Қазақстан Республикасының«"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес және коммуналдық меншікті тиімді басқару және иелік ету мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының мемлекеттік
коммуналдық меншік нысандарын (мүлкін) мүліктік жалға беру (аренда) Ережелерін бекіту туралы"» 2005 жылғы 12 желтоқсандағы №N 5/823
қаулысына
келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2006 жылғы 24 қаңтарда №N 693 болып тіркелді, "Вечерний Алматы" 2006 жылғы 14 ақпанда N 29-30, "Алматы ақшамы"» 2006 жылғы 14 ақпанда N 17 газеттерінде жарияланды):
Көрсетілген қаулымен бекітілген, Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) тәртібі туралы Ережеде:
60 тармақтың 2, 3 және 4 тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
"2. Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі жайлардың мүліктік жалдау төлемін есептеу үшін, айлық есептік көрсеткішіне белгіленген коэффициент:
|
N№ |
Жалға алушының аталуы,қызмет түрі |
Жылына 1 шаршы метр сомасы (коэффициент мөлшерлемесі) |
|
1 |
Тауар өнімін өндіру үшін пайдаланылатын жайлар(цех,қойма) |
3 |
|
2 |
Жоғары,орта және мектепке дейінгі білім беру, спорт секциялары,оқу курстары |
2 |
|
3 |
Сауда |
10 |
|
4 |
Қызмет көрсету кәсіпорындары, сонымен қатар денсаулық сақтау,сұлулық салондары, техникалық қызмет көрсету стансалары |
6 |
|
5 |
Мәдениет нысандары, сонымен қатар мұражайлар, кітапханалар, Ұлттық мәдени орталықтар, өнер шеберханалары, көрме залдары |
1 |
|
6 |
Коммерциялық емес ұйымдар |
2 |
|
7 |
Мейрамханалар, кафе, арақ-шарап бұйымдарын сататын дәмханалар |
10 |
|
8 |
Мемлекеттік мекемелердегі қоғамдық тамақтандыру |
0,4 |
|
9 |
Қоғамдық тамақтандыру |
4 |
|
10 |
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер |
0,3 |
|
11 |
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын |
1 |
|
12 |
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын |
0,3 |
|
13 |
Басқалары(валюта айырбастау пунктері, ломбардтар, дәріханалар және тағы басқа) |
10 |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, әлеуметтік қорғау және спорт саласындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жалдау төлемінен босатылады.
3. Нысанның орналасқан жерін ескеретін коэффициент:
1) Әл-Фараби даңғылы, Қажымұқан көшесі (солтүстік жағы) - Қожамқұлов көшесі (шығыс жағы) - Райымбек даңғылы (оңтүстік жағы) - Луганский көшесі (батыс жағы) шекараларында орналасқан жайларға белгіленген коэффициент - 2;
2) Тимирязев көшесі (солтүстік жағы) - Әуезов көшесі (шығыс жағы) - Райымбек даңғылы (оңтүстік жағы) Қожамқұлов көшесі (батыс жағы) шекараларында орналасқан жайларға белгіленген коэффициент- 1,4;
3) Тимирязев көшесі (солтүстік жағы) - Розыбақиев көшесі (шығыс жағы) - Райымбек даңғылы (оңтүстік жағы) - Әуезов көшесі (батыс жағы) шекараларында орналасқан жайларға белгіленген коэффициент - 1,2;
4) Түрксіб ауданында орналасқан жайларға белгіленген коэффициент - 0,9.