Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жыл сайын сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында әскерге шақырудан кейінгі қалдыру немесе шақырудан босату құқықтары жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды Қарулы Күштер, басқа да әскери бөлімдер мен әскери құрамаларды жасақтауға қажетті мөлшерде мерзімді әскери қызметке шақырсын.
2. Аудандар мен Орал қаласының әкімдері:
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімдерінің) қарауына дәрігерлік тексеру жүргізу үшін жабдықталған бөлме-жайлар, қажетті мөлшерде техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетуші адамдарды, сондай-ақ әскерге шақырушыларды облыстық жинақтау пунктіне тасымалдайтын автокөліктер бөлсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде басқа да қажетті шараларды алсын.
3. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау, қаржы, ішкі істер департаменттері мен осы мәселеге қатысы бар басқа да мемлекеттік органдар Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне осы қаулыны жүзеге асыру барысында көмек көрсетсін.
3-1. Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы мемлекеттік мекемесі медициналық комиссиялардың қызметкерлеріне еңбекақы және іссапар шығыстарын төлеуді жүргізсін.
Ескерту. Қаулы 3-1 тармақмен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006.10.13 N 322 Қаулысымен.
4. 1 қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясы құрылып, оның құрамы бекітілсін және облыстық шақыру комиссиясының құрамында облыстық медициналық комиссиясы құрылсын.
5. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (қосымша 2).
6. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 ақпандағы N 65 "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке шақырудың мәселелері туралы" қаулысы бұзылсын.
7. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті облыс әкіміне шақыру барысы туралы мәлімдеп отырсын.
Облыс әкімі
Қосымша 1
облыс әкімдігінің
2006 жылғы 24 наурыздағы
N 115 қаулысымен бекітілген
Облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Мұқатаев Геннадий Қадырұлы |
- |
Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, |
Ним Василий Владимирович |
- |
Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары |
Мерқалиева Маржан Балжұманқызы |
- |
комиссия хатшысы |
Комиссия мүшелері: |
||
Әжғұлова Кашура Мұхтарқызы |
- |
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары |
Байдиев Батырбек Идиатұлы |
- |
Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының көмекшісі (медициналық комиссияның төрағасы - дәрігер) |
Жауымбаев Бүркіт Елемесұлы |
- |
Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті бастығының орынбасары |
Масалимов Али Хайдарұлы |
- |
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы бастығының орынбасары |
Тоқпаев Марат Бағытжанұлы |
- |
Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары |
Нұрмұхамедов Азамат Мадьярұлы |
- |
Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу-спорттық бөлімінің бастығы |
Комиссияның резервтік құрамы: |
||
Комиссия төрағасы |
- |
Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары |
Төраға орынбасары |
- |
Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бөлім бастығы |
Комиссия мүшелері: |
||
- |
Батыс Қазақстан облысының қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы |
|
- |
медициналық комиссия төрағасының орынбасары |
Облыстық дәрігерлік комиссияның құрамы
Медициналық комиссияның төрағасы |
Маман дәрігерлер: |
Хирург |
Терапевт |
Невропатолог |
Психиатор |
Көз дәрігері |
Отоларинголог |
Дерматовенеролог |
Тіс дәрігері |
Ренгенолог |
Фтизиатор |
Кардиолог |
Кіші медицина қызметкерлері: |
Нарколог-фельдшер |
Хатшы-медбике |
Ренген-лаборант |
Медбике |
Дәрігер-терапевтің медбикесі |
Лор дәрігердің медбике |
Денесалмағын, ұзындығын өлшеуші медбике |
Медбике |
Медбике |
Қосымша 2
облыс әкімдігінің
2006 жылғы 24 наурыздағы
N 115 қаулысымен бекітілген
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу
кестесі
Мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті әскер жасындағы азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізу:
сәйкесті жылдың 1 сәуірі мен 30 маусым және 1 қазан мен 30 желтоқсан аралығында.
Әскерге шақырушыларды облыстық жинақтау пунктінен Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен басқа да әскери құрылымдарына жөнелту:
сәйкесті жылдың 10 мамыры мен 30 маусым және 10 қазан мен 30 желтоқсан аралығында.