Сайөтес селолық округінің құрамына Боздақ селосын құру және оны Маңғыстау ауданы бойынша елді мекендер тізіміне енгізу туралы

Маңғыстау облысы мәслихатының 2006 жылғы 30 наурыздағы N 15/258 шешімі және Маңғыстау облысы әкімінің 2006 жылғы 3 наурыздағы N 80 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінде 2006 жылғы 2 мамырда N 1943 тіркелді

Қолданыстағы

      Маңғыстау аудандық мәслихаты мен Маңғыстау ауданы әкімиятының Сайөтес селолық округінің құрамына Боздақ селосын құру және оны Маңғыстау ауданы бойынша елді мекендер тізіміне енгізу туралы ұсынысын қарай отырып, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының  11-бабына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ  және облыс әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Сайөтес селолық округінің құрамына Боздақ селосы, 2006 жылдың 1 қаңтарына 314 адам халық санымен құрылсын және ол Маңғыстау ауданы бойынша елді мекендер тізіміне енгізілсін.

      2. Осы шешім мен қаулы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Сессия төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихат хатшысы