«"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Жер кодексінің" 50-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының мәслихаты ШЕШТІ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін, олардың жекеменшігінде бола алатын жер учаскелерінің шекті (максималды) көлемдері белгіленсін.
1) Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (үй жанындағы және танаптық үлестерді қоса отырып) ауылды жерлерде суарылмайтындарда - 0,50 гектар (оның ішінде - 0,25 гектар тегін) және 0,30 гектарға дейін суарылатын жерлерде (оның ішінде 0,15 гектар тегін);
3) бау-бақша жүргізу үшін, сонымен қатар саяжай құрылысы үшін - 0,24 гектар (оның ішінде 0,12 гектар тегін)
2. Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкімдігінің "Азаматтардың жеке меншігіндегі және тауарлы ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін ұзақ мерзімді жер пайдалануда болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең үлкен) мөлшері туралы" 2002 жылғы 15 наурыздағы N 201-3С шешімінің күші жойылды деп саналсын (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімдегі нөмірі 1420).