"Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялау мәселелері туралы" қала әкімдегінің 2005 жылғы 13 шілдедегі N 830 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігінің 2006 жылғы 28 шілдедегі N 1202 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл әділет басқармасында 2006 жылғы 2 тамызда N 13-1-46 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2007 жылғы 1 қазанда N 1419 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2007.10.01 N 1419 Қаулысымен

      "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының  28 бабына сәйкес,Петропавл қаласы әкімінің аппараты құрылымының өзгеруіне байланысты қала әкімдігі қаулы етеді:

         1. Қала әкімдігінің "Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялау мәселелері туралы" 2005 жылғы 13 шілдедегі N 830  қаулысына (2005 жылғы 26 шілдедегі N 13-1-11 мемлекеттік тіркеу,"Добрый вечер" газатінің 2005 жылғы 12 тамыздағы  N 32 саны), ("Петропавл қаласы әкімдігінің "Алкоголь өнімімен(сырадан басқа)бөлшек сауда жасауды лицензиялау мәселелері туралы" 2005 жылғы 13 шілдедегі N 830 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 293  қаулысымен өзгерістер енгізілген),2006 жылғы 3 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу N 13-1-35,"Проспект-СК" газетінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі N 14 саны) мынадай енгізілсін:

      Қаулының 1 тармағындағы "Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлына" сөздері "Кәрібаев Қайрат Қалалханұлына" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Кәрібаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі