Қала прокурорының қалалық мәслихаттың "Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту Ережелерiн бекiту туралы" 2004 жылғы 14 мамырдағы N 6-7 шешiмiне 12.05.2006 жылғы N 7-07-199-06 наразылығын "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 65 бабына сәйкес қарастырып, қалалық мәслихат ШЕШТI:
1. Қала прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын.
2. Қалалық мәслихаттың "Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту Ережелерiн бекiту туралы" 2004 жылғы 14 мамырдағы N 6-7 шешiмiне келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 1 тараудың 1 тармағында "бөлiнген территорияның периметрi бойынша қашықтығы 15 метр территория, ал көше жағынан көшенiң "қызыл сызығынан" ары емес" деген сөздер "бөлінген территорияның периметрi бойынша қашықтығы 5 метр территория, ал көше жағынан көшенiң "қызыл сызығынан" ары емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2 тараудың 2 тармағы 14) тармақшасында "бекiтiлген территорияда және оған жанама учаскелерде" деген сөздер "оларға бөлінген учаскелерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 3 тарау 8 тармақ келесi редакцияда мазмұндалсын "Көшелердi, алаңдарды, аяқжолдарды тазалау кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар және жеке тұрғын үй құрылыстарының иелерiмен оларға бөлінген территориялар шегiнде жүргiзiледi";
4) 3 тараудың 16 тармағында "оларға құрылыстан радиусы 15 метр болатын жанама территорияда" деген сөздер "оларға бөлінген территорияларда" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Берiлген шешiм Шығыс-Қазақстан облыстық әдiлет департаментi Семей қаласының әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап заңды күшiне енедi.
Қалалық мәслихаттың хатшысы