

кіші сержант
(екінші сатылы
старшина)

бұрыштама түріндегі көлденең екі жіңішке
жапсырма

жіңішке жапсырманың ені
7 мм

ефрейтор (аға
матрос)

бұрыштама түріндегі
көлденең бір жіңішке
жапсырма

жіңішке
жапсырманың ені
7 мм