Жамбыл облысы Меркі ауданы Ново-Воскресеновка ауылдық округінің және Ново-Воскресеновка ауылының аттарын өзгерту туралы

Жамбыл облыстық әкімиятының 2006 жылғы 26 қазандағы N 270 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2006 жылғы 17 қарашадағы № 19-20 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 17 қарашада N 1651 тіркелді.

Қолданыстағы

      Меркі ауданының мәслихаты мен әкімиятының ұсыныстарын қарай келе, облыстық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі оңды ұйғарымын ескере және 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы " Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Жамбыл облысы Меркі ауданы Ново-Воскресеновка ауылдық округіне және Ново-Воскресеновка ауылына Андас батыр есімі берілсін.
       2. Осы нормативтік құқықтық акт Жамбыл облысының әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыстық мәслихат                          Облыс Әкімінің
      сессиясының төрағасы                       міндетін атқарушы
      O.Телеуов                                  А.Савченко
      
      Облыстық мәслихат хатшысы
      Ә.Әсілбеков