"Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" Мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 244 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 321 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласы әділет басқармасында 2007 жылғы N 9-1-62 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) және Қостанай қаласы бойынша салық комитеті ұсынған мәліметтері негізінде, Қостанай қалалық Мәслихаты  ШЕШТІ:

      1. "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" Мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 244 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-45, 2006 жылғы 19 мамырдағы N 54 "Қостанай" газеті") мына өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімге қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Сессия төрағасы, N 5 сайлау 
      округі бойынша депутаты 

      Қалалық Мәслихат хатшысы 

      КЕЛІСІЛДІ:

"Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлігі салық комитетінің
Қостанай облысының Қостанай 
қаласы бойынша салық комитеті"
мемлекеттік мекемесінің төрайымы 

Мәслихаттың               
2006 жылғы 12 желтоқсанда 
шешіміне қосымша          

Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі 
бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкасының 
көлемдері



 
 
 

      Тiркелген жиынтық салық салу объектiсi

Бір жылға айлық есептік көрсеткіштері бойынша бір объектіге тіркелген жиынтық салығының ставкасы

1

ойын үстелі

2200

2

бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы

50

3

біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электрондық рулетканы қоспағанда)

80

4

электрондық рулетка

100

5

тотализатор кассасы

200

6

букмекерлік кеңсе кассасы

200

7

бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

10

8

біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

15

9

ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

10

10

ойын жолы

500

11

карт

25

12

бильярд үстелі

120

13

лото ұйымдастырушы

80