"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 40 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінде 2006 жылғы 26 қаңтарда N 1926 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі  N 246-ІІ  және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы  N 63-ІІІ  Заңдарына, Қазақстан Республикасы Өкіметінің "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 24 желтоқсандағы  N 1685  және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2005 жылғы 2 қарашадағы  N 1092  қаулыларына, сондай-ақ "Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші учаскелік комиссиялардың Ережесін келісу туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 21/233-III шешіміне сәйкес облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші учаскелік комиссиялар туралы ереже (1 қосымша) және учаскелік комиссиялардың атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытындысының нысаны (2 қосымша) бекітілсін.

      2. Барлық деңгейдегі әкімдер:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде учаскелік комиссиялар құрсын және олардың қызметіне басшылықты қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың бланкілерін тегін беруді және куәландыруды қамтамасыз етсін;
      2-1) өтініш берушілерге он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға арналған белгіленген үлгідегі өтініш пен басқа да құжаттар бланкілерінің тегін берілуін қамтамасыз етсін.
       Ескерту: шешім 2-1 тармақпен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпандағы  N 32  қаулысымен.

      3. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берген адамның отбасы құрамы және балаларға арналған жәрдемақы алуға жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшері туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті орган ретінде ауылдық жерде - кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері, қалалық жерде - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері белгіленсін.

      4. Уәкілетті органның мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімінің нысаны (3 қосымша) бекітілсін.

      5. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (Ж.Мәуленқұлов) облыс аудандары мен қалаларында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақы беру бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етсін.

      6. Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстың қаржы департаменті (И.Шалабаев) мұқтаж отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсету және балаларға арналған жәрдемақыны толық көлемде беру және бюджеттік қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау жөнінен тиісті шаралар қабылдасын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Байзатовқа жүктелсін.

       Облыс әкімі

Облыс әкімдігінің    
2006 жылғы 24 қаңтар  
N 40 қаулысына     
N 1 қосымша      

  Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға
арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші
учаскелік комиссиялар туралы
ЕРЕЖЕ
 
1. Жалпы ережелер

      1. Учаскелік комиссия тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерінің шешімімен құрылады.
      2.Учаскелік комиссия құрамына жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, өй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласы уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері кіруі мүмкін.
      3. Учаскелік комиссия өз қызметінде қолданыстағы заңнаманы және осы Ережені басшылыққа алады.

        2.Негізгі функциялары мен құқықтары

      4. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органдарға және кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақыны беру жөніндегі қызметте жәрдемдеседі.
      5. Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі туралы қорытынды әзірлейді, отбасының материалдық жағдайы туралы акт және отбасының балаларға арналған жәрдемақыға мұқтаждығы туралы қорытынды жасайды.
      6. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органның (кент, ауыл (село) әкімінің) тапсырмасы бойынша табыс етілген құжаттарды іріктеп, қайта тексеруі мүмкін.

        3. Материалдық жағдайға тексеру жүргізу

      7. Учаскелік комиссиялар, қажет болған жағдайда, уәкілетті орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі тапсырма берген күннен бастап бес көн мерзімде адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізеді.
      8. Учаскелік комиссиялардың тексеру жүргізу үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
      9. Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттігі туралы және отбасының балаларға арналған жәрдемақыға мұқтаждығы туралы қорытындылар әзірлейді және уәкілетті органға (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне) табыс етеді. 

        4. Учаскелік комиссиялардың жауапкершілігі

      10. Учаскелік комиссия тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексерудің объективтілігі және атаулы әлеуметтік көмек және балаларға арналған жәрдемақы беру жөнінен қабылданған қорытынды үшін, сондай-ақ осы Ереже талаптарының бұзылғандығы үшін жауапты болады.

       Учаскелік комиссия
      қорытындысының нысаны

                                         

                                             Облыс әкімдігінің
                                         2006 жылғы 24 қаңтардағы  
                                        N 40 қаулысына N 2 қосымша

     ____________________ учаскелік комиссиясының
      (әкімшілік бірлік)     атаулы әлеуметтік көмек берудің
   қажеттілігі туралы 200_ жылдың __тоқсанына қорытындысы

Р/с

үміткердің аты, әкесінің аты, тегі және отбасының
мекен-жайы

Отбасы
құрамы

Ата-анасы туралы
мәлімет

Балалары туралы мәлімет

Бостан-
дығынан айырылған, күшпен емдеуде, іздеуде, жедел әскер қызметінде т.б.

