"Жер үсті көздерірінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы ХХVІІ сессиясының N 299 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 325 шешімі. Қызылорда облысы Әділет департаментінде 2007 жылғы 09 қаңтарда N 4170 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Салық  Кодексіне және 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексіне сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 30 маусымдағы ХХVII сессиясының N 299 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасында реттік нөмірі 3-жолдың төртінші бағанындағы "2,38" деген сан "2,0" санымен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және баспасөзде жариялауға жатады.

      Қызылорда облыстық
      мәслихаттың төрағасы