Исатай ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 10 шілдедегі N 32 және Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 шілдедегі N 310-ІІІ бірлескен шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 14 тамызда N 2471 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Исатай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 14 сәуірдегі N 183-ІІІ және Исатай ауданы әкімінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі N 88 бірлескен шешімінің негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешеміз:
      1. Исатай ауданының келесі елді мекендері село категориясына жатқызылсын:
      1) Исатай селолық округінің орталығы - Исатай станциясы;
      2) Нарын селолық округінің орталығы - Нарын разъезі.

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың XXІ
      сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихаттың хатшысы