Бейнеу ауданының Ақжігіт селолық округінің құрамында Тәжен аулын құру туралы

Маңғыстау облысы мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі N 16/288 шешімі және Маңғыстау облысы әкімінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 188 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінде 2006 жылғы 28 тамызда N 1953 тіркелді

Қолданыстағы

      Ақжігіт селолық округінің құрамында Тәжен ауылын құру туралы Бейнеу аудандық мәслихатының шешімі мен Бейнеу ауданы әкімдігінің қаулысын қарай отырып және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының  11-бабы 3-тармағына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ  және облыс әкімдік  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. 2006 жылдың 1 қаңтарына 120 адам тұрғын санымен және 13000 га аумақпен, Бейнеу ауданының Ақжігіт селолық округінің құрамында батысында Ақжігіт селосымен, шығысында Өзбекстан Республикасымен, оңтүстігі мен солтүстігінде мемлекеттік жер қоры аумағымен шектесетін Тәжен ауылы құрылсын.

      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Сессия төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихат хатшысы