Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

Павлодар облысы әкімиятының 2006 жылғы 9 тамыздағы N 226/8 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 17 тамыздағы N 3072 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 236/18 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.12.25 N 236/18 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 17-тармақшасына, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247  Үлгi ережелерiне (Қазақстан Республикасының Министрлiгiнде 2006 жылғы 27 ақпанда N 4133 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Бiлiм беру және ғылым министрлiгiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы N 95 бұйрығына сәйкес енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен) сәйкес, жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етiлген отбасынан шыққан, жетiм - студенттерге әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында облыс әкiмдiлiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
 

      1. Облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" N 169/5  қаулысына (2004 жылғы 18 маусымда N 2621-мен облыстың әдiлет басқармасымен тiркелген, 2004 жылғы 6 шiлдедегi N 78 "Звезда Прииртышья" газетiнде, 2004 жылғы 08 шiлдедегi N 80 "Сарыарқа самалы" газетiнде  жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 

      2-тармағындағы "40" деген сан "50" деген санмен ауыстырылсын;
      Облыс әкiмдiгiнiң көрсетiлген қаулысымен бекiтiлген аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау қағидаларындағы (одан әрi қағидалар):

      3-тармақта "40" деген сан "50" деген санмен ауыстырылсын;  

      8-тармақта "көшкенi" деген сөзден кейiн "және шығарып жiберуi" деген сөздермен толықтырылсын; 

      көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында:
      аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi облыстық комиссиясының құрамына:      

Нетребский Николай Архипович

Павлодар облысының тәртiптiк кеңесi хатшылығының меңгерушiсi (келiсiм бойынша) комиссия мүшесi;

Нұхұлы Алтынбек

Еуразия инновациялық университетiнiң ректоры (келiсiм бойынша) комиссия мүшесi енгiзiлсiн;

Жантурин Абылай Үкешұлы

облыс тәртiптiк кеңесiнiң хатшылық-бөлiмiнiң меңгерушiсi;

Камербаев Асқар Юсупұлы

Павлодар университетiнiң проректоры

      көрсетiлген құрамнан шығарылсын.
      Көрсетiлген қаулының  мәтiнi бойынша, қаулының және қағиданың 1-қосымшаларындағы, Комиссияның Ережесiндегi "халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментi" "халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiне", "халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiнiң", "халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiмен", "халықты әлеуметтiк қорғау қалалық басқармалары мен аудандық бөлiмдерi", "халықты әлеуметтiк қорғау қалалық басқармасы немесе аудандық бөлiмiне" деген сөздер тиiсiнше "жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi", "жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiне", "жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiнiң", "жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiмен", "қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар  бөлiмдерi", "қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Облыс әкiмi                                  Қ. Нұрпейiсов