Өмірзақ кентін "ауыл (село)" санатына жатқызу туралы

Маңғыстау облысы мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі N 16/289 шешімі және Маңғыстау облысы әкімінің 2006 жылғы 24 шілдедегі N 239 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінде 2006 жылғы 31 тамызда N 1954 тіркелді

Қолданыстағы

      Ақтау қалалық мәслихаты мен Ақтау қаласы әкімінің Өмірзақ кентін "ауыл (село)" санатына жатқызу туралы ұсынысын қарай отырып,  "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының  11-бабының 3-тармағына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ  және облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Өмірзақ кенті "ауыл (село)" санатына жатқызылсын.

      2. Осы шешім мен қаулы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                Облыс әкімі

      Облыстық мәслихат хатшысы