Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2006 жылғы 6 қазандағы N 304 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласы әділет басқармасында 2006 жылғы 27 қазанда N 9-1-58 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабына , "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес, Қостанай қалалық Мәслихаты  ШЕШТІ:

      1. Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (қоса беріліп отырған) бекітілсін.

      2. Қостанай қалалық Мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы" 2003 жылғы 22 сәуірдегі  N№239 (тіркеу нөмірі 2215, 2003 жылғы 29 мамырдағы N№5 "Қостанай" газеті), "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қостанай қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі N№239 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2003 жылғы 12 қарашадағы  N№9 (тіркеу нөмірі 2591, 2003 жылғы 27 қарашадағы N№135 "Қостанай» газеті"), "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қостанай қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі N№239 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 17 ақпандағы  N№34 (тіркеу нөмірі 2812, 2004 жылғы 25 наурыздағы N№33 "Қостанай" газеті) шешімдері күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, 2 сайлау 
      округы бойынша депутаты     

      Қалалық Мәслихат хатшысының
      міндеттің атқарушы

Мәслихатының      
2006 жылғы 6 қазандағы 
шешімімен бекітілген  

Тұрғын үй көмегін көрсету 
Қағидасы

  1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі  болып есептеледі. 
      2. Тұрғын үй көмегі тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстауға, жеке меншік тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органымен жалданған тұрғын жайды пайдалану үшін жалгерлік төлемге, коммуналдық қызметтерді пайдалануға және қалалық телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақы көтерілу бөлігінде байланыс қызметтеріне төлеуге беріледі.
      3. Қостанай қаласында тұрғылықты тұратын және тұрғын жай иесі немесе жалдаушы (жалға беруші) болып табылатын отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегіне құқығы бар.
      Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын азаматтар телефон үшін абоненттік ақы төлеу тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеуге құқығы бар.
      4. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу жеке тұлғаларға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті пайдалану мен байланыс қызметіне төлеу шығынының ұйғарынды шегінің үлесі осы мақсаттарға нақтылы шығыны көтерілген жағдайда тағайындалады. 
      5. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалану және  байланыс қызметтеріне төлеудің ұйғарынды шекті шығын үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының жиырма бес пайызы мөлшерінде белгіленеді. 
      Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізде жүргізіледі.
      6. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй заңнамасында отбасының әр мүшесіне белгіленген мөлшерге тең, яғни тұратын мекен-жай көлемінің бір адамға он сегіз шаршы метрін құрайды,  бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес. Жалғыз тұратын азаматтар үшін тұратын мекен-жайдың көлеміне байланыссыз отыз шаршы метр шегінде, бірақ нақтылы көлемнен аспайды.
      7. Есептегіш құралдары (жылу, сумен жабдықтау, газ, кәріз су арнасы, электр қуаты, қоқыс шығару) жоқ тұтынушылар үшін өтем шаралармен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді пайдалану мөлшерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      8. Егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тарифтері мен мөлшерлері қолданыстағы заңнама тәртібімен анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыс бойынша жүргізіледі. 
      9. Коммуналдық қызметтерді  пайдаланатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады. 
      10. Электр қуатына төлеу шығындарын өтеу нақтылы шығындар бойынша жүргізіледі, бірақ бір бөлмелі пәтерде - жүз он киловаттан, екі бөлмелі пәтерде - жүз жиырма киловаттан, үш бөлмелі пәтерде тұратын отбасына - жүз елу киловаттан көп болмау керек.

