Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Зейнетақылары және әлеуметтік жәрдемақылары 12110 теңге деңгейінен аспайтын жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.02.21 N 40/390 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2008.03.12 N 7/61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
2. Әлеуметтік көмек мөлшері айына 900 теңге көлемінде белгіленсін. Төлемдер осы көмекке құқығы бар сәттен бастап төленсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.02.21 N 40/390 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2008.03.12 N 7/61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
3. Көлікте жүруге әлеуметтік көмек келесі азаматтарға тағайындалатындығы және төленетіндігі анықталсын:
зейнеткерлерге;
жұмыссыз 3 топ мүгедектеріне;
16 жасқа дейінгі мүгедек баларға;
зейнеткерлік жастағы асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушыларға.
4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Асылбекова С.С) жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындауды және төлеуді келесі құжаттар негізінде мезгілінде қамтамасыз етсін:
1) көмекті алушынының банктік қызметтерді жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар мекемелерде жеке шоты көрсетілген өтініш;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттары;
3) азаматтарды тіркеу кітапшасы;
4) еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек келісім шарты (зейнеткерлерден басқа);
5) зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі;
6) белгіленген нысандағы мүгедектігі туралы анықтама
7) жеке кәсіпкер ретінде тіркеу фактісінің жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.02.21 N 40/390 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2008.03.12 N 7/61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
5. Қаржы бөлімі (Адамова К.Қ.) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" 007 бағдарламасы бойынша көрсетілген қаражаттар есебінен әлеуметтік көмекті мезгілінде қаржыландырсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.К) жүктелсін.
Сессия төрағасы А. Омаров
Қалалық мәслихат хатшысы Л. Коробейникова
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Токушев Қ.А.
20 қантар 2006 жыл
Экономика және
бюджетті жоспарлау
бөлімінің бастығы Шлыкова З.С.
20 қаңтар 2006 жыл
Қаржы бөлімінің меңгерушісі Адамова К.Қ.
20 қаңтар 2006 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Асылбекова С.С.
20 қаңтар 2006 жыл