"Облыстық бюджет пен облыстың қалалары мен аудандары бюджеттерінің арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі туралы" 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 9/104-ІІІ шешімге өзгерістер енгізу туралы

III шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының XVI сессиясының 2006 жылғы 1 ақпандағы N 16/213-III шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 13 ақпанда N 2412 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің  41 бабының  5 тармағына сәйкес және өнім өндіруді тоқтатқандықтан "Семей-Су" жабық акционерлік қоғамынан Семей қаласының бюджетіне салық және төлемдердің түсу көлемінің азаюына байланысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Облыстық бюджет пен облыстың қалалары мен аудандары бюджеттерінің арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 9/104-ІІІ  шешіміне  (тіркеу нөмірі 2093, "Рудный Алтай" газетінің 2005 жылғы 8 қаңтардағы N 3 - 4, "Дидар" газетінің 2005 жылғы 8 қаңтардағы N 2 - 3 сандарында жарияланды, 2005 жылғы 18 қазандағы N 13/181-ІІІ, "Рудный Алтай" газетінің 2005 жылғы 29 қазандағы N 165-166, "Дидар" газетінің 2005 жылғы 29 қазандағы N 109 сандарында жарияланды, 2005 жылғы 2 желтоқсандағы  N 15/206-ІІІ-гі  өзгерістерімен және толықтыруларымен, "Рудный Алтай" газетінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 191, "Дидар" газетінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 122-123 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін: 

      1) 2-1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "333560" сандары "229560" сандарымен ауыстырылсын; 
      үшінші абзацтағы "254312" сандары "150312" сандарымен ауыстырылсын; 

      2. Осы шешім 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 

       Сессия төрағасы 

      Шығыс Қазақстан облыстық 
      мәслихатының хатшысы