"Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында ақпараттық- коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі облыстық Ведомствоаралық комиссия құру туралы" 2005 жылғы 1 наурыздағы N 101 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 2 наурыздағы N 545 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 10 наурызда N 2416 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 91 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.08 N 91 қаулысымен.

      Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 7-7-57-06 наразылығы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі облыстық Ведомствоаралық комиссия құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 1 наурыздағы N 101 қаулысына (тіркеу нөмірі 2212, 2005 жылғы 26 наурызда "Рудный Алтай", 2005 жылғы 26 наурызда "Дидар" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі облыстық Ведомствоаралық комиссия туралы ережедегі:

      1) 5-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      2) 11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Комиссия отырыстарын дайындау үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мүдделі ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұрау және алу".

      Облыс әкімі