Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-II Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, кедейлiктi жеңу және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қолдау көрсету мақсатында, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 11 сәуiрдегi "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларынан шыққан студенттерге әлеуметтiк көмек беру Ережелерiн бекiту туралы" N 287 қаулысына (2005 ж. 10.05. мемлекеттiк тiркелу N 13-1-6), мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
Ереженiң 3 тармағындағы "ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерiнен" сөздерi "ағымдағы жылға бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiштiң он еселiгiнен" сөздерiмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсiн.
Қала әкiмi