Саны

3 жасқа
дейін

7 жасқа
дейін

18 жасқа дейін

18
жастан жоғары

1

2

3

4

5

6

7

8

 

Балалары туралы мәлімет

Отбасындағы мүгедектер, зейнеткерлер жайлы мәлімет

Оқу жасындағы балалар

  

Толық мемлекеттің қамқорлығында

 оқу орындарын-да, оның ішінде коммерциялық топта

Жұмыспен қамтылғандар

1.мүгедек саны
2.зейнеткерлер саны
3.80 жастан асқан
адамдардың саны
4.біреудің көмегің қажет ететін адамдар саны

9

10

11

12

 

Отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы (жұмыс түрін көрсету керек)

Қосалқы шаруашылық қолда бары

Жер үлесі

1.жолдамалы жұмыспен айналысатындар
2. жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар
3.кәсіпкерлікпен
айналысатындар  4.өздігінше жұмыспен қамтылғандар
5.басқалары

1.автокөлік
2.үй іргелікте (өсірілетін дақыл түрлерін көрсету)
3.мал 
4.құс
5.басқалар

 

1. өңделетін
(өсірілетін дақыл түрлерін көрсету)
2. өңделмейтін

13

14

15

 

 

Ай сайын алынатын кірістер

Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың төмендеуіне әсер ететін ерекше жағдай

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі

1. жалақы
2. зейнетақы
3. жәрдемақы
4. стипендия
5. өтемақы
6. алимент

1.кәсіпкерлік қызметтен
2. мүліктен
3. қосалқы шаруашылықтан
4. жеке қызметінен

1. ақшалай және табиғи түрдегі ұтыс
2. дивидендтер
3. ссуда
4. басқалар

1.мұқтаж емес
2.  мұқтаж (қабылдаған қорытындысына негіздемесінің көрсетілуі)

16

17

18

19

20

Учаскелік комиссияның төрағасы  (қолы)  (АӘТ)

                                             

 Уәкілетті орган шешімінің нысаны
                                             Облыс әкімдігінің
                                         2006 жылғы 24 қаңтардағы
                                         N 40 қаулысына N 3 қосымша

2006 ж. "______" ________ уәкілеті органның атауы
       шешім қабылданған күні

         Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
                        жөніндегі шешім

__________ ж. "____" N _______

Отбасының тіркеу N ________ Өтініш берілген күні/Нөмірі: _____/____
      Т.А.Ә.: _____________________________________________________
      Туылған күні: _______________ӘЖК: ____________ СТН:__________
Мекен жайы (деректі): _____________________________________________
Отбасыдағы адам саны: _____________________________________________ -------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 II  Заңының
2,  7 баптарына  сәйкес Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасына
............ адамға тағайындалсын.
Атаулы әлеуметтік көмектің төленуге арналған мөлшері:
_________ ден ______________дейін
 тағайындау кезеңі
Сомасы: ___________________________________________________________
                           цифрмен және жазумен
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған есеп -------------------------------------------------------------------
      ____жылдың ______тоқсаныңдағы отбасының табысы -------------------------------------------------------------------

Табыстың түрлері                             Табыстың сомасы,теңге
1.____________________________________       _________________теңге
2.____________________________________       _________________теңге
3.____________________________________       _________________теңге

-------------------------------------------------------------------

Отбасының ____ жылдың _____тоқсаныңдағы жиынтық табысы _______теңге
Отбасының орташа айлық табысы:                         _______теңге
Табыстың есептеуге енгені, адам: ____________
Отбасының бір айдағы орта есеппен жан басына шаққандағы табысы
________ теңге
Кедейлік шегі: _______________теңге
Кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы орта табыстың айырмашылығы:
_______________теңге ----------------------------------------------
АӘК айлар бойынша тағайындалуы:

Айы

Есебі

Жөнделуі

Соманың дөңгелектенуі

Жалпы тағайындалғаны

адам

сомасы

1.

  

  

  

  

  

2.

  

  

  

  

  

3.

  

  

  

  

  

Тағайындалған адам саны: _____________ адам
Шешім бойынша отбасына тағайындалған АӘК-тің көлемі: _____мың теңге

Уәкілетті органның басшысы ___________ ____________________________
                               қолы              тегі, аты-жөні
Бөлім бастығы              ___________ ____________________________
                               қолы              тегі, аты-жөні
Бас маман                  ___________ ____________________________
                               қолы              тегі, аты-жөні
Жетекші маман              ___________ ____________________________
                               қолы              тегі, аты-жөні