  2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      11. Тұрғын үй көмегін алуға және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге құқылы адамдар «Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай құжаттар тапсырады:
      1) арыз;
      2) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) жылжымайтын мүлік жөніндегі уәкілетті орган берген тұрғын жайы бар немесе жоқ туралы анықтамасы (жылына бір рет);
      4) пәтер жоспарының көшірмесі;
      5) тұрғын жай жалдаушылар (жалға берушілер) үшін жалдау (жалға беру) шартының көшірмесі (жылына бір рет);
      6) тұрғындарды тіркеу кітабы немесе тұратын мекен-жайын растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
      7) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсан үшін табыстары туралы мәліметтер, өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтар  табыстарын жазбаша түрде тапсырады;
      8) есептегіш құралдары болған жағдайда коммуналдық қызметке нақтылы төленетін ақыны растайтын құжаттар;
      9) қалалық телекоммуникация желінің байланыс қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесі немесе түбіртек - телекоммуникация қызметі үшін есеп (жылына бір рет).
      12.  Уәкілетті органға салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері тапсырылады. Салыстырылғаннан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін растайды және олардан іс ресімдейді.
      13. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын жайы (пәтері, үйі) бар, тұрғын жайларын жалға (жалдау) немесе жалға беретін адамдар тұрғын ұй көмегін алу құқығынан айырылады.
      Бұл норма, кезінде ата-анасымен немесе балаларымен тұрып, тұрғын жайды жекешелендіруге қатысқан адамдарға және ерлі-зайыптылар арасындағы неке бұзылған жағдайда  тарамайды.
      14. Егер отбасы мүшелерінің бірі еңбекке қабілетті бола тұра жұмыс істемесе, оқымаса, әскерде қызмет атқарып жатпаса немесе жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса, тұрғын үй көмегін алуға және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге құқығы жоқ. Ерекшелікті құрайтындар:
      1) елу алты жасқа толған әйелдер және алпыс бірден асқан ерлер;
      2) бір айдан астам стационарда емделуде жатқан азаматтар;
      3) туберкулезбен, онкологиялық және психикалық аурулармен ауыратын азаматтар, емдеу мекемелерінде тұрақты есепте тұратындар және уақытша еңбекке жарамсыздық туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар адамдар;
      4) күндізгі оқыту нысанды оқитын оқушылар мен студенттер, тыңдаушылар мен курсанттар, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда;
      5) бірінші топтағы мүгедектер, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтар;
      6) өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтар.
      15. Егер өтініш жасаған тоқсанның алдында отбасының бір немесе бірнеше мүшесі жұмыс істемейтіндер болса және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмесе тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу  тағайындалмайды. 
      16. Дәлелді себепсіз ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан бас тартқан, қатысудан немесе қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқу немесе қайта оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыз мүшелері бар отбасылар алты ай мерзімге дейін тұрғын үй құқығынан айырылады.
      17. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлеуге өтемақы алушылар тапсырған құжаттардың растығына жауапты және тұрғын үй көмегін есептеуге ықпал  ететін барлық өзгерістер туралы, сонымен қатар, егер көмек дұрыс есептелмесе, он күн ішінде хабарлауы керек.
      18. Асырып көрсетілген тағайындау немесе заңсыз төлеуді болдырған жалған мәліметтер тапсырылған жағдайда, алынған тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төленетін өтемақы толық көлемде бюджетке қайтарылады. Төлемдерді ерікті түрде аудару арқылы қайтарылады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы.
      Комиссияның шешімі бойынша тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлеуге өтемақы тағайындау үшін жалған мәліметтер тапсырғанға оны алу құқынан бір жылға дейінгі мерзімге айырылуы мүмкін.
      19. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына төлеуге өтемақы тағайындау туралы шешім уәкілетті органмен қабылданады. Даулы мәселелер болған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиямен (бұдан әрі - комиссия) қабылданады.
      20. Берілген құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үйдің иесі немесе жалдаушысымен (жалға берушімен) уәкілетті органның арасында шарт жасалады.
      21. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу үшін зейнеткерлерге және мүгедектерге жылыту маусымы мерзіміне, азаматтардың басқа санаттарына құжаттарды тапсырған айдан бастап ағымдағы тоқсан мерзіміне (бірінші тоқсанды есептемегенде, жылу беру маусымының аяқталуына байланысты жылу беру маусымы аяқталуына дейін тағайындалады) тағайындалады. Ағымдағы айға құжаттар қабылдау айдың 24-ші жұлдызында аяқталады.
      22. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдалануға ақы төлеу шығынының ұйғарынды шегінің  үлесі, сондай-ақ коммуналдық қызметтер мен телефон үшін абоненттік ақы төлеу тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрынғы есептелген соманы қайта есептейді.
      23. Тұрғын үй көмегін алатын және табыстары (еңбекақы, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы немесе өзге табыстары) бар, бірақ тұрғын үй көмегін алып тұрған кезеңде коммуналдық қызметке ақы төлемейтін азаматтарға, комиссияның шешімі бойынша тұрғын үй көмегін төлеуі, көрсетілген мерзімге қарызды толық өтегеніне дейін тоқтатылады.
      24. Тұрғын үй көмегінің   мөлшері өтем шаралармен қамтамасыз етілетін  нормалар шегіндегі тарифтер бойынша есептелген сомамен тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер   мен   телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге және осы отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын ұйғарынды шекті шығынының айырмасы ретінде есептеледі.
      25. Абоненттерге телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады.

  3. Жиынтық табысын есептеу

      26. Тұрғын ұй көмегін алуға үміткер отбасылардың (азаматтардың) жиынтық табысы уәкілетті органмен есептеледі.
      27. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын белгілегенде, бір мекен-жайы бойынша тіркелген және шаруашылықты ортақ жүргізетін,  бірге тұратын  оның барлық мүшесі есепке алынады. 
      28. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысына, тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға, ақшалай немесе заттай түрде алынған, алу көздеріне қарамастан Қазақстан Республикасы және одан тыс жерлерден алынған табыстардың барлық түрлері кіреді.
      29. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жиынтық табысты есептегенде отбасы табысының, тұрғын үй көмегінен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегінен, бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақысынан, біржолғы әлеуметтік төлемдер мен мектептерде балалардың тегін тамақтануына әлеуметтік көмегінен басқа, барлық түрлері ескеріледі.
      Отбасының жиынтық табысын есептегенде, қызметкермен еңбек қызметінен нақты алынған табысы кіреді.
      30. Егер жиынтық табысты белгілеу осы Қағидамен реттелмеген болса, онда жиынтық табысы, балаларға жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын қолданыстағы есептеу тәртібіне сәйкес белгіленеді.

  4. Жергілікті жылытумен жеке тұрғын үйлерде тұратын 
отбасыларға (азаматтарға) материалдық көмек беру тәртібі

      31. Айына жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жергілікті жылытумен жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ айына жан басына шаққандағы табысы он бес еселік айлық есептік көрсеткішінен аспайтын жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүгедектерге және азаматтардың басқа да әлеуметтік-қорғалатын санаттарына көмір алуға материалдық көмек көрсетіледі.
      32. Мынадай құжаттар тапсырған кезде күнтізбелік жылына бір рет он мың теңге көлемінде материалдық көмек төленеді:
      1) арыз;
      2) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғындарды тіркеу кітабының немесе тұратын жерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
      4) өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға табыстары туралы мәліметтер, өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтар жазбаша түрдегі табысын тапсырады.

  5. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу

      33. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      34. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтеріне төлеуге тұрғын үй көмегі аударым түрде беріледі және азаматтың арызы бойынша, үй иесіне немесе жалдаушыға (жалға берушіге) есептелген сомаға қарағанда коммуналдық қызметтерге төлеу және тұрғын үй көмегіне төлемін кеміту ретінде қызмет берушілердің  шоттарына есептеледі.
      35. Абоненттерге телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы және көмір алуға материалдық көмек өтініш берушінің жеке шотына екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" мемлекеттік мекемесінің лицензиясы бар ұйымдарға аударылады.
      36. Уәкілетті орган есептелген төлемдер сомасын көрсетумен тұрғын үй көмегін алушылардың тізімін жасайды және ай сайын өтеу үшін қаржы органына жиынтық ведомостарды тапсырады. 
      37. Қаржы органдар, тапсырылған ведомостар негізінде, бюджетте қарастырылатын қаржы бөлу есебінен уәкілетті органға қаражат өтеуді төлем тапсырыстармен жасайды.