Махамбет ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 шілдедегі N 319-ІІІ және Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 19 маусымдағы N 29 бірлескен шешімі Атырау облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 14 тамызда N 2473 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N№4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  Заңының  11-бабының 4 тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 30 мамырдағы ұйғарымы және Махамбет аудандық мәслихаты мен Махамбет ауданы әкімінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N№261 бірлескен шешімінің негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешеміз

      1. Махамбет ауданының төмендегі әкімшілік-аумақтық бірліктері: 
      1) Чкалов селолық округінің Чкалов селосы Бейбарыс селосы; 
      2) Чкалов селолық округінің Редут ауылы Талдыкөл ауылы; 
      3) Чкалов селолық округінің Сорочинко ауылы Аққайың ауылы;
      4) Ақтоғай селолық округінің Топайлы ауылы Өтешқали Атамбаев ауылы;
      5) Ақтоғай селолық округінің Канал ауылы Бала Ораз ауылы;  
      6) Ақтоғай селолық округінің Карманов ауылы Кеңөріс ауылы болып
қайта аталсын. 

      2. Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі казіргі әкімшілік-аумақтық бірліктердің есепті деректеріне өзгеріс енгізсін.                                                                                

      Облыстық мәслихаттың                  Облыс әкімі
     XXІ сессиясының төрағасы 

     Облыстық мәслихаттың хатшысы