II сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2003 жылғы 27 ақпандағы XXIV сессиясының "Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемнің мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 15 мамырдағы III сайланған XXIII сессиясының N 250 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2006 жылғы 19 маусымда N 705 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 164 шешімімен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2008.12.22 N 164 шешімімен .

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" заңының 12 бабына сәйкес III сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғандығы үшін ай сайынғы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" II сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2003 жылғы 27 ақпандағы XXIV сессиясының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2003 жылғы 4 сәуірде N 521 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің 2003 жылғы 12 сәуірдегі және "Вечерний Алматы" газетінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі сандарында жарияланған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: II сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2003 жылғы 11 маусымдағы XXV сессиясының шешімімен , 2003 жылғы 20 маусымда N 536 болып тіркелді, газеттерде жарияланды: "Алматы Ақшамында" - 2003 жылғы 1 шілдеде, "Вечерний Алматыда" - 2003 жылғы 19 шілдеде; III сайланған Алматы қаласының мәслихатының 2004 жылғы 29 шілдедегі VIII сессиясының N 68 шешімімен , 2004 жылғы 6 тамызда N 613 болып тіркелді, жарияланды: "Алматы Ақшамында" 2004 жылғы 6 тамызда, "Вечерний Алматыда"» 2004 жылғы 17 тамызда; III сайланған Алматы қаласының мәслихатының 2005 жылғы 28 қаңтардағы кезектен тыс ХII сессиясының N 113 шешімімен , 2005 жылғы 8 ақпанда N 643 болып тіркелді, "Алматы Ақшамында"» 2005 жылғы 12 ақпанда, "Вечерний Алматыда" 2005 жылғы 22 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:    

      Қосымшада:     
      кестедегі 7 жол мынадай редакцияда жазылсын: 

7.
 

7.1

7.2

7.3

Жарнамалық-ақпараттық нысандардың алаңдары

30-дан 50 ш. м. дейін

50-ден 70 ш. м. дейін

70 ш. м. астам


 

  100

140

200


 

  50

70

100


 

  25

35

50


      кестедегі 8, 9, 9.1., 9.2. тармақтар алынып тасталсын.

      көрсетілген қосымшадағы ескертпеде:
      2 тармақ алынып тасталсын;

      6 тармақта «"А"«санаты"» сөздерінен кейін "Жамақаев көшесі, "Самал-1"» ықшам ауданы, "Самал-2" ықшам ауданы, "Самал-3" ықшам ауданы, Пушкин көшесі, Жароков көшесі, Достық даңғылы автожолынан "Медеу" мемлекеттік табиғи аумағының шекарасына дейін"» деген сөздермен толықтырылсын, одан әрі мәтін бойынша;
      6 тармақтың 2 абзацындағы "Жароков көшесі, Пушкин көшесі" сөздері алынып тасталсын.

      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А.И. Шелипанов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Т. Сейдумановқа жүктелсін.

      III сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының XXII сессиясының
      төрағасы

      III сайланған Алматы
      қаласы мәслихатының хатшысы