"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213
Заңы
28 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149
Заңы
7 бабына, "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41
қаулысына
сәйкес облыс әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы" облыс әкімиятының 2001 жылғы 19 шілдедегі
N 38
(2001 жылғы 30 шілдедегі тіркеу N 398, 2001 жылғы 7 тамыздағы Северный Казахстан газеті, 2001 жылғы 21 тамыздағы Солтүстік Қазақстан газеті, облыс әкімдігінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы
N 195
, 2003 жылғы 31 наурыздағы
N 71
, 2005 жылғы 29 наурыздағы N 74 және 2005 жылғы 20 желтоқсандағы
N 317
қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) қаулысына келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережеде:
7 тармақта:
мынадай мазмұндағы 20-2), 20-3), 20-4), 20-5) тармақшалармен толықтырылсын:
20-2) оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі тапсырмаларды орындау;
20-3) мемлекеттік тілдегі өтініштер бойынша іс-жүргізуде көмек көрсету;
20-4) құжаттаманы өңдеуде және сақтауға дайындауда көмек көрсету;
20-5) жұмыспен қамту мәселелері және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау кезінде қажетті құжаттарды жинау жөнінде көмек көрсету;
21) тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:
21) жергілікті атқарушы органдар қажеттілікке байланысты қоғамдық жұмыс түрлерін жұмыстың басқа да түрлерімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кеңейтуіне және толықтыруына болады.;
көрсетілген Ереженің қосымшасы қосымшаға сәйкес 22, 23, 24 және 25 жолдармен толықтырылсын.
Облыс әкімі
Облыс әкімдігінің
2006 жылғы 28»наурыздағы
N 57 қосымша
қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру мен қаржыландырудың
ережесіне қосымша
Жұмыс түрлерінің атауы |
Кәсібі |
Нормативтік құжат |
Разряд |
Тариф коэффициенті |
22. Оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі тапсырмаларды орындау |
техникалық орындаушы |
Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысы, 1 қосымша |
G-17 |
1,10 |
23. Мемлекеттік тілдегі өтініштер бойынша іс-жүргізуде көмек көрсету |
техникалық орындаушы |
Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысы, 1 қосымша |
G-17 |
1,10 |
24. Мемлекеттік тілдегі өтініштер бойынша іс-жүргізуде көмек көрсету |
техникалық орындаушы |
Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысы, 1 қосымша |
G-17 |
1,10 |
25. Жұмыспен қамту мәселелері және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау кезінде қажетті құжаттарды жинау жөнінде көмек көрсету |
техникалық орындаушы |
Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысы, 1 қосымша |
G-17 |
1,10 |