Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 343-ІІІ шешімі және Атырау облысыны әкімиятының 2006 жылғы 12 қазандағы 245 қаулысы Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 8 қаңтарда N 2476 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  Заңының  11-бабына сәйкес, Құрманғазы аудандық әкімиятының 2006 жылғы 12 маусымдағы N№115 қаулысы мен Құрманғазы аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 шілдедегі N№246-ХХIХ шешімі негізінде облыстық мәслихат шешім етті және облыс әкімияты қаулы етеді :
      1. Құрманғазы ауданында Асан селолық округі құрылсын.
      2. Құрманғазы ауданы Азғыр селолық округінің шекарасы жалпы ауданы 85000 га (85,0 мың га) аумағы және Құрманғазы ауданы Сүйіндік селолық округінің шекарасы жалпы ауданы 64900 га (64,9 мың га) аумағы Асан селолық округіне беріле отырып өзгертілсін.
      3. Осы шешім мен қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Облыстық мәслихаттың
      XXІІ сессиясының төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың хатшысы