"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес және Қостанай қаласы бойынша салық комитетімен ұсынылған мәліметтері негізінде, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. "Қостанай қаласының рыноктарында біржолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлері yшін белгіленген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2002 жылғы 27 ақпандағы № 157 шешімінің (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1262, "Қостанай" газетінде 2002 жылғы 14 наурызда № 20 жарияланды) 3-қосымшасына қатысты бөлігінде 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап кyшіне енеді.
Сессия төрағасы, № 19 сайлау
округы бойынша депутаты
қалалық мәслихат хатшысы
КЕЛІСІЛДІ
Мәслихаттың
2006 жылғы 5 сәуірдегі
№ 244 шешіміне қосымша
Қостанай қаласында орналасқан
салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық
салығы ставкаларының көлемі
№ |
Көрсетілетін қызметтер |
Тiркелген жиынтық салық салу объектiсi |
Бір жылға айлық есептік көрсеткіштері бойынша бір объектіге тіркелген жиынтық салығының ставкасы |
1 |
Ойын бизнесі саласында |
ойын мекемесi тарап ретiнде өз өкiлдерi арқылы қатысатын құмар ойындарды өткiзуге арналған ойын үстелi; ойын мекемесi өз өкiлдерi арқылы ұйымдастырушы және (немесе) байқаушы ретiнде қатысатын құмар ойындар өткiзуге арналған ойын үстелi; ақшалай ұтысы бар ойын автоматы; букмекерлік кеңсе кассасы; тотализатор кассасы |
1100 200 50 200 |
2 |
Ұтыс ақшасыз ойын автоматтары бойынша |
Ұтыс ақшасыз ойын автоматы |
10 |
3 |
Боулинг бойынша (кегельбан) |
ойын жолы |
500 |
4 |
Картинг бойынша |
карт |
18 |
5 |
Бильярд бойынша |
бильярд yстелі |
120 |
6 |
Лотодан ойын ұйымдастыру бойынша |
лото ұйымдастырушы |
29